Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін «Эрудит» ойынының сценарииі

13 қараша 2017, Дүйсенбі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілетін «Эрудит» ойынының сценарииі.
Ойынның мақсаты:
▪ Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін тексеру, сынау;
▪ Тілдерін дамыту;
▪ Оқушыларды қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.
Ойын шарттары:
1. Әр сыныптан 5 оқушыдан тұратын 1 топ.
2. Топтың аты, эмблемасы, ұраны болу қажет.
Ойынның кезеңдері:
1. «Таныстыру» кезеңі.
2. «Келсең, кел!» топбасшылар сайысы.
3. «Асық иірім» топ мүшелері сайысы.
4. Сергіту сәті.
5. Жанкүйерлермен сайыс.
6. «Тапқыр достар» сайысы.
7. «Қорытынды» кезең.
Көрнекі құралдар: нақыл сөздер, тіл туралы мақал - мәтелдер, үлестірме материалдар, жетондар, тақта.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Әр сыныпты өз топтарымен сәйкес орналастырып, қолайлы жағдай туғызу.
Ойын барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қатысушылар! Бүгінгі «Эрудит» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!
Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілі – қазақ халқының мемлекеттік тілі, яғни дамыған, бай, икемді тілдің бірі – қазақ тілі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі де құдіретті.
Ана тілін білмеген -
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген -
Халқын сүйіп жарытпас, - деп, Байділда Сарноғаев сіздерді ана тілін білуге, үйренуге, дамытуға шақырады. Ол үшін біз көп оқып, қазақ тілінің қызықты да құнарлы грамматикасын білу керекпіз.
Осымен «Эрудит» интеллектуалдық ойынын ашық деп жариялаймын.
Ж: Біріншіден, ойынды бастамас бұрын, сіздерді әділ қазылармен таныстырып кетейін:
- Директордың ОЖ орынбасары – Қасымова Ұлбике Байдрахманқызы.
- Қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Каскадамова Қарлығаш Шарапиқызы.

ІІ. Ойын шарттары.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ойыншылар, ойын шарттарымен таныс болайық:
1. Ойын 7 кезеңнен тұрады;
o 1кезең «Таныстыру». Топ басшысы өз тобының мүшелерімен, топтың атымен, эмблемасы және ұранымен таныстырады. Бұл кезеңдегі ең жоғарғы балл 10 балл.
o 2 кезең «Келсең, кел!» топбасшылар сайысы. Сұрақтарға жауап беру қажет. Әр дұрыс жауапқа 5 балл беріледі. Сұрақ саны: 10.
o 3 кезең «Асық иірім». Кез келген топ мүшесі келіп асық иіреді, асық қай балдық цифрға түссе соған сәйкес сұраққа жауап береді.
Алшы – 5 балл, тәйке – 4 балл, бүк – 3 балл, шік – 2 балл.
o 4 кезең «Сергіту сәті». Барлық топтарға бірдей тапсырма. Диолог құрастыру.
o 5 кезең «Жанкүйерлер» сайысы. Жанкүйерлерге сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берсе өз ұпайын қалаған тобына береді. Жанкүйердің дұрыс жауабына 5 балл беріледі.
o 6 кезең «Тапқыр достар». Әр топқа әр түрлі бір - бір сөзден беріледі. Сол сөздің әріптерінен сөздер құрайды. 1 сөз – 5 баллмен есептеледі.
o 7 кезең «Қорытынды». Әділ қазылар жинаған баллдарды санап жеңген топты марапаттайды.
- Міне шарттарымен де таныстық, сіздерге айтарым, қатысушылар, сәт - сапар!
Ойынымызды бастаймыз. 1 кезең «Таныстыру». Бірінші тобымызға сөз кезегін береміз.
- Ортаға шығып ойынның шарты бойынша таныстыру.
- Ал, сайыскерлер 1 - ші кезеңнен сүрінбей өттік. Ендігі кезек топбасшыларда. Ойынымыздың 2 - ші кезеңі «Келсең кел!». Топбасшыларын ортаға шақырамыз. Сіздердің мақсаттарыңыз – кім бірінші жауап береді, сол 5 ұпай алады, дайындықты ту көтерумен көрсетесіздер. Бастайық.
Сұрақтар:
1. Мемлекеттік тіліміз қандай және қай жылы қабылданды?
2. Үш бәйтерек кім?
3. Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
4. Әнұран авторлары?
5. Буынның неше түрі бар?
6. Балалар әдебиетінің авторы?
7. Сын есім дегеніміз не?
8. Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата.
9. Дауысты дыбыстар қандай түрлерге бөлінеді.
10. Алфавиттегі алтыншы әріпті ата.

- Жарайсыңдар, топбасшылар. Ендігі сөз кезегін әділ қазыларға береміз, екі кезеңнен кейінгі ұпай сандарын тыңдайық.
- 3 кезең «Асық иірім». Әр командадан кезек кезекпен шығып, асықтың көмегімен сұрақты таңдаймыз. Жауап беру барысында топпен ақылдасуға болады.
«Алшы» сұрақтары 5 ұпайлық.
1. Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері?
2. Құрмалас салалас сөйлемнің түрлерін атаңдар.
3. Құрмалас сабақтас сөйлемнің түрлерін атаңдар.
4. Сөйлем мүшелерін атаңдар.
5. Омоним дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
6. Бейімбет Майлиннің туған жері, жылы.
«Тәйке» сұрақтар 4 ұпайлық.
1. Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата.
2. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін атаңдар. Мысал келтіріңдер.
3. Тұрлаусыз сөйлем мүшелерін атаңдар. Мысал келтіріңдер.
4. Ыбырай Алтынсарин кім? Туған жері.
5. Септіктерді сұрақтарымен атаңдар. «Мектеп» сөзін септеңдер.
6. Есімдіктің түрлерін атаңдар. Мысал келтіріңдер.
4 105
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата - бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ арқылы өз елінің ауыз әдебиетін сыйлауға
Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппем!
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті әліппем!
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Ана тілі – жүрек үні
Ана тілі – жүрек үні
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дарханбаева Айманкүл
Информатикалық эрудит ойыны
Информатикалық эрудит ойыны
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Иргалиева Лаура Тойлыхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×