Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл ұстарту шығармашылық жаттығу жұмыстары

15 қаңтар 2015, Бейсенбі
Тақырыбы: Тіл ұстарту шығармашылық жаттығу жұмыстары
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушы бойында шығармашылық көңіл - күй тудыру, жаңаны, өзгеше, тың дүниені сезе білуде сезімталдық, сындарлық, шығармашылық ой - талдауға бейімдеу.
ә) Оқиға, образ жасауға бағыттай отырып, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білуге, сөз ұшқырлығын түсініп, шығармашылыққа деген ішкі құштарлығын ояту.
б) Өзіндік сын айта білуге, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, дәлелдеме ұсына білуге қалыптастыру.
Сабақтың әдіс - тәсілі:
Топтық жұмыс, шығармашылық тапсырма

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды топқа бөліп отырғызу, сабаққа дайындық жұмыстарын жүргізу.
Тіл ұстарту жұмыстары
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы. (Абай).

Шығармашылық тапсырма
 1 - топ – берілген мәтінді аяқтап жазу (суреттеу)
 2 - топ – монолог жазу (жансыз затты сөйлету)
 3 - топ – мінездеме жаздыру (сыныптас бейнесі)

1 - топ – берілген мәтінді аяқтап жазу (суреттеу)
Кешкі көрініс
Көшпелі көк бұлты көлеңкесін көлге түсіріп, айнаға қарап сыланады. Кешкі күн екі көлге кезек шомылып жарқ - жұрқ етеді. Біз таза ауаны тойғанша жұтып, егістіктің ортасында тұрмыз...

2 - топ – монолог жазу (жансыз затты сөйлету)
 Қожаның монологы:
Қадыр - менің әкем. Еһ, шіркін дүние - ай десеңші.”Әке” деген сөзді айтқанда, жүрегім қарс айырыла жаздады - ау. Қандай жақын, қандай ыстық. Балалар менің әкем айтты, менің әкем бүйтті, менің әкем ананы сатып әперетін болды деп, мақтаныш етіп жатады. Ал, мен болсам, әкемнің қандай адам екенін де білмеймін. Өйткені, ол майданға аттанғанда, мен екі жастамын. Екі жасар ақымақ не біледі, не түсінеді? Сол кеткеннен абзал әкем мол кетті, оралмады...

3 - топ – мінездеме жаздыру (сыныптас бейнесі)
... Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде менің атымды атамай, “тәмпіш неме”дейді. Оның айтқаны ып - рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қос ауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп - домалақ, тап - тақыр...
Оһ, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес... Мынау шаш емес, тікенек қой. Тікенек. Мінезіңнің шатақтығы осынан - ақ көрініп тұр.
1 - топ - Тұрақты сөз тіркестерінің тұсына мағыналық түсініктеме беретін баламасын жаз.

 Сіркесі су көтермейтін -
 Қаймағы бұзылмаған –
 Арқаны кеңге салу -
 Жүзіктің көзінен өткендей –
 Сөздің майын тамызу –
 Жұлдызы оңынан туу -

2 - топ. Мақал - мәтелді жалғастыр:
• Алтау ала болса,..........
Төртеу түгел болса,..........
• Білекті......, білімді.......
• Әзіл айтсаң да,.......
• Еменнің иілгені -...,
Жігіттің екі сөйлегені -....
• Асыл -..., ақыл -....

3 – топ. Мына сөздердің тура мағынасын табыңдар:
 Тәтті ұйқы, тәтті қиял, тәтті....
 Ашық мінез, ашық әңгіме, ашық....
 Иненің көзі, байлықтың көзі, көзі....
 Өткір ой, өткір мінез,....
 Алыс арман, алыс туыс,....
 Қалың ел, қалың ағаш,....

Талдау жұмыстары
 1 – топ. Фонетикалық талдау жаса:
Сәрсенбек өнерлі екен.
 2 - топ. Сөз құрамына талдау:
Жаңалықтың, Болатбектен.
 3 - топ. Сөз тіркесіне талдау:
Кітапты бұл шақта Абай көзілдірікпен оқиды.

Бір сабақ жіп
Баяғыда бір шал мен кемпірдің қызы болыпты. Күндердің күнінде қыздың шешесі дүние салады. Айлар өтеді, жылдар өтеді. Бірде үсті - басы тозып кеткен қызын көрген әкесі:
- Қызым, басқа еш нәрсе істемесең де, етегіңе күніне бір сабақ жіп іл,- депті
Қызы әкесінің айтқанын орындамақ болып, етегіне күніне бір сабақ жіп іліп, өткізе беріпті. Бір күні жолаушылап кеткен әкесінің алдынан қызы жүгіріп шықса, қыздың үстіндегі жалбыраған жіптерінен әкесінің аты үркіп, тулап, өлтіріп кете жаздапты. Өз қызын әзер таныған әкесі кетердегі қызына айтқан сөзі есіне түсіп, қапаланған түрмен жерге қарапты.
Қыздың әкесі не айтпақ болды?

Түйін
 Бүгінгі сабақтан алған әсерім
 «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы»

Үйге тапсырма беру:
 Жолдастарыңмен болған бір қызықты диалогты еске түсіріп жазу
. Диалогты әзіл, тапқыр сөз оралымын қосу арқылы толықтыруға болады.
13 608
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Абай поэзиясы әлем тілдерінде атты әдеби кеші
Абай поэзиясы әлем тілдерінде атты әдеби кеші
Абай Құнанбайұлы – үлкен ойшыл – ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері.
Білім - жанып тұрған шырақ
Білім - жанып тұрған шырақ
Біз бүгін өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңді байқау мақсатында. ой – өрістеріңіздің қаншалықты кеңейгендіктерін бақылай отырып, «Білім жанып тұрған шырақ» атты сайысымызды бастаймыз.
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы» әңгімесі
Ыбырай Алтынсарин «Баланың айласы» әңгімесі
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Аманкелді жалпы білім беретін орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Алтынай Өміртайқызы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті, "№17 орта мектебі" КММ - нің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Түсіп Батима Мақсұтқызы
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Бакирова Гулнара Усингирқызының
Абай оқулары
Абай оқулары
Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кемпрекова Жанар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×