Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақал-мәтелдер - даналық көзі

28 қазан 2012, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Мақал – мәтелдер - даналық көзі

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Мақал - мәтелдердің ғасырлар шежіресі екенін ұғындыра отырып, өзара ерекшеліктерін түсіндіру, мақал - мәтелдердің шығу тарихынан толық мәлімет беру.
Дамытушылығы: Қызықты грамматикалық Ойындар арқылы тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Мақал - мәтел мазмұнын талдай отырып, тапқырлыққа, шешендікке, тіл шеберлігіне тәрбиелеу.
Сабақ түрі: СТО
Сабақ әдісі: аралас сабақ, сұрақ - жауап, қорытындылау, түсіндіру, іздендіру
Сабақ типі: бекіту, пысықтау, сұрау сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта. суреттер, слайдтар, кестелер
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, сурет

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
І топ Тұрмыс – салт жырлары туралы
ІІ топ Тұрмыс – салт жырларының түрлері
ІІІ топ Бата және оның түрлері

Үй тапсырмасын қорытындылау:
І топ сұрақтары:
1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетінің түрлерін ата?
3. Ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктерді ата?
ІІ топ
Тұрмыс – салт жырлары дегеніміз не?
2. Тұрмыс – салт жырларын ата?
3. Әдет ғұрыпқа байланысты өлең жырларды ата?
ІІІ топ
1. Жазба әдебиетінің негізін қалаушы кім?
2. Жазба әдебиетке тән ерекшеліктерді ата?
3. «Жаңа күн»сөзінің мағынасын түсіндір?

І. Қызығушылығын ояту
Сөзжұмбақ шешсек, бүгінгі күннің тақырыбы шығады.
1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.
2. Заттың атын білдіретін сөз табы.
3. Жылқы бірі.
4. Адамның түрлі көңіл - күйін білдіретін сөздер.
5. Жеке заттарға қойылатын сөздер.
6. Балаға ең қымбат -.
7. Білім беретін мекеме.
8. Бірнеше сөйлемнен құралатын негізгі ойды білдіреді.
9. Көркемдеп суреттеуде затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспен салыстырып бейнелеу.
10. Сиыр пірі.
11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.

Міне балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы. Мақал – мәтелдер - даналық көзі
Мақал – мәтелдер – ерте заманнан ұрпақтан – ұрпаққа ауысып келе жатқан мұра, сөз өрнегі. Тіліміздегі «Сөздің көркі - мақал» деген аталы сөз бар. Мақал – мәтел ықшам, көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды құрайды. Мақал – мәтелдер – ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал – мәтелдерде нақыл, ақыл айтылады. Мақалды көп біліп, көп қолданылатын адамның білімі де, ақылы да арта түседі. /Мақал - мәтелдердің шығу тарихы туралы айтылады/.

ІІ. Мағынаны таныту
І топ Мақал – мәтелдердің зерттелуі, тәрбиелік мәні /зерттеу/
ІІ топ Мақал мен мәтелдің айырмашылығы /салыстыру/
ІІІ топ Мақал - мәтелдердің құрылымдық ерекшелігі /дәлелдеу/

Топпен жұмыс
І топ Ана сүті ой өсіреді, /Мақал – мәтелдерді пайдалана отырып, ойтолғау/
ІІ топ Ойлай білгеннің ойы ұшқыр /Суреттер бойынша мақал – мәтелдер тауып айту, бір өлеңді жатқа оқы/

ІІІ топ Сәйкестендіру тесті.
1. Ердің сыншысы -...... (отан)
2. Оқу........ құдық қазғандай (өлгені)
3. Көп сөз - көмір, аз сөз - не? (тәрбие)
4. Өлімнен...... (күшті)
5. Атаңның баласы болма, (бір рет)
................. баласы бол ( инемен)
6. Ер жігіттің екі сөйлегені - (алтын)
.................. (балалы)
7. Жеті рет өлшеп,..... рет кес (баласыз)
8........... үй базар, (ұят)
............... үй - мазар (ел)
9....... отбасынан басталады. халқыңның

ІІІ. Толғаныс сәті
І топ Жазылған әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған әріптерді тап. Сол әріптерді жалғастырып жазғанда жасырынған мақал шығады. Сол не мақал?
Кім - өкім Ара - арқа
Желі - желін Су - ысу
Кен - кене Қобы - қобыз
Елік - ерлік Қылық - ықылық
Мал - амал Баға - балға
Мүше - мүшел Аяқ - таяқ
Ана - дана Кит - киіт
Жауабы: «Өнер алды - қызыл тіл»

ІІ топ Екі жақты күнделікті толтыру
ІІІ топ Тіл - менің көзіммен /газет шығару/.

Сабақты қорытындылау Сұрақтарға мақал – мәтелмен тез жауап беру
Үйге тапсырма:
І топ «Мақал - мәтел – ғасыр шежіресі» /эссе жазу/
ІІ топ Көркем шығармалардағы мақал - мәтелдердің қолданылуы
ІІІ топ Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні
43 838
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер жөнінде ұғымдарын қалыптастыру, мақал – мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін, мақал – мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер туралы түсінік беру Оқушы бойында өз бетіме білім алу дағдысын реттеу
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Мақал - мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру. Сауатты жазуға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунусова Майрагуль Садырбайқызы
Батырлар жыры «Қобыланды батыр»
Батырлар жыры «Қобыланды батыр»
Мухамедрахимова Гульжанар Жаскайратовна - бастауыш сынып мұғалімі.
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×