Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік еліндегі Наурыз той

16 қаңтар 2015, Жұма
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1 - топ «Алғырлар»
2 - топ «Озаттар»
3 - топ « Білімділер»

- Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Бүгінгі сабағымыз Наурыз мерекесімен тұспа - тұс келіп отыр. Сабақ той түрінде өтеді.
2. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
- Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.
- Биылғы Наурыз мерекесінің ерекшелігі неде?
- Қандай қазақтың салт - дәстүрін білесіңдер?
- Бүгінгі етістік елінде Наурыз той тойланбақшы.
- Той деген не? ( ақ дастарханда той иесіне ақ тілек айту.)
- Тойға кімдер барады?(қонақтар)
- Қонақтардың қандай түрлері бар?( арнайы қонақ, құдайы, қыдырма,)
Тойға ән шашу. ( ән « Наурыз айы туғанда»)

Бәйге. Тірек сигналдары арқылы сөйлем құрау.
Күш сынасу. Топпен жұмыс.( «Қаз бен тырна» мәтінін аяқтау.)

«Қыз қуу». Бір сөзбен айтқанда...
Екі аяғында дамыл болмады - демалмады.
Таң атқанша көз ілмеді - ұйықтамады.
Аузы бір жабылмады - сөйлей берді
Жұмған аузын ашпау - үндемеу.
Төбесі көкке жетті - қуанды.
Қол ұшын берді - көмектесті
Жүрегі алып ұшты - қобалжыды.
Жүрегі қарс айрылды - қайғырды
Жермен жексен етті - талқандады.
Бармағын тістеді - өкінді.

«Киіз үй таңдау» « Қызыл үй» - жұрнақ жалғау.
«Көк үй»- сәйкестік тесін орындау.
«Жасыл үй»- етістікті түрлендіру.
«Наурыз көже» 7 - түрлі тағаммен жасау.
(7 түрлі конферттен тапсырма орындау.)
«Көкпар ойыны» Етістік, етіс, есімше туралы білімдерін жинақтау.
«Айтыс» Кубизм әдісі.
1. Баянда: етістіктің ережесін айту.
2. Қолдан: етістіктен сөйлем құра.
3. Салыстыр: есімше мен көсемшені.
4. Топтастыр: етістіктің түрлерін топта.
5. Байланыстыр: Өткен сөз табымен байланыстыру.
6. Түрлендір: етістікті тәуелде, жікте, септе. Келген қонақтың ішінде сөзге шешен, әңгімешіл қонақтарда бар екен.

«Ой толғау» Топ басшылары ой толғайды.
1 - топқа «Туған жер»
2 - топқа «Ауылым менің»
3 - топқа «Ана тілім - ардағым»
«Тойдың болғаннан, боладысы қызық» дегендей, той аяқталуға жақын қалды.
«Бата» (................... бата береді)
Қонаққа шақырылған соң кәдесіз бармайды.
Біздің кәдеміз – Білім.
Ой – қозғау сатысы.
Тест сұрақтарына жауап.
1. Қазақ тілінде сөз табы қанша?
а. 8, ә. 9
2. Сапасын сынын, дәмін білдіретін сөз табы
А. Сын есім, ә. Сан есім.
3. Ақ қағаз – ақ - сын есімнің қай түрі.
А. Сапалық
ә. Қатыстық.
4. Зат есімнің сұрағы.
А. Кім? Не?
ә. Не істеді? Қатты?
5. Жалпы, жалқы есімдер қай сөз табына жатады?
А. зат есім
ә. Сан есім
6. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы.
А. Үстеу.
ә. Етістік.
7. Есімдік қай сөз табының орнын басады?
А. Үстеудің
ә. Есім сөздердің.
8. Болымды етістікті көрсет.
А. оқымай отыр
ә. Оқып отыр.
9. Табыс септігін талап ететін етістік
А. сабақты
ә. Салт.

10. Тұйық етістіктің жұрнағы.
А. И
ә. У
11. Көсемшенің жұрнағын көрсет.
А. А - е - й
ә. Мақ - мек, - пақ - пек, бақ - бек.
12. Қатыстық сын есімді көрсет.
А. Қызыл алма
ә. Өнерлі бала.

Сабақты сұрақ - жауап арқылы бекіту
Жеңген топты марапаттау.
2 339
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурыз - думан Менің атым – Наурыз Наурыз көже, сары уыз Алып келдім татыңыз Есік ашып, шашу шашып, Ел болып қарсы алайық.
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Ұмытпайық ата - баба дәстүрін
Ұмытпайық ата - баба дәстүрін
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапаққөл орта мектебі. тәлімгер: Нуржанова Жанат Құмарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×