Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы» әңгімесі

16 қаңтар 2015, Жұма
Сабақтың тақырыбы:Ыбырайдың ізі.... Ы. Алтынсарин «Баланың айласы» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:
а) Оқушы бойында шығармашылық көңіл - күй тудыру, жаңаны, өзгеше, тың дүниені сезе білуде сезімталдық, сындарлық, шығармашылық ой - талдауға бейімдеу.
ә) Оқиға, образ жасауға бағыттай отырып, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білуге, сөз ұшқырлығын түсініп, шығармашылыққа деген ішкі құштарлығын ояту.
б) Өзіндік сын айта білуге, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, дәлелдеме ұсына білуге қалыптастыру.

Сабақтың әдіс - тәсілі: “Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту”технологиясының стратегиялары: бағыт бере отырып оқыту, болжау кестесі, екі жақты күнделік, автор орындығы.
Сабақтың көрнекілігі:
Мәтін үзінділері, болжау кестесі, екі жақты күнделік, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды топқа бөліп отырғызу, сабаққа дайындық жұмыстарын жүргізу.
Ой шақыру. Топтар бойынша «жақсылық», «жамандық» сөздерінің синонимін жазғызу. Адамдарға тән қасиеттерді сипаттау
Мағынаны ажырату. Бағыт бере отырып оқыту стратегиясы бойынша мәтінмен жұмыс жасату. Оқушыларға мәтін үзінділерін таратып беру. Мәтіннің алғашқы үзіндісін оқу.

Бір әлім адам жапанда келе жатып, аяғы астында бір үлкен тасқа сүрініп жығылып,
ойлады: бұл тас адамға зиян келтіретін тас екен, жолдан алып тастайын деп. Сол оймен тасты көтеріп еді, астынан бір сандық шықты, сандықты ашып еді, ішінен бір жылан шығып, шағамын деп әлімге ұмтылды, әлім айтты:
- Мен сені қараңғы, тар жерден, тұтқыннан шығардым, жақсылыққа жамандық бар ма?
Жылан айтты:
- Бар.
Әлім айтты:
- Олай болса, біреуге жүгінелік, төре саған тисе шағарсың,- деп.
-
Бірінші үзіліс
Бірінші топ оқылған мәтін үзіндісінде не жайлы айтылғанын айтады.
Ертегіні өз қиялымызбен жалғастырамыз. Әлімді алда не күтіп тұр екен? Қандай төрелік айтар екен? Ары қарай оқиға қалай өрбуі мүмкін??- деген жетекші сұрақ арқылы топ оқушылары мәтін оқиғасын өз қиялдары бойынша өрбітеді. Оқушылар жазып болғаннан кейін өз топтарында бір - бірімен алмасып, “ең жақсы” деген үзіндіні таңдап алып, болжау кестесін толтырады. Әр топтан бір оқушы “автор орындығына» шығып оқиды. Топтар бойынша оқылғаннан кейін мәтін нұсқасының екінші үзіндісі оқылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 050
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"
Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"
Әңгіменің мазмұнын таныстыра отырып, ондағы негізгі ойды, идеяны меңгерту, көркем шығармаға қызығушылығын арттыру
Тіл ұстарту шығармашылық жаттығу жұмыстары
Тіл ұстарту шығармашылық жаттығу жұмыстары
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Аманкелді жалпы білім беретін орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Алтынай Өміртайқызы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы»
Атырау қаласы, Амангелді атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрманғалиева Динара
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Ыбырай Алтынсарин "Таза бұлақ"
Жалғабаева Жанар "Атамекен орта мектебі мұғалімі
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Бакирова Гулнара Усингирқызының
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×