Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің досым

18 қазан 2014, Сенбі
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің досым
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жаңа тақырып өту арқылы грамматиканы қайталау және достық туралы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Диалог, монолог арқылы ауызекі тілін дамыту, берілген сөз, сөз тіркестерінен сөйлем құрай білу, сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: Достық қарым — қатынас жасауға тәрбиелеу, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу, адал дос таба білуге баулу, тілге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру.
Әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, танымдық ойындар, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивтік тақта.
Пәнаралық байланыс: ән - күй, өзін - өзі тану.

Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу.
Амансыз ба, жер ата!
Амансыз ба, күн ана!
Амансыз ба, достарым!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сәлеметсіз бе, мұғалім!
- Кезекшімен сұхбаттасу.
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын ата.
- Үйге қандай тапсырма берілді?

Мотивация кезеңі:
Басымызды сипаймыз жақсы ойлау үшін, құлағымызды сипаймыз жақсы есту үшін, көзімізді сипаймыз жақсы көру үшін, алақанымызды сипаймыз жақсы баға алу үшін. Ал, балалар сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.
Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту үшін, слайд шоу өткізу. Сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс.
Сабақтың барысы
Психологиялық жағдай:
- Балалар, бүгінгі сендердің көңіл - күйлерінді осы смайликтер арқылы білеміз.
- Дыбыстық жаттығу:
1. Қазақ тілінде неше әріп, дыбыс бар?
2. Фонетика нені зерттейді?
3. Дауысты дыбыс нешеу?
4. Дауыссыз дыбыс нешеу?
5. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?
6. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?
Ал осы тән дыбыстарды дұрыс айту үшін, дыбыстық жаттығуды өткіземіз.
Үлкен
тыңдаЙды
әЖе
Ұзын
көМектесу
достЫқ
Сенімді
нағЫз
а) мұғалім оқиды
ә) хормен оқу
б) қандай сөз шығады?
- Балалар, үй жұмысы қандай болды?
- Дұрыс, үй жұмысы нәтиже сабақ орындау болды.
- Балалар, топқа бөлінейік.
1 - Топ «Том и Джери». Мұғалімге айтады О - М
2 - Топ «Леопольд мысығы». Бір - біріне айтады. О - О
3 - Топ «Қасқыр мен қоян». Сыртта тексереді. О - О

Жаңа сабаққа кіріспе:
Ал қазір слайд көрейік.
Балалар, сендер Том и Джери. Кот Леопольд, Қасқыр мен Қоян деген мульфильмдерді білесіңдер ме?
Не туралы? Олардың мінездері қандай? Кім жақсы?
Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Менің досым».

Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабақтың мақсаты: достық туралы түсініктерімізді кеңейту.
Енді балалар жаңа сөздермен жұмыс жасаймыз. Тақтада сөздер орысша жазылған, сендер осы сөздерді қазақшаға аударыңдар.
1 - топ
Высокого роста
Короткий
с тонким прямым носом
2 - топ
занимается
умный
красивый
3 - топ
способный
верный
примерный
Енді осы сөздерді аударайық, сөз тіркесін құрастырайық.
Бойы ұзын – высокого роста
Қысқа – короткий
Қыр мұрынды – с тонким прямым носом
Ақылды – умный
әдемі – красивый
сенімді – верный
әдепті – примерный
зерек – способный
айналысады – занимается
Сергіту сәті: «Күздік масаны» ұстау. «Полет шмеля» Римский Корсаков
«Тыңдайық та, ойлайық» - проблемалық сұрақ. Осы мәтінді тыңдап, кім туралы екенін табыңдар.
Мәтін «Менің досым» - аудирования
1 - топ сұрақтарға жауап беру.
2 - топ аударады. (сөздік арқылы аудару)
3 - топ көп нүктенің орнына керекті сөзді қою.
Менің досым есть. Оның аты – Берік. Ол он жаста. Беріктің бойы ұзын, шашы қара, қысқа. Қыр мұрынды. Берік спортпен айналысады. Ол бос уақытында компьютер ойнайды, кітап оқиды, музыка тыңдайды. Ол шахмат ойнауды да жақсы көреді.
Осы жұмысқа 5 минут беремін.
1 Берік неше жаста?
2. Беріктің бойы, шашы қандай?
3. Берік немен айналысады?
4. Берік бос уақытында не істейді?
5. Беріктің мұрыны қандай?
6. Берік не ойнағанды жақсы көреді?

Жарайсыңдар!
Енді осы мәтіннің ішінен буындарды табайық.
Ашық буын - аты, бойы, қара, қысқа, оқиды жаста, шашы
Тұйық буын - ол, от, ат, ас
Бітеу буын - тоғыз, бар, ұзын, қыр, бос, кітап, шахмат
Енді осы тірек сызба арқылы достарыңыз туралы
1 - топ диалог құрастыру
2 және 3 топ - монолог

Ал енді өз дос туралы кім монолог, диалог айтып береді?
Бүгін сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар, сабағымыздың келесі кезеңі – тест арқылы өз білімдеріңді тексеру.
Бекіту. Тест
1. Менің досым.....
а) сенімді ә) қанатты б) көрнекті
2. Дос алтыннан да.......
а) арзан ә) тегін б) қымбат
3. «Достық» сөзінің аудармасын тап.
а) дружный ә) дружба б) подруга
4. Жүз теңгең болғанша,....
а) болмасын ә) құс б) жүз досың болсын
5. Берік неше жаста?
а) тоғыз ә) сегіз б) он
Жауабын тексеру
1) а
2) б
3) ә
4) б
5) б

Үйге тапсырма
Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты бағалау!
Хор: «Жан досым» әні
Сабақ аяқталды!
Сау болыңыздар!
15 916
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі дос
Екі дос
Достық туралы түсінік беру. Достықтың маңыздылығын ұғындыру. Достықты қадірлей, қастерлей білуге, адал дос болуға тәрбиелеу.
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрастыруға, тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Ертегілер әлемінде
Ертегілер әлемінде
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Мәншүк
Үй құстары
Үй құстары
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
«Шәкірт балаларға» Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Дюсебаева Алтынай Орыспайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×