Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің септелуі

28 сәуір 2014, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Сабақтың білімділік мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларының белгілі бір грамматикалық мағына үстейтіндігін меңгерту.
дамытушылық мақсаты: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;
тәрбиелік мақсаты: адамгершілік тәрбие беру, таза, әдемі жазуға баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: баяндау, пікірлесу, түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Сыныпты түгендеу.
3. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі – туған тіліміз – қазақ тілі сабағы.
- Ендеше, өткен тақырыпты еске түсіріп, үй тапсырмасына көз жүгіртейік.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а) сұрақ - жауап
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есім қалай түрленеді?
3. Зат есімнің көптелуі деген не?
ә) 1. 21 - жаттығу. Көп нүкте қойылған орындардың қажетті деген жеріне көптік жалғауларының тиістісін қойып жазып, қандай үндестік заңына бағынып жалғанғанын түсіндіріңдер.
2.
3. Жаңа сабақ
Сонымен балалар, өткен сабақта зат есімнің көптелуімен таныссақ, бүгін келесі бір түрленуімен танысамыз. Оны білу үшін, тақтадағы сөзжұмбаққа назар аударайық.
С ө з
ж Е р і н д е
т а л а П
а Т
б Е р е к е
е Л д е
о қ У
б е с І к
1. Көп... – күміс,
Аз... – алтын.
2. Ер елінде, гүл....
3.... – талмас қанат.
4. Ер қанаты -...
5. Еңбек түбі -...
6. Естімеген... көп.
7.... – білім бұлағы.
8. Ел іші – алтын....
«Зат есімнің септелуі» (Мақсаты айтылады).
Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес - өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары бар екендігін сендер бастауыш сыныпта танысқан едіңдер. Соларды еске түсіріп көрейік.
Ілік септігі – сөздердің бір – бірімен іліктестігін көрсетеді.
Мысалы, кімнің кітабы? Асанның кітабы.
Барыс септігі – бару деген мағынаны білдіреді.
Мысалы, кімге бардың? Асанға бардым.
Табыс септігі – табу деген ұғымды білдіреді.
Мысалы, кімді көрдің? Асанды көрдім.
Жатыс септігі – орын, мекен дегенді білдіреді.
Мысалы, қайда болдың? Мектепте болдым.
Шығыс септігі – шығу деген мағынаны білдіреді.
Мысалы, неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.
Көмектес септігі – жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді.
Мысалы, кіммен таныстың? Асанмен таныстым.
Зат есімнің септік жалғаулары
Септіктердің аты Сұрақтары Септік жалғаулары
Атау септік Кім? не?
Ілік септік Кімнің? Ненің? - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? - ға, - ге, - қа, - ке
Табыс септік Кімді? Нені? - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті
Жатыс септік Кімде? Неде? - да, - де, - та, - те
Шығыс септік Кімнен? Неден? - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
Көмектес септік Кіммен? Немен? - мен, - бен, - пен
Сонымен септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде она басқа сөздермен байланысқа түсіреді.
Тәуелденген зат есімнің септелуін жай септеумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс септіктерінде айырмашылық бар.
Септіктер Тәу. жалғаудың І, ІІ жақтарынан кейін Тәу. жалғаудың ІІІ жағынан кейін
Атау септік
Ілік септік - ның,- нің - ның,- нің
Барыс септік - а,- е - на,- не
Табыс септік - ды,- ді - н
Жатыс септік - да,- де - нда,- нде
Шығыс септік - нан,- нен - нан,- нен
Көмектес септік - мен - мен
Оқулықпен жұмыс
Мәтінмен жұмыс.
39 - жаттығу.
Тапсырма. Өлең мәтінін рөлге бөліп оқу. Әр септіктің сұрақтары мен жалғауларын естеріңе түсіріңдер.
Тақтамен жұмыс
43 - жаттығу.
Тапсырма: Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңіздер де, ол жалғаудың неліктен түрліше болғанын түсіндіріңіздер.
«Септеу эстафетасы» ойыны.
Шарты: Тақтаға үш қатардан үш оқушы шығып, берілген зат есімді септейді. Қайсысы бұрын аяқтаса, қатесіз орындаса, жеңімпаз болады. Септіктердің орны ауысып кетпеу және жалғаулары дұрыс жалғануы керек.
Отан, баласы, әжесі, ата, ел.
Терме диктант
Мақал - мәтелдерден септелген зат есімдерді теріп жазады.
1. Жігітке өлең де өнер,
Өнер де өнер.
2. Шешендіктің күші – шындықта.
3. Ердің атын еңбек шығарады.
4. Тау таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі.
5. Қыз өссе, елдің көркі,
Гүл өссе, жердің көркі.
6. Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Семантикалық карта. Дұрыс жауапқа «+» белгісін қоямыз.
--------------------------------Септіктер
Сөздер -----------Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес
Домбыраның
Қаламмен
Гүлді
Тілден
Сөзде
Балаға
Кітапты
Мектеп
Ұстазбен
Шаңқобызды
Оқушыға
Шығармашылық жұмыс.
1. Оқушылардың өздері жұмбақ құрастырып, соның ішінен септік жалғауы жалғанған сөздерді табады. Сұрақ қояды.
2. Жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың өздеріне 5 жолды өлең шығарту.
3. «Тілім менің - тірлігімнің айғағы». Бес минуттық эссе жазу.
Деңгейлік тапсырмалар
1. Мәтіндегі зат есімдердің астын сыз.
«Жығылғанға жұдырық» дегендей, кедейлікке кәрілік қосылады. Кәрілік тұсау, кедейлік бұғау болыпты. Қарт шешен қанатсыз қыранша отырып қалыпты. Алайда ағайындарының емен - жарқын көмегіне сүйенген ол аштан өліп, көштен қалмапты. («Шешендік сөздер» кітабынан)
2. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қой.
Сандыбай қарға... тұзын екі қолы... ұстап, айна... қарағандай жымиып отыр. Бойында әдет пен әдепке сыя бермейтін мінез... болғандықтан, жынды Бижан атанған адам. (Ғ. Мүсірепов)
3. Мәтіннен көптік, септік жалғауларының астын сыз және түрін ажырат
Шеткі үйлерден қымызға жүгіретін Тезекбай, Терлікбайлар үйлерінің қасында солбырайып тұр. Сабаның даусы шықпайды. Көрінгенмен құрдас болып, арсалаңдап жүретін. Дүрмағанбеттің де иығы түсіп кетіпті. Қолында жүгені, жылқы жаққа бара жатыр. (Ж. Аймауытов)
4. Бекіту
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы бойынша «екі жақты күнделік» стратегиясымен жұмыс.
Үш қатарға үш түрлі - түсті қағазға жазылған өлең үзінділері беріледі. Өлеңді оқып, кімнің өлеңі, қандай өлеңнен алынған және соған сәйкес мақал – мәтелдер жазады, зат есімдерді табады.
1. Өлеңдер.
І қатар (қызыл түсті қағаз)
Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым,
Тұнығынан жүзіп іштім сендегі
Алтын арай таңғы жұпар самалдың.
(«Туған жер» Ә. Сәрсенбаев)
ІІ қатар (сары түсті қағаз)
Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
(«Шығамын тірі болсам, адам болып» С. Торайғыров)
ІІІ қатар (жасыл түсті қағаз)
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
(«Қазақ тілі» М. Жұмабаев)
2. Мақал – мәтелдер.
І қатар.
Туған жер – алтын бесік.
ІІ қатар.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
ІІІ қатар.
Ең тәтті де, ащы да – тіл.
Тест сұрақтарына жауап беру
1. « Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап
А) А. с. С) Б. с.
В) І. с. Д) Ж. с.
2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
А) Оқушы С) Оқушының
В) Оқушыға Д) Оқушыда
3. Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) – ны,- ні,- қы,- кі,- ғы,- кі. С) - ны,- ні,- ды,- ді,- ты,- ті
В) – ны,- ні,- шы,- ші,- ды,- ді Д) - нан,- нен,- тан,- тен,- дан,- ден
4. Барыс септігінің сұрағын белгіле
А) кімге? неге? қайда? С) кімге? кімді? нені?
В) кімдерге? Кімді? нені? Д) кіммен? немен?
5. Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле
А) көктемде С) мектеппен
В) далаға Д) ауылдан
6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз
А) Сабаққа С) Сабақты
В) Сабақтан Д) Сабақпен
7. Көмектес септігінің сұрақтарын ата
А) кімде? неде? С) кімнен? неден?
В) кімге? неге? Д) кіммен? немен?
8. Сөздерді дұрыс септікке орналастыр.
Атау септік Ілік септік Барыс септік Табыс септік
Жатыс септік Шығыс септік Көмектес септік
Текемет, көмірдің, суға, ұшақты, далада, жаңбырдан, алаша, балғаның, дүкенге, кітапты, қыста, аспаннан, арамен, театрға, шеңберді, оқушымен, отпен, сабақты.

5. Үйге тапсырма
1. Зат есімнің септелуі.
2. 32 - жаттығу.
3. Құрамында сын қатысқан 5 мақал тауып жазу.
6. Бағалау: Бағаларын журналға, күнделікке қойып беру.
Мұғалім қорытынды сөзі:
Жеміске құты тола ма?
Бір - бірлеп теріп алмасаң.
Әп - сәтте өсе қоя ма?
Еккен дәнін ойласаң.
Білімде сондай қарағым.
Біртіндеп сіңер бойыңа.
Ұғып ал, білім боларын,
Шам - шырағың жолыңда,– деп сабағымды қорытындылаймын.
23 746
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөл отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгеру. Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, белсенділігін арттыру, ойлау жүйесін дамыту.
Шығыс септік
Шығыс септік
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сапарбаева Сәуле Серикбаевна
Септіктер
Септіктер
ШҚО. Семей қаласы. №11 орта мектеп Рахметова Құралай Болатбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×