Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай – өлең патшасы

23 тамыз 2014, Сенбі
Поэзия кеші
Тақырыбы: Абай – өлең патшасы
Мақсаты: 1. Халқымыздың ғұлама ойшылы ұлы Абай өмірі мен шығармаларына терең бойлату;
2. Абай шығармалары арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, туған жерді, табиғатты бағалауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар.

1. жүргізуші:( Чепига Тимур)
- Ассалаумағалейкум, құрметті поэзия кешінің қонақтары!
2. жүргізуші: (Майлова Афина)
- Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар!
1. жүргізуші: Бүгінгі біздің қазақ тілі апталығы аясында өткізіліп жатқан әдеби кешіміз ұлы ғұлама, ойшыл Абай Құнанбаев өмірі мен өлеңдеріне арналады.
2. жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы. Алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.
1. жүргізуші: Абай мұралар – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай бүгінгі «Абай – өлең патшасы» атты поэзия кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп тегіс жұмыр келсін айналасы.
2. жүргізуші:
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі - надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы
Өлеңге әркімнің - ақ бар таласы
Сонда да солардың бар таңдамасы
Іші алтын сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы – демекші Абай атамыз ел - жұрттың жарқын болашақта білімді, еңбекқор, ақылды халық болуына аянбай еңбек сіңірген ақындардың бірі.
Көрініс: ( Сахнада Абайдың дүниеге келуін бейнелейді. Топ оқушы сахнаға шығып оқиғаны көрсетеді)
1 - Оқушы: Қазақ жерінің шығысындағы құтты қоныс Семей облысы аталады. Соның төрінде әйгілі Шыңғыс тауы жатыр. Осы өңірде 1845 жылы тамыз айында дүниеге нәресте келді. Ел молдасы арнайы азан айтып, баланың құлағына үш рет айғайлап, атын қойды. Оның атын қазақша Ыбырайым демей, арабшасына жақындата Ибраһим деп атады.
2 - Оқушы: Құрметті ақсақалдар мен бәйбішелер бала туған үлкен ақ үйге кіріп: «Бауы берік болсын! Ата-аналарындай атақты абыройлы болсын!» - десіп жатты.
Болашақ ақынның балалық шағы қос ананың – әже мен шешенің – тәрбиесінде өтті. Сүйікті немересінің Ибраһим деген атына тілі келмей, оны «ойлы болсын, аңдағыш болсын, абайлағыш болсын» деген тілекпен Абай атандырған да аяулы Зере әжесі еді.
3 - Оқушы: Өзара өте тату ене Зере мен келін Ұлжан – екі ана байсалды, мейірбан, әділ адамдар болды. Олар Абайды бауырмал қайырымды да әділ етіп өсіруге тырысты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 992
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай поэзиясы әлем тілдерінде атты әдеби кеші
Абай поэзиясы әлем тілдерінде атты әдеби кеші
Абай Құнанбайұлы – үлкен ойшыл – ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Ұлы Абай - нар тұлға
Ұлы Абай - нар тұлға
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құрма ЖОББМ Бөкен Қазбек Маратұлы
Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жанзақова Рахия
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
Абай оқулары
Абай оқулары
Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кемпрекова Жанар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×