Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етіктіктің райларын қайталау

28 сәуір 2014, Дүйсенбі
Білім беру сапасын жақсартудың бірден бір жолы – жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.
Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.
Білім беру сапасын жақсартудың бірден бір жолы – жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.
Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.
Бүгінгі таңда озат педагог - ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті.
Қазақстанда да қазақстандық мектептер үшін оқыту технологияларын дайындау мәселесімен айналысып, ғылыммен практиканы қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз баршылық.

Осындай технологиялардың бірі - Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы. Технология дегеніміз - белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы, оқу үрдісін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын - ала ойластырылған ықпал мен әсер.
Сонымен бірге оқу үрдісін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы және білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің сипаттамасы.
Соңғы жылдары кеңінен пайдаланып жүрген технологиялардың бірі - Ж. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі»педагогикалық технологиясы. Бұл технологияның мазмұнын, ерекшеліктерін түсіну үшін, дәстүрлі оқытумен салыстырайық.
Егер дәстүрлі оқытуда оқу - тәрбие үрдісінде басыңқы рөл мұғалімде болса, қазір белсенді қызметті оқушы атқарады, оны оқытпайды, ол өзі оқиды.
Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты берген, оқушы тек тыңдап, ақпаратты қабылдап отырған.
Сабаққа көбінесе тиімсіз әдістер қолданылған (лекция, сұрақ - жауап, жаттығулар орындауы. б) Қазіргі кезде оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді. Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады.(жағдаятты шешу, балаға ой тастау»Миға шабуыл» дебаттар т. б.) Мұғалім сабақта басқарушылық міндет атқарады, оқушыға бағыт - бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілді әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға бөледі. Оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады (ойдың дамуы, тіл мәдениеті дербестік, ынталылығы, жауапкершілігі т. б.) Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырылады. Оқушыға өзін - өзі бағалауға мүмкіндік беріледі. Бұл технологияда жеке және топтық оқытудың түрлері негізгі болып табылады.

Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Мұндай топта оқушы өз даралығын жоғалтпайды. Қажетті жағдайда оқушылар бір - бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді т. б. Бұл жағдайда әр бір оқушы тек өзінің жетістіктерін бағалап немесе кемшілігін түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ететінін көре алады. Жеке оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді. Оқытудың бұл түрлерінің негізгі - оқушыға сенімділік, өзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар - намыс және өзін - өзі сыйлау қасиеттерін ынталандыру.
Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы - оқушының туа біткен ақыл - ой қабілетінің жеке даму жан - жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Деңгейлеп оқыту барысында оқушылардың есте сақтау қабілеті жақсарып, өз эмоциясын өзі басқара білетін, қабылдауының күшеюі, зейінінің тұрақтылығы, ойлауы дамитыны анық байқалады.
Бұл технологияның артықшылығы: оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында өз ойларын еркін әрі кең түрде жеткізе біледі, олардың әдеби тілде сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. Сонымен қатар ғылыми ізденіс жұмыстарына баулиды.

Етістіктің райларынан өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларынан өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Бағдарламалық материалдарды меңгеру деңгейін бақылау, оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту.
2. Дамытушылық: Ойлау, қабылдау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке, өз білімін бағалай білуге, мәдениеттілікке, ананы қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдіс – тәсілі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карталар, оқулық,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Өткен тақырыпты қайталау. Мақалдардың мәнін ашу.
1. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
2. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Оқушыларды 2 топқа бөлеміз.
ІІІ. «Біліміңді байқап көр» сайысы оқушылардың білімін тексеру.
1. Етістіктің райлары дегеніміз не?
2. Етістіктің райлары мен шақтарының арасында қандай ұқсастық пен өзгешілік бар?
3. Етістіктің райларының қандай түрлері бар?
4. Ашық рай нені білдіреді, қалай жасалады?
5. Бұйрық рай дегеніміз не, қалай жасалады?
6. Шартты рай дегеніміз не, қалай жасалады?
7. Қалау рай дегеніміз не?
8. Қалау райдың қандай жасалу жолдары бар?
IV. Оқулықпен жұмыс. (Тақтада және дәптерде орындау)
Болатын – ашық рай, ауыспалы өткен шақ,
Көрінеді – ашық рай, ауыспалы осы шақ.
V. Мәнерлеп оқу. «Поэзия минуты».
Ф. Оңғарсынованың ана тақырыбындағы өлеңін (179 - жаттығу) оқушыларға мәнерлеп оқыту. Өлең кім туралы? Авторы кім? Ақынның басқа қандай өлеңдерін білеміз? Өлеңнен бұйрық рай, қалау рай, ашық райда тұрған етістіктерді табу.
Ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын талдату,
Бұйрық рай: тыңда
Қалау рай: салғың келеді, айтқың келеді.
Ашық рай: еккен, түлеткен, күл еткен, тұрған, сарқылмайтын (бұрынғы өткен шақ).
VI. Салыстыру: «Венн диаграммасы»
Қалау рай Ашық рай
Бұйрық рай Шартты рай

VII. Әр райға байланысты мақал - мәтел, нақыл сөздер жарысы.
Мысалы: Адамды түсіне қарап таныма, ісіне қарап таны.
Не ексең соны орарсың.
Мезгілі жетсе, мұз ерір
Көп іздеген адам көмбенің үстінен шығар.
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисе игі еді,
Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисе игі еді.
VIIІ. Деңгейлік тапсырмалар
1 – деңгей: Ойлан, тап. «Сәйкестік тесті»
Ойнады тұйық етістік
бара жатыр есімше
кесіп осы шақ
сұраған өткен шақ
байлау көсемше
қатыспақ келер шақ

2 – деңгей: «Кім жылдам» Семантикалық карталарды толтыру

Етістік -------Ашық рай --------Қалау рай --------Бұйрық рай ----------Шартты рай
Оқы
Жаз
Тыңда
Айт
Күре
3 - деңгей: Мақалдардағы етістік райларын анықта.
1. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
2. Мың жүйрік арасында бір тұлпар шығады алға.
Түс – бұйрық рай, ІІ жақ, жекеше, қалыпты.
Шығады – ашық рай, ауыспалы осы шақ, ІІІ шақ.
4 – деңгей: «Тез тап» Сөзжұмбақ шешу

1. Ағаш түрі
2. Әкеңнің әкесі
3. Ұлттық әшекей бұйым
4. Қалыңдықтың бас киімі
5. Пәннің аты
6. Көрнекті ақын
7. Есікті ашатын құрал
ә) Семантикалық картаны толтыру. Өздік жұмыс.

Сабақты бекіту: «Топтастыру» Бүгінгі сабақта нені қайталадық? Етістік райларының неше түрі бар?
Оқушылардың білімін бағалау:
Үйге тапсырма: 180 - жаттығу. «Бақыт» тақырыбына ойтолғау жазу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 895
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!
Келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болсын!
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты әдістерін түрлендіріп, баланың жүрегіне жол таба білуі.
Менің педагогикалық мамандығым
Менің педагогикалық мамандығым
Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе.
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану - білім сапасын арттырудың негізгі шарты
Астана қаласы, №64 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Арпабаева Баян Габбасовна
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×