Қазақстанның қалалары
Сабақтың мақсаты: Қазақстан қалалары тақырыбында білімдерін толықтыру.
Сабақтың міндеті:
1.«Менің Отаным» модуль бойынша алған білімдерін пысықтап, қорыту.
2. Оқушылардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекі құралдары: слайдтар, сөзжұмбақ, видеобейне, тест.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сөзжұмбақ шешу, сөйлесу, әңгімелеу, тірек сызба жасау, мәнерлеп оқу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Интеграциялық байланыс: орыс тілі, география, тарих.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық! - деп сабағымызды жақсы көңіл - күймен бастайық.
Кезекшімен сұхбаттасу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Өрмекші торы» өткен модуль бойынша сұрақтарға жауап дайындау.
ІІІ. Сайыс сабақ. Бүгінгі сабақта « Елордамыз - Астана қаласы» бойынша сайыс сабағымызды жүргіземіз.
• 1 - топ «Жас тарихшылар»
• 2 - топ «Жас зерттеушілер»
1 - ші кезең
Сөздік
бас – главный
әйгілі – известно
қасиетті – священный
көрікті – красивый
айналу – превратиться
зәулім – высотный
әсерлі – впечатляющий
орда – центр
Бүгінгі сабақтағы жаңа сөздерді сөздік дәптерлерімізге жазып аламыз.
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрап, содан соң құрмалас сөйлем құраймыз.
Екі топ жарыс ретінде сөз тіркестері мен сөйлемдерін айтып, жұлдызша арқылы марапатталып отырады.
2 - ші кезең
Грамматикалық тапсырма.
Сын есім. Сын есімнің шырайлары
Заттың түр - түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
Сын есім қандай? қай? сұрақтарына жауап береді.
Мысалы: ақ, көк, тамаша, ащы, тәтті.
Сын есімнің шырайлары
Шырайдың түрлері
Жұрнақтары
Мысалдар
Салыстырмалы шырай - рақ,- рек,- ырақ,- ірек
- лау,- леу,- дау,- деу
- тау,- теу,- шыл,- шіл сәндірек, жастау, көкшіл
Күшейтпелі шырай
1. буын арқылы
тым, өте, аса, ең ап - ауыр, әп - әдемі
өте арзан, ең биік
Жас тарихшылар тобына салыстырмалы шырайда бірнеше мысалдар келтіру.
Жас зерттеуші тобына күшейтпелі шырайда сөйлем құрастыру.
Екі топ берілген тапсырмаларды орындап болған соң марапатталады.
3 - ші кезең
Мәтінмен жұмыс.
Астана
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшыларымыздың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған.
Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Қала төрінде орналасқан алып «Бәйтерек» кешені – тәуелсіздіктің символы. «Бәйтеректің» пішіні ұлы даланың кеңдігін, еркіндікке ұмтылу идеясын білдіреді.
Астана – болашақтағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол – әлемдегі көрікті қалалардың бірі.
Мәтінді екіге бөліп екі топқа беріледі. Топ спикерлері бір - біріне мәтінді мазмұндайды.
Соңында марапатталады.
4 - ші кезең
Пікірлесейік.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – қай қала?
2. Астана қаласы қай аймақта орналасқан?
3. Бұл жердің ауасы, қысы, жазы қандай болады?
4. Астана – болашақтағы қандай қала болады екен?
5. Мұнда нелер салынып жатыр?
Әр сұраққа жауап берілген кезде оқушылар марапатталып отырады.
5 - ші кезең
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
Дәптермен жұмыс.
Астананың______________1998 жылдың маусым айында болды. Мерекеге ____________________ көптеген қонақтар келді. Астананың ___________ тойына арналған театрланған көрініс тамаша болды. Сөйтіп _________________ Ақмола әсем Астанаға айналды.
Керекті сөздер: ақ қарлы, ашылу рәсімі, тұсаукесер, алыс - жақын шетелдерден.
Сергіту сәті
• Қарлығашқа ұқсайық, кәне қанат жазайық,
• Ұшып, ұшып алайық,
• Орнымызға қонайық.
6 - ші кезең
Берілген сөздерден сын есімнің күшейтпелі және салыстырмалы шырайларын жасаңдар.
әсем, әдемі, үлкен, қара, көк, биік
зәулім, тамаша, таза, кең.
Екі топтан кім бірінші жауап берген оқушы жұлдызшамен марапатталады.
7 - ші кезең
Сөзжұмбақ
1. А
2. С
3. Т
4. А
5. Н
6. А
Көлденеңнен:
1. Алманың бір түрі.
2. Астана қаласын екіге
бөліп тұрған өзен.
3. ҚР мемлекеттік рәмізі.
4. Сусын түрі.
5. ҚР мемлекеттік рәмізі.
6. Білім беретін адам.
8 - ші кезең
Тест
І нұсқа
1. Заттың сынын білдіретін сөз табы.
А) зат есім Ә) сын есім Б) етістік 2. Қазақстанның бас қаласы қай қала?
А) Астана Ә) Өскемен Б) Семей
3. Астананың қысы қандай болады?
А) жылы Ә) салқын Б) ақ қарлы
4. Сын есімі бар сөйлемді тап.
А) Қарлы жауын. Ә) Қыс келді. Б) Қыс мезгілі
5. ҚР неше облыс бар?
А) 15 Ә) 13 Б) 14
6. Астана қаласының бұрынғы атауы.
А) Алматы Ә) Ақмола Б) Астана
7. Күз айларын тап.
А) қыркүйек, қазан, қараша
Ә) маусым, шілде, тамыз
Б) желтоқсан, қаңтар, ақпан
ІІ нұсқа
1. Қандай? Қай? Сұрақтары қай сөз табына жатады?
А) сын есім Ә) сан есім Б) зат есім
2. Сын есімі бар сөйлемді тап.
А) Күн жылы. Ә) Қар жауды. Б) Мен келдім.
3. Астана қаласы деп қай жылы аталды?
А) 1993ж. Ә) 1998ж. Б) 1991ж.
4. Астана қаласының монументі.
А) Ханшатыр Ә) Думан Б) Бәйтерек
5. Мына сөйлемнің ішінен сын есімді тап. Күз әдемі мезгіл. А) мезгіл Ә) күз Б) әдемі
6. Сын есімнің салыстырмалы шырай түрін көрсетіңдер?
А) артықтау Ә) толық па? Б) тым алыс
7. Қазір жылдың қай мезгілі?
А) жаз Ә) қыс Б) күз
Рефлексия кластер бойынша қорытындылау
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.
Астана
Гүлдей жайнап желегің,
Бой көтерген Астанам,
Отанымның жүрегі -
Бақытты бол, бас қалам.
Сән - салтанат бәрінде,
Қолтаңбасы шебердің.
Нұр сәулеге бөленген,
Қол бұлғайды келер күн.
Алтын ұям – Астанам,
Жайнай берші, жас қалам.
Жүрегімнен төгілер,
Өзің жайлы асқақ ән.
Бағалау: оқушылар бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды

Жаңалықтар
Қазақ тілінен күнтізбелік - тақырыптық жоспар. 4 сынып
Тақырыптыр: Менің Отаным. Менің Қазақстаным ҚР рәміздері Қазақстанның қалалары Қазақстанның картасы
Қазақ тілінен күнтізбелік - тақырыптық жоспар. 4 сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. 4 сынып
Семей қаласы
септік жалғаулары бойынша алған білімдерін пысықтап, қайталау. Семей қаласы жайлы білімдерін толықтыру, тереңдету. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Нәтиже сабақ
Модуль бойынша алған білімдерін қорытынды жасау. Оқушының ақыл - ойын, білімге ынтасын дамыту.
Төрт түлік
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, Рузаевка селосы, Калинов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Садыкова Асель Нурлановна
Қазақ тілінен жылдық қайталау 5-класс
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, К. Бозтаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әдемі Асылханова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.