Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері

24 ақпан 2019, Жексенбі
Тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Мақсаты. Оқыту: Ақынның өмірі мен шығармаларының мазмұны мен мағынасына талдау, әдеби - көркемдік ерекшеліктерін меңгерту, үзінділер жаттау, мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық: Қазақ әдебиеті бойынша білімдерін, тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорларын арттыру, ақын - жазушылардың еңбектерін талдау, мазмұны мен мағынасына түсінік беру.
Тәрбиелік: Туған елімізді, әдебиет - тарихын бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Жаңа материалды оқып, үйрену сабағы
Ұйымдастыру бөлімі
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
2. Үй тапсырмасы. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі қазақтың бас ақыны Абайдың, Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармалары туралы сұрақтар.

Абай.
1. Абай – дана, Абай – дара. (Қазақтың бас ақыны, қазақ әдебиетінің негізін салушы, аудармашы, философ, қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға, реформатор).
2. Абай еңбектерін оқып, тәлім - тәрбие алған Шығыс классиктері. (Низами, Сағди, Хожа Хафиз, Науаи, Физули, Фирдоуси т. б.).
3. Абайдың поэмаларын атап беріңіз. (Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі. Соңғысы «Мың бір түн» ертегісінен алынған, аяқталмай қалған поэмасы).
4. Абайдың «қара сөздері» немесе «Ғақлиясы». (Бұл өмірінің соңында жазылған туындылары. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Қара сөздердің жалпы саны – 45).
5. «Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде - бірі бұл кітапты жанап өте алмайды....» – деген қанатты сөздердің авторы және бұл сөз қазақ әдебиетіндегі қай шығармаға арналған. (Академик Қаныш Сәтбаев «Абай жолының» энциклопедиялық сипаты туралы).
Шәкәрім.
1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен еңбек жолы туралы түсінік беру. (Шәкәрім 1858 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абайдың ағасы Құдайбердінің баласы, бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Жеті жасқа келгенде әкесі Құдайберді қайтыс болады да, бала Шәкәрім атасы Құнанбайдың тәрбиесінде, ағасы Абайдың қамқорлығында болады).
2. Шәкәрім қандай тілдерді меңгерген. (Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін).
3. Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңінің мазмұнын түсіндіру. (Бұл өлеңде ақын өзінің ғибратты сөздерін бірінші кезекте жастарға арнайды. Жасөспірім замандастарын ескіден арылып, жаңамен жалғасуға үндейді. Ізгілік жолына түсудің, арамдық пен алдаудың, қулық пен сұмдықтың зиянын, білім мен ғылым үйренудің шексіз пайдасы туралы түсіндіреді. Сол арқылы өз заманының бейнесін жасайды. Өзіне де, өзгеге де Абайды жолбасшы, ақылшы көсем етіп ұсынады).
4. Ақын «Талап пен ақыл» деген өлеңінде:... Талапқа алты түрлі ноқта тақтық... – деп нелер туралы айтады. (Ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық). Сөздікпен жұмыс.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты үшін аталған сөздердің мағынасы талдау, түсіндіру.
5. Шәкәрімнің поэмаларын атаңыз. (Қалқаман - Мамыр, Еңлік - Кебек, Нартайлақ - Айсұлу бұл поэмалар қай - қайсысы да қазақ арасында ертеректе болған тарихи оқиғаларды арқау етеді. Бәрінің негізгі сюжеті ғашықтық төңірегіндегі оқиғалар туралы болғанымен, оларды тек қана махаббат трагедиясы деп қарауға болмайды. Шәкәрімнің поэмалары өзінің әлеуметтік, философиялық терең астарымен ерекшеленеді. Екі жастың басындағы жайды баяндай отырып, ақын одан әлдеқайда ауқымды тұжырым жасайды).

Үй тапсырмасына талдау, меңгерту, пысықтау. Сұрақ - жауап.
Абай, Шәкәрім шығармаларының өзара үндестігі.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты.
Шәкәрім лирикалық өлеңдерімен қатар, «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек», «Нартайлақ - Айсұлу» поэмаларын, көркем проза саласында бірнеше шағын әңгімелер, «Әділ - Мәрия» деп аталатын роман, Шығыс ақыны Физулидің шығармасы негізінде «Ләйлі - Мәжнүн» дастанын жазған. Орыс ақыны А. С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын өз өрнегімен аударып шыққан.
Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдері: «Дүние мен өмір», «Ақындарға», «Кәрілік туралы», «Адамдық борышың», «Еңлік - Кебек» дастаны.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
«А. Жұбанов атындағы орта мектебі» ММ - нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. А. Мирманов
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері жүктеу
6 856
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман - Мамыр» дастаны
Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасының мазмұны бойынша талдау жасайды. Поэма оқиғасы мен кейіпкерлеріне мінездеме береді. Поэманы оқып мазмұнын білу. Поэмада көрінген әдет - ғұрып туралы мәлімет беру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, «Адамдық борышың» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Жаз келер
Жаз келер
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Өлеңді оқыту арқылы жаз мезгілі жайлы білімдерін кеңейту, өлеңнің негізгі ойын ашу.
Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Шығамын тірі болсам адам болып...
Шығамын тірі болсам адам болып...
Ақтөбе қаласы, №31 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қоспанова Гүлзифа Дүйсембайқызы
АБАЙ - ДАРА, АБАЙ-ДАНА КАЗАКТА
АБАЙ - ДАРА, АБАЙ-ДАНА КАЗАКТА
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. (1845-1904) Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×