Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шәкәрім-философ

23 тамыз 2012, Бейсенбі
Жұмабекқызы С.Ж.
ШҚО облысы., Абай ауданы, Саржал ауылы
«Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ халқында белгілі философиялық дәстүр қалыптасқан тарихи данышпандыққа баулу мектебі болмаған. Ең алғаш осындай мектептің есігін ашып, арнаулы дүниетанымдық еңбек қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы болды. Шәкәрімге арнайы философиялық еңбек жазу оңайға түспегенін байқатады. Шәкәрім ғылыми табыстарына сүйене отырып, молдалардың жаратылыс ғылымдарынан мүлдем хабарсыз, дүмше екендігін айтып сынайды.

Діннің мәдени дәрежеде жүргізілгенін қалайды. Шәкәрім бұл еңбегін жазғанда бүкіл батыс Еуропа, Шығыс елдері, ғалымдарының, философтарының еңбектерін кеңінен зерттейді, түрлі ойлар қозғайды, басқаның жетегінде де кетпейді, өздігінен сүрлеу іздейді. Ол жөнінде Шәкәрім: «Осы кітаптың аяқ жағында менің қай қорытындым болса да, көбісі Еуропа ғалымдарының таласты сөздері болды. Оның ішіндегі өз ойым қабылдағынын алып отырмын. Өз білімімше, сыңар езу болғаным жоқ деп өзіме сенемін», - деп жазады.

Кітап бастамасынды Шәкәрім тіршілік туралы зиялы қауым арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі пікір, көзқарас бар екенін айтады: «Бірі дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннне соң ол да тіршілікке тіпті, ұқсамайтын біртүрлі өмір бар». Екіншісі, «Әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ» деген философиялық қорытындыға келді. Осы екі пікірдің қайсысы дұрыс, соны біліп алу үшін әртүрлі дінгерлер мен ғалымдардың пікірінен хабардар болу керек, деп тұжырымдайды.

Одан соң, қай бір нәрсе болсын адам қашанда оны жаратушы не деп оны іздеп әркім әртүрлі ой жүргізген дей келіп, ерте замандарда өмір сүрген ойшылар жаратушы осы деп күн, от, ағаш, тас сияқтыларға табынған, деп тұжырымдайды. Сондай- ақ бақсы, жәдігей, дуанаға сенген, ал ғалым, - дейді Шәкәрім, - жаратқан ие жоқ, өлгеннен соң өмірде жоқ деген жолдың түбіне түсе келіп, дүниенің пайда болуын жаратылыстың заңынан, - деген қорытындыға келеді. Мәселен, дүниенің негізгі төрт нәрсе деп түсіну: от, су, топырақ, ауа. Ал тағы басқалар деп төрт нәрсенің әрқайсысын жеке алып, олардың ішінде көзге көрінбейтін де бөлшектері бар екенін айтады: бұл жөнінде автор былай деп жазы. «Әр дененің көзге ілінбейтін кішкентай тараулардан қосылып жаралғанын тауып. Ол кішкентайды қанша ұсақтаса да ақырында, тіпті, бөлуге келмейтін болады».

Бұл Шәкәрімнің сол кездегі алдыңғы қатарлы ғылыми тұжырымдарға сүйенгенін көрсетеді. Екінші дәлелі «жаратылыс жолы». Ол да дүние өздігінен жаралғанын, «Біліп жаратушы ие бекер сөз», «жаралғандардың өзінен бөлек нәрсе емес» деген тұжырым жасап, бұлардың бәрі бір заңдылыққа бағынатынын айтады. «Ол заң өсіп - өнуге, жоғарлауға ұмтылып, ең жақсысын сайлап алады» деп тұжырым жасайды. Сөйтіп, Шәкәрім табиғатта ең бейімделген, ең күшті құбылыстардың, заттардың дамитынын уағыздайды. Үшінші дәлел: «Тұқымдастық жол».

Мұнда автор түрлі заттар, түрлер бірден пайда болған жоқ, олар ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі екендігіне тоқталады. Мәселен, «құрлықтағы хайуандар, адамдар, өсімдіктен, құстар - бәрі теңізден туған» дей келіп, алғашқы тіршілік теңіздің жылы суынан пайда болғанын мойындайды. Сондықтан да Шәкәрім «бұларды бөлек – бөлек ие жаратқан ие жоқ деген қорытындыға келеді». Төртінші дәлел: «Дене сезімі». «Біз әр нәрсені денедегі сезімімізбен білеміз» деп ол белгілі ғылыми танымды жақтайды. Былайша айтқанда, көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, мұрынмен иіскеп, тілмен дәмін танып дүниені танып білуге болады деген ғылыми қағиданы берік ұстайды.
«Егер біліп жаратушы ие бар болса, бұл жаратылыс себептерінің түк керегі жоқ болар еді», - деп нақты, біржақты пікір айтады. Құдырет бар болған болса ғана білімнің бәрі бізде өздігінен болар еді, ал олай болмаған соң, «біліп жаратушының бар дейді», - деген тоқтамаға келеді. Ақырында, бесінші дәлел «Әртүрлілік дүниедегі ағаш - өсімдіктер хайуандар адамдар, су, от сияқты бірінен бірі тіпті ұқсамайтын заттар бар » - дейді автор. Ал енді «бұл нені көрсетеді?» деген өзінен - өзі заңды сұрақ қоя отырып, «Бұл әр нәрсе қалай болса, солай кезі келгендіктен себебіне қарай жатыр» деп тұжырымдайды. Бұл келтірілген тұжырымдар XIX ғасырда кең тараған деген тоқтамға келіп, ол XX ғасыр басында ғылымда жаңа тұжырымдар пайда болғанын айтады. Енді Шәкәрім басқа ой қорытындысына келеді. Ол - материалистік тұрғыдан ауытқып, болмыстыққа сенеді.

Шәкәрімнің философиялық концепциясының қорытындысы, жұртына ұсынар теориясы, бірнешеден ойшылдың дәстүрлі әдіспен үйреншікті жолды қалайтындығы. Дүние негізіне тіршілік, имандылық, адамшылық өлшемі бір тау - өрісі антикалық пифагористерге, бір ісі ортағасырлық Шығыс және Орта Азия аймақтарына тән құбылыс. Мысалы, Баласағұн: «Кісіге екі дүниеде пайдалы үш нәрсе ізгі іс (мінезі түзулік), ұят, әділдік және үш пайдасыз нәрсе бар: жауыздық, жалғандық, сараңдық» десе, Абай: «Қасиетті адам бойында үш нәрсе қатар сақталуға тиіс, ол - ақыл, қайрат, жүрек» немесе «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі - надандақ, екінші - еріншектік, үшінші-залымдық деп білемін» дейді.

Екіншіден бақытты, қоғамға жетудің кілті әлеуметтік реформада немесе ағартуда (Шоқан, Ыбарай), тарих – жақсылық пен зұлымдықтың, ағартушылық пен надандықтың күресі деп сенген өкілдерден Шәкәрім ілімінің тереңдігі де осында. Адамды өз мақсатына жету үшін сыртқы қозғушы күштерге емес, өз жанына үңілдіру, жан тілегін тыңдату - өмірінің екінші жартысында Мекке барып, қажы болған Шәкәрімнің бастауын сонау неоплатонизмнің тәңірілік эманация теориясы мен үнді буддистік медитация, христиандық аскетизмнен алатын суфизмді қабылдағанын, мойындағанын көрсетеді. Көсемдері әл-Басри, әл-Мұхазити, әл-Халлай болып табылатын Исламның бұл бағыты Құдайды өзінен іздеу, оған деген сүйіспеншілікті арттыруды және өзін Жаратушының еркіне бағындыра отырып, өзін Алланың құралына айналдыруды уағыздайды.
4 500
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері. Ақынның өмірі мен шығармаларының мазмұны мен мағынасына талдау, әдеби - көркемдік ерекшеліктерін меңгерту, үзінділер жаттау, мазмұнын түсіндіру.
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдерінің басты ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы білім беру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Атырау қаласы, Геолог селосы, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Хисамеденова Айсұлу Сайлаубайқызы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есенова Дамира
Шәкәрім атаға
Шәкәрім атаға
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №85 орта мектептің 3-сынып оқушысы Өтепова Аяулым Ерланқызы Жетекшісі: Қайруллаева Айгүл Әділбекқызы
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Оқып біліп, айтып көріп жүрген ақын – жазушылардың ешқайсысында ұқсамайтын Шәкәрім шығармалары бір шеті Алтай өңірі, бір шеті Қытай еліне де жақсы таныс.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×