Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Еңбекқор отбасы" 4-сынып

20 қараша 2011, Жексенбі

4-сынып
Сабақтың тақырыбы:Еңбекқор отбасы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Еңбекқор отбасы жайында білімдерін кеңейту, есімдіктер туралы алған білімдерін пысықтау.
2. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту.
3. Оқушыларды еңбек етуге, ата-аналарына көмектесуге баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, қайталау, ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: Сірет, деңгейлік тапсырмалар, сөзжұмбақ, сызба, кесте

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Оқушыларды сабаққа бейімдеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-сөздерді жатқа айту
-мақал-мәтелдерді айту

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.Сабақтың тақырыбын сөзжұмбақты шешіп анықтау.
4
1 2 Ә 8 14
М Е 3 К 5 6 7 Е 9 10 11 12 13 М
Е Ң Б Е К Қ О Р О Т Б А С Ы
Н Б І Ү Ы Л Т Л А А Н І Н
Е Л З З А Е Т С А Ң А
К І Р Ң У Л У
М І
1.Я 9. Он, она
2. Труд 10. Дружный
3. Знание 11. Голова
4. Папа 12. Мама
5. Осень 13. Младшая сестра
6. Девочка 14. Это
7. Они
8. Завтра

Суретке қарап сабақтың тақырбын ашып, мақсатын айту.

-Балалар не істейді?
-Олар кімге көмектеседі?
-Бұл отбасы еңбекқор отбасы ма?

Келесі сызба бойынша берілген сөздерді оқып, не жазылғанын білу.
ЕҢБЕК
Т
Ү
Б
Р ЕБ І
Е
К
Е

-Ал осы мақалды тақтаға ұран етіп жазып қояйық: Еңбек түбі – береке. Осы мақалды кім түсінді? Труд – источник достатка.
-Сонымен балалар, біздің сабағымыздың тақырыбы «Еңбекқор отбасы», сабағымыздың ұраны
«Еңбек түбі - береке», бүгін біз сабақта нағызеңбекқор отбасымен танысамыз және өзіміз де сондай болуға тырысамыз.

2. Жаңа сөздермен жұмыс:
Еңбекқор – трудолюбивый
Кенші – шахтер
Есепші – бухгалтер
Шаршап келеді – приходит уставшим
Қуантуға асығады – торопится обрадовать
- Сөздерді дауыстап оқу,
- Оқушыларға оқыту,
- Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру

3. Мәтінмен жұмыс
Ержанның отбасы – еңбекқор. Әпкесі Мәдина мен Ержан – оқушылар. Әкесі – Қарағанды мыс зауытында кенші. Анасы – емханада балалар дәрігері. Ағасы – әкімшілікте есепші. Бәрі таңертең ерте тұрып, жұмысқа кетеді.
Кешкісін бәрі жиналады. Мәдина мен Ержан олардың шаршап келетінін біледі. Сондықтан үйді таза ұстап, жақсы бағаларымен қуантуға асығады. Сабақ оқу да – еңбек.
- Мәтінді мәнерлеп оқу;
- 1-2 оқушыға оқыту;
- Мәтінді аудару;
- Сұрақтар қойғызып, жауап беру.

4. Грамматикалық тапсырмамен жұмыс
Есімдіктерді еске түсіріп мәтіннен есемдіктерді табу. Есімдіктің қай түріне жататынын айту. Жіктеу есімдіктерін қайталап, келесі тақтада жазылған сөйлемдердегі көп нүктенің орнына жіктеу есімдіктерін қойғызып жазғызу.
... отбасы – еңбекқор. (оның)
... – оқушылар. (олар)
... – емханада балалар дәрігері. (ол)
5. Деңгейлік тапсырмалар (топтық жұмыс)
ІІІ деңгей
1.Мәтіннен кім? және не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді көшіріп жазыңдар.
2. Еңбекқор сөзімен 3 сөз тіркесін жазыңдар.
ІІ деңгей
1.Келесі жіктеу есімдіктерімен сөйлем құрап жазыңдар: Мен, Біз, Біздің.
2. Мақалдың жалғасын тап:
Еңбек түбі – тәтті
Жері байдың – береке
Еңбек етсең – емерсің
Еңбектің наны елі бай
І деңгей
Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.


ІV. Сабақты қорыту:
1.«Кім тапқыр?» ойыны
Жасырын тұрған бес сөз бен сөз тіркестерін тапқызу.
К Е Н Ш І Ә П Е Ш О
І Г Е Г И Ү Ң М А С
Ә Ш Ғ Ч М Б Ү Ғ Р Л
Ю Щ Е С Е П Ш І Ш Ы
И Ғ Н К З Г Ш Г А К
Т Д Қ Ц Х Т Р В П Е
Б О Й Ы Һ Ү Д Е Т Л
Р Л У Ф Ұ І Ж А Ь Е
Қ У А Н Т У Ғ А Ң Д
Р А А С Ы Ғ А Д Ы І
2. Сызбаға сүйеніп сабақты қорыту

V. Үйге тапсырма беру:
-жаңа сөздерді жаттау;
- 73 бет 4-жаттығу
- есімдіктерді қайталау

VІ. Бағалау

 

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 651
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Перспективалық жоспар
Перспективалық жоспар
қысқа әңгімелер, шағын тақпақтар оқу арқылы кейіпкерлерге жанашырлық танытуға, еңбекті бағалауға баулу.
Сөйлем, сөйлем түрлері. Нәтиже сабақ
Сөйлем, сөйлем түрлері. Нәтиже сабақ
Сөйлем, сөйлем түрлері, сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау. Оқушының ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорларын байыту.
Мен еңбекқор баламын
Мен еңбекқор баламын
Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды. Әр бала кішкентай болса да, ата - аналарына, отбасы мүшелеріне, топтағы апайларына көмектесіп, қолғабыс жасаулары керек.
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Қос сөздер. Денсаулық
Қос сөздер. Денсаулық
Денсаулық тақырыбына жинақтаған білімдерін толықтыру, пысықтау, жүйелеу. Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×