Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Синтаксистік қатынастар

28 қараша 2013, Бейсенбі
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Синтаксистік қатынастар (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Синтаксистік қатынастың түрлерін жаттығу, ереже арқылы меңгерту
Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдік стильдерін дамыту, ойлау өрістері мен дүниетанымдық көзқарас шеңберлерін кеңейту. Шығармашылық іскерліктерін арттыру.
Тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге, адамгершіліктерге баулу. Жақсы оқып, үлгілі, білімді болуға, достықта адал болуға шақыру.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім меңгерту
Сабақ кезеңдері:
1. Білемін бөлімі
2. Зерттей аламын
3. Білгім келеді
4. Білдім бөлімі

I. “Білемін” бөлімінде:
Өткен тақырыптарға шолу сұрақтар мен деңгейлік тапсырмалар болады.
Қайталау сұрақтары:
Қазақ тілінің қай саласын өтіп жатырмыз?
Синтаксиис нені зерттейді?
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата!
Сөз тіркесінің түрлерін ата!
Сөз тіркесі бола алмайтындар!
Олардың бір - бірінен айырмашылығын ата!
Сөз тіркесінің лексикалық - грамматикалық мағынасын ата!
Сөздердің байланысу тәсілдерін ата!
Сөздердің байланысу түрлерін ата!

Деңгейлік тапсырмалар:
I – деңгейге: Синтаксистік қатынастарды тауып талдау.
II – деңгейге: Жанасу, қабысу, меңгеруді тапқызып талдау.
III – деңгейге: Матасуды табу.
Шоң жолшыбай Баянауылға соқты. Потанин биді көк көзі күлімдеп қарсы алды. Амандықтан соң Шоң төңірегіне көз салды. Былтырғыдан гөрі құрылысқа елеулі ештеңе қосыла қоймағандай. Екі үйдің іргесі көтеріліпті. Олардың қатарынан бес - алты адам тағы жер қазып жатыр. Биіктігі алтыбақандай төрт аяқты тұғырлар үстінде бөренені тақтайға тіліп жатыр. Анадай жердегі қалқан астында сүргіленген тақтайларды жеке қалап қойыпты.

II. “Зерттей аламын”.
III. “Білгім келеді” бөлімінде:
Тест сұрақтары.
Венн диаграммасы
Тест сұрақтары:
Етістіктің тіркесін тап.
A) Жақсының ашуы. C) Жаманның ашуы
B) Басы жеткенше D) Жаманның басы
2. Тұрақты сөз тіркесін тап:
A) Дархан дала C) Мұзға отырғызып кету
B) Ғұмырнама D) Кедей - кепшік
3. Толықтауыштық қатынасты тап.
Пайда ойлама – ар ойла. C) Тағы да келді.
Өзің үшін үйрен D) Түс ауа қозғалды.
4. Қандай байланыс түрі: Мен естідім.
A) Матасу C) Қиысу
B) Жанасу D) Меңгеру
5. Меңгеруді тап:
A) Сынға түсті C) Аман келді
B) Біздің өлке D) Кең дала
6. Байланыс түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?
A) Тоғыз адам – қабысу C) Оқуға лайық – меңгеру
B) Кең бөлме – жанасу D) Алатаудың Жамбылы - матасу
7. Берілген ретінде қарай сөз тіркестерінің байланысу түрін анықта: Ағаштың бұтағы, хат алу, қалың орман.
A) Матасу, қабысу, жанасу C) Қабысу, меңгеру, жанасу
B) Меңгеру, қиысу, қабысу D) Матасу, меңгеру, қабысу
8. Есімді тіркесті тап.
А) Үлкен үй. C) Тағы да келді.
В) Он шақты. D) Онға жуық.
9. Анықтауыштық қатынасты тап.
A) Асығып сөйледі C) Бұлардың жағдайлары
B) Балуанмен күресті D) Ғалымнан басқа
10. Пысықтауыштық қатынасты тап.
A) Жаман әдет C) Қатты қағаз
B) Жақтырмай қарау D) Жылқыны бағу.

Э. Венн диаграммасы
♦ Ұқсастығы
♦ Синтаксистік қатынас
♦ Байланысу түрлері

IV. “Білдім” бөлімінде:
I. Сөз тіркестерін жаз.
II. Жаттығулар:
1. Түрлері
2. Синтаксистік қатынас түрлері
3. Сөздердің байланысу түрлері

I. Сөз тіркестерін жаз.
I қатар --------------------------------- II қатар ----------------------------------- III қатар
“Ойлан” ------------------------------“Тап” --------------------------------------“Ізден”
1. Зат есім+зат есім -------------- 1. Есімдік+зат есім --------------------- 1. Үстеу+етістік
2. Сын есім+зат есім ------------- 2. Септеулік шылау + етістік -------- 2. Сын есім + етістік
3. Сан есім+зат есім ------------- 3. Зат есім+етістік ---------------------- 3. Сан есім + етістік

II. Жаттығулар. 1. Түрлері.
№----- Мысалдар ----------- Сөз тіркесі -------- Тұрақты тіркестер ------- Күрделі сөздер
1. Қара торы.
2. Кетіп қалды.
3. Үйде қалды.
4. Сары ала қой.
5. Жұмған аузын ашпау.
6. Он сегіз.
7. Жетпіс жыл.
8. Асығып - үсігіп келді.

2. Синтаксистік қатынас түрлері.
№ Сөз тіркесі -- Анықтауыштық қатынас -- Толықтауыштық қатынас -- Пысықтауыштық қатынасс
1. Ажардың анасы.
2. Шеберлікке үйрену.
3. Ақша бұлт.
4. Ертемен тұру.
5. Қаладан келді.
6. Сексен метр.
7. Балаларға айттым.
8. Гүрілдеген трактор.
9. Орманға жақындау.
10. Екеуміздің жолымыз.

3. Сөздердің байланысу түрлері.
№ Мысалдар ------------------ Қиысу ------ Матасу ---- Меңгеру ---- Қабысу ---- Жанасу
1. Алғашқы ойлар.
2. Қашықтық еңбегі.
3. Уақыттан озған.
4. Сендер сөйлеңдер.
5. Былтыр тапсырды.
6. Әлсін құлақ түреді.
7. Білгенге маржан.
8. Екі дос.
9. Біздің ауыл.
10. Сен таныссың.

Баланың әкесі. Қандай тіркес?
Меңгерудегі жоқ септік.
Пысықтауыштық және толықтауыштық қатынас ұқсастығы.
Бағыныңқы сыңарға сұрақ қой: менде бар?
Сөздің мағынасын зерттейтін сала.
Жіктік жалғауының 2 - ші жағы.
Үйге тапсырма: “Сүйікті пәнім” әңгіме жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 349
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Синтаксис Сөз тіркесі
Синтаксис Сөз тіркесі
Толық мағыналы кемінде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атаймыз.
Сөз тіркесі туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Сөз тіркесі туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)
Сөйлем ішінде танылады, өйткені сөздердің байланысы сөйлем ішінде анықталады. Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады.
Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар
Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар
Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Қабдығалиева Майра Әбілхасымқызы
Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар
Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар
Орал қаласы, №14 орта жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акбулатова Лунара Тулегеновна
Матасу
Матасу
Сөздердің байланысу түрлері ● Түрі: Қиысу Ережесі: Сөздердің жіктік жалғауы арқылы байланысуы. Немесе бастауыш пен баяндауыштың байланысуы
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздердің байланысу тәсілдері
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, «№1 орта мектеп» ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алькенова Гүлмира Төлегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×