Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мысал. Ахмет Байтұрсынұлы

04 ақпан 2020, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Мысал. Ахмет Байтұрсынұлы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарымен таныстыру, еркін ойлауға үйрету. Мысал жанрының мәні мен ерекшелігін түсіндіру.
- Дарынды ақын, ірі ғалым, шебер аудармашы ретінде ақынның әдебиеттегі орнын таныту.
- «Егіннің бастары» т. б. мысал өлеңдерін салыстыра отырып, мысал, аллегория тәрізді әдеби теорияны ажырату
- адамгершілік, қарапайымдылыққа, жақсы мінезге баулу, кісілік қағидаларын қалыптастыру.
Пайдаланылатын әдіс – тәсілдері: топпен жұмыс, іздену, жартылай іздену, сұрақ – жауап.
Пайдаланылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, портреттер, үлестірмелер, кесте

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын айту. Психологиялық дайындық. (Сабақ алдында бір - бірлеріне жақсы тілектер айтады. )

2. Үй жұмысын тексеру. (үлестірмелер бойынша)
1. Мысал дегеніміз не?
2. Мысалдар қалай беріледі? Кейіпкерлері кімдер?
3. Аллегория дегеніміз не?
4. Қазақ әдебиетінде мысал жанрын бастаған кім? Оны жалғастырушылар кімдер?
5. Мысалдар адамның қандай қасиеттерін мадақтайды?
6. Адамның қандай қасиеттерін күлкі етеді?

Өздері оқыған мысалдан көрініс көрсету.

3. Жаңа сабақ
Мұғалімнің сөзі:
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік дүниесі, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады. Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесі де болады. Кейіпкерлерді сөйлестіру – диалог тәсілі жиі қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді. Жанры жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кейде мысқыл - сықақ үлгісіне ауысады.

1 слайд: Ахмет Байтұрсынов туралы
А. Байтұрсынов ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол орыс ақындарын беріле оқыған. Орыс ақындары А. С. Пушкинді, М. Ю. Лермонтовты, С. М. Надсонды оқып, кейбір шығармаларын аударған. А. С. Пушкиннің «Ат» деген өлеңі, «Данышпан Аликтің ажалы», «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш» ертегілері бар. 1901 жылдан бастап Крылов мысалдарын аударып, сол негізде өзі де мысал жаза бастайды.

2 - 3 слайдтар: Хронологиялық карта. Шығармалары.
А. Байтұрсыновтың мысал жанрына ден қоюының үлкен мәні бар. Ондағы моральдық, адамгершілік тағылымын ол қазақ қоғамы үшін аса қажет үлгі деп түсінді. Адам бойында кездесетін намыссыздық, жігерсіздік, алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық, қулық пен зорлық сияқты келеңсіз мінездерді сынау, шенеуге келгенде, ақын мысал жанрын таңдады. Әр түрлі аңдардың аллегориялық бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі қарым - қатынас арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.

Ақмола облысы, Есіл ауданы,
«Московский орта мектебі» ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Баймурзина Балзада Кенжегалиевна

Толық нұсқасын жүктеу
14 264
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті. Ахмет атаға хат
- Сендер бидай туралы қандай мәлімет білесіңдер? – деп тақырыпты оқушыларға ашқызу. Бидай бүкіл әлемдегі негізгі азық көзі болып табылады. Азық - түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген бағалы қасиеті бар.
Ахмет Байтұрсынов «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынов «Егіннің бастары»
Ақын, жазушыларымыздың өлеңдерін оқи отырып, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, жақсы, жаман әдет - қылықтарды ажырата білуге бағыттау.
Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал»,«Маса» жинақтары
Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал»,«Маса» жинақтары
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын айту, аудармаларына шолу, «Қырық мысал» мысалының идеясын ашу, әдеби - теориялық талдау жасау
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтардаТорғай уезінде Ақкөлдің жанында Сартөбек деген жерде туған. Әкесі Байтұрсын кедей кісі болған, бірақ ағайын арасында сыйлы, сабырлы болған.
Мысалдар (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Мысалдар (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Мысал өлеңдердің адамға сабақ болатын тағлымдық шығарма екенін түсіндіру; оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу.
Екі шыбын
Екі шыбын
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын айту, аудармаларына шолу, «Екі шыбын» мысалының идеясын ашу, әдеби - теориялық талдау жасау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×