Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәрін білем – шаланың ісі, Бәрін білсем – дананың ісі

14 қазан 2014, Сейсенбі
Интеллектуалдық ойынның тақырыбы:
Бәрін білем – шаланың ісі,
Бәрін білсем – дананың ісі.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен алған білімдерін тиянақтау.
Оқушыларды адамгершілікке, ана тілін сүюге, білімдерін көрсете білуге баулу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, тарих, география

Ойынның барысы: Ойын төрт кезеңнен тұрады. 7 - 8 - 9 - сыныптарды араластыра отырып үш топқа бөлеміз. Сол топ арасында оқушылар өз білімдерін көрсетулері керек.
Әр топқа мен алдын ала ат қоямын, сол жерде жеребе тастау арқылы қай топ бірінші бастайды, топтарын таныстырады.

І кезең. Бәйге сұрақтары: Әр топқа он сұрақтан.
І топ. «Көсемше» тобы.
1. «Қазақ (қырғыз) хрестоматиясын» кім жазды және қай жылы? (Ы. Алтынсарин. 1879ж.)
2. Көсемше мен есімшенің айырмашылығы неде?
3. «Қамбар батыр» жырындағы Қамбардың сүйген жарының аты кім? (Назым)
4. Сын есімнің мағыналық түрлері атаңдар.
5. «Менің атым Қожа» хикаятының авторы кім?
6. Шақ дегеніміз не, рай дегеніміз не?
7. Абайдың ақын ұлы кім? (Мағауия)
8. Сингорманизм дегеніміз не?
9. Абай «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған? (Лермонтов)
10. Жалғаулық шылаулар неше топқа бөлінеді? (Ыңғайластық мәнді; мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі. Қарсылықты; бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да. Талғаулықты немесе кезектес; әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде. Себеп - салдар мәнді; себебі, өйткені, сондықтан т. б.)

ІІ топ. «Есімше» тобы.
1. Ең алғаш қазақ мектебін ашқан кім?
2. Айқындауыш мүше дегеніміз не және оның түрлері қандай?
3. Абайдың 31 қара сөзінде не туралы айтылған?
4. Сөз тіркесі және оның жасалу жолдарына мысал келтіру арқылы айтыңдар.
5. Мысал дегеніміз не? Қандай мысалды шығармалар білеміз?
6. Сөздер қандай жолдармен жасалады?
7. Жалпы жылқы малына қатысты қандай шығармалар білеміз?
С. Жүнісовтың «Ақан сері» романы, Қ. Жұмаділов «Қозыкүрең» т. б.
8. Етіс дегеніміз не? Етіс түрлері мен жасалу жолдарын атаңдар.
9. Градация дегеніміз не? (дамыту – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан, соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу)
10. Септеулік шылауларды атаңдар. (арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты, дейін, шейін, қарай, таман, салым, жуық, тарта, қатар, қабат, бірге т. б.)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 698
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін «Эрудит» ойынының сценарииі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін «Эрудит» ойынының сценарииі
Ана тілің біліп қой, Бостандығың, теңдігің. Ана тілің біліп қой, Мақтанышың, елдігің.
Көсемше
Көсемше
көсемше туралы теориялық және тәжірибелік білім деңгейін, ой - өрісін, білім - біліктілік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін байқау, бағалау.
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келеді
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Көсемшенің түрленуі
Көсемшенің түрленуі
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, №10 Борсеңгір орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мергенова Надира Абуғазизқызы
Көсемше
Көсемше
Атырау қаласы, Махамбет ауданы, Бейбарыс селосы, Чкалов атындағы орта мектебі Мемлекеттік тіл пәнінің мұғалімі Есениязова Жанат Какимқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×