Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің септелуі

26 сәуір 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы теориялық мағлұмат алады.
Сабақтың міндеттері:
1. Мазмұнға байланысты міндет:
Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысатынын ұғынады.
2. СТО - ға байланысты міндеттер:
а) Оқушының зат есімнің септелуі туралы түсінігі қалыптасады.
ә) Оқулықпен жұмыс жасай отырып теориялық білімін жаттығу - талдау жұмыстары арқылы бекітеді. Ойларын жинақтайды, шығармашылық жұмыс атқарады.
б) Топтық міндет: бірлесе отырып, жұмыс істеуге, пікірін дәлелдеуге үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі: Зат есімнің септелуіне байланысты сызба
Стратегиялар:"Суретпен жұмыс"стратегиясы,"Топтастыру", Венн диаграммасы
Бағалау: Парақшалар арқылы, жаттығу - талдау жұмыстары, мәтіндерді мазмұндау арқылы бағаланады.
І. Қызығушылықты ояту.
а)"Суретпен жұмыс"стратегиясы
Сынып оқушыларын үш топқа бөлеміз. Топтарға сурет беріледі, сурет бойынша мәтін құрастырады.(1оқушы оқиды. 2оқушы жазады, тәуелдейді)
ә) Тәуелділік жалғауы туралы сұрау
б) бала, бөлме, ұстаз сөздерін тәуелдеу.
оңаша тәуелдеу ортақ тәуелдеу
І. Менің балам Біздің баламыз
ІІ. Сенің балаң Сендердің балаң
Сіздің балаңыз Сіздердің балаңыз
ІІІ. Оның баласы Олардың баласы
38 - жаттығу.
ІІ. Мағынаны тану.
Оқушылар тілімізде неше жалғау бар?(көптік, тәуелдік, жіктік, септік)
Септік туралы не білеміз?(өткен сыныптардағы септік туралы білетіндерін сұрау) Оқушылар топтастырады.
Жаңа сабақ баяндалады.
1. Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланыстырады. Септік жалғаулары сөзге буын үндестігі мен ілгерінді ықпал заңдары бойынша жалғанып, әр септік жалғауы сол сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді. Тек көмектес септік жалғауы ғана буын үндестігіне бағынбайды.
Зат есім, көптік, тәуелдік жалғауы тұлғада тұрып септеле береді.
А. көл гүлдер
І. көл+дің гүлдер+дің
Б. көл+ге гүлдерге
Т. көл+ді гүлдерді
Ж. көл+де гүлдер+де
Ш. көл+ден гүлдер+ден
К. көл+мен гүлдер+мен
Жай септеу Тәуелді септеу
А. кітап кітабым
І. кітап+тың кітабым+ның
Б. кітап+қа кітабым+а
Ж. кітап+ты кітабым+ды
Ш. кітап+тан кітабым+нан
К. кітап+пен кітабым+мен
2. Септіктердің сұрақтары мен жалғаулары(сызба бойынша баяндалады)
3. Орхон - Енисей ескерткішіндегі септік жалғау
ІІІ. Кітаппен жұмыс
ІҮ."Жазу және нобайлау"стратегиясы
3топқа 3сөз беріп, сол сөздерден бірнеше сөз шығару.
Ү. Сабақты қорытындылау
ҮІІ. Үйге тапсырма; 45 - жаттығу
ҮІІІ. Бағалау
6 928
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табыс септік
Табыс септік
Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі мен зат есімді қайталау Өз білімін тәжірибеде қолданады;
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгереді, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйренеді.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Оқушыларға зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, септік жалғауларымен таныстыру, олардың сұрақтарын меңгерту;
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Пирманова Гульжамила Альзакқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×