Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ҰБТ - ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері

10 сәуір 2014, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Көпшілік алдында сөйленетін сөз 11 - сынып оқушыларын ҰБТ - ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері

Сабақтың мақсаты: 11 - сынып оқушыларының қазақ тілінен ҰБТ – ға дайындық деңгейін көтеру, тест сұрақтарына жауап беру мәселелерін шешу және жоғары нәтижеге жету.
Білімділік: тест тапсырмаларын шеше отырып, оқушылардың өз білімін әрі теориялық жағынан, әрі практикалық жағынан білімділігін арттыру.
Дамытушылық: оқушының ойлау қабілетін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау, ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: ақын өлеңдерін жатқа айтқызып, оқушыларды қауымдасып жұмыс істеуге, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап әдісі, жинақтау, ұжымдық
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс т, ағылшын, музыка
Көрнекілігі: интертақта, таратпа тест парақшалары

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (1 - 2 мин)
II. Үй тапсырмасын сұрау.(6 - 8 мин)
«Үй тапсырмасын талдау» әдісі бойынша.
Үй тапсырмасы: нақты сөзге дайындық және күнделікті дайындық.
Тақырып - айтылар ойдың негізгі діңгегі. Ой бағыттары айтылатын сөздер мен көркемдегіш құралдар тақырыпты ашу мақсатына қызмет етуі керек.
1. Мақсатты айқындау дегеніміз не?
2. Сөйлеу, ойды жеткізу бағыттары дегенімізді қалай түсінесіңдер?
3. Әдебиеттерді қалай таңдаймыз?
4. Қалай сөйлеген жөн?
5. Шешендік сөздерден бір мысал келтіре кетейік.

Өткен сабақта үйге берілген тапсырма оқушылармен бірлесе талданады және бағаланады.

Жаңа сабақ
Кей сөздердің асыл шақпақ тасқа шаққандай боп әсем сөйлем ішінде ұшқындап, от төгіп тұратын шағы бар.

М. Әуезов.
Иә, көпшіліктің алдына шығып, сөз сөйлеуден тартынудың түрлі себептері бар. Сөздік қордың аздығы немесе көпшілік ортада өзін игере алмауы да мүмкін. Кім болса да сөйлейтін сөзін алдын ала жоспарлап алады. Шығарма жазар алдында да жоспар құрылады. Кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдері болады.
Ертедегі билердің өзі сөз саптауын қолға алып, әрбір сөзге тоқтау айтып отырған. «Түгел сөздің түбі бір, сөз атасы Майқы би» дейтін қанатты сөз арқылы атадан балаға үлгі болып келеді.
Сөз - халықтың қымбаттан қымбат кені.(Үш бидің суреті)
Енді осы 11 жыл бойы оқыған білімімізді саралап, одан әрі шыңдаймыз.
Орыс педагог - ғалымы А. Гин өзінің еңбегінде «Сабақ құрастырушысы» атты әдістемені пайдалана отырып, әдіс - тәсілдерді арнайы көрсеткен.

Осы тестті бірнеше әдістер арқылы жүргізіп көрейік.
«Бағдаршам» әдісі. Әр оқушы сабаққа немесе өз дайындығы туралы түрлі - түсті қалақшалар арқылы белгі береді.
«жасыл»- дайын, «сары»- күмәнді, «қызыл»- дайын емес.

Оқушыларға тапсырма беріледі. Тест түрлерін таратамын.
1. Жабық тест
2. Балама тест
3. Анықтау тест
4. Тіке жауап тест
5. Ашық тест
6. Сәйкестік тест
7. Толықтыру тест

Қалған оқушыларға тақырыптық тест сұрақтары таратылады.
25 сұрақтан құралған.
Оқушылар, мен бүгінгі сабағымды ақын ағамыз, Мұқағали Мақатаевтың
шығармашылығымен байланыстырғым келіп отыр.
9 ақпан ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күні.
(1931 - 1976ж. ж) (суреті)
Ол Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз аулында дүниеге
келген. Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Ол өлең боп өмір сүрді, өлең боп өмірден өтті.
Енді поэмадан алынған үзіндіге, яғни өлең шумақтарына морфологиялық талдау жасаймыз.

Мұқағали Мақатаев
Аққулар ұйықтағанда
(поэмадан үзінді)
... Оятып дүниені дел - сал қылып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып,
Сай - сайдан бошалаған бозала таң,
Таудағы тіршілікке ән салдырып,
Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып,
Бұлбұлға, дүниеге жар салдырып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып
Қасқа таң. Бұлбұл үні. Көл бетінде.
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле...

Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме жасалады.
о - дыбыстардың белгісі
□- дауысты дыбыс белгісі
▲- дауыссыз дыбыс белгісі
Мыс: Аққулар сөзінде 7 дыбыс бар, оның 3 - еуі дауысты, 4 - екі дауыссыз.
7 о=3─(2а, у) дауысты дыбыстар, себебі бұл дыбыстарды айтқанда,
өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа
еркін шығады.
4▲=(2 қ, л, р) дауыссыз дыбыстар, себебі бұл дыбыстарды айтқанда,
өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа
қысылып шығады.
а) Тілдің қатысына қарай
3□=2□(2а, у) тіл арты немесе жуан □
жіңішке □
1. Тіл арты немесе жуан дауыстыларды айтқанда, тілдің ұшы сәл кейін қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді.
2. тіл алды немесе жіңішке дауыстыларды айтқанда, тілдің ұшы сәл ілгері қарай созылып, үсті сәл төмендейді.
ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай
3□=2□(2а) ашық □
1□(у) қысаң □
1. Ашық дауыстыларды айтқанда, жақ кең ашылып, ауа еркін шығады.
2. Қысаң дауыстыларды айтқанда, жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.
б) Ерін мен езудің қатысына қарай
3□=1□(у) еріндік □
2□(2а) езулік □
1. Езулік дауыстыларды айтқанда, ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.
2. Еріндік дауыстыларды айтқанда, еріннің дөңгеленіп, алға қарай сүйірленуі арқылы жасалады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 128
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі.
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Зиғаева Сантөре Жәнібекқызы
Әдебиет шыңына апаратын соқпақ (Халық ауыз әдебиеті)
Әдебиет шыңына апаратын соқпақ (Халық ауыз әдебиеті)
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Аманкелді жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Алтынай Өміртайқызы
Қазақ тілі сабағында қолдануға тиімді тест түрлері
Қазақ тілі сабағында қолдануға тиімді тест түрлері
Оқушылардың білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі. Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×