Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эвфемизм мен дисфемизмдер

20 ақпан 2015, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизмдер

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Эвфемизм мен дисфемизм туралы толық мағлұмат беру. Эвфемизм мен дисфемизм сөздерінің жеткізу жолдарын ұғындыру. Оларды ажырата білуге үйрету
Дамытушылық: Оқу, жаттығу жұмыстары арқылы пікірлесу, іздендіру арқылы оқушының ойын, дүниетанымын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Тыйым сөздердің мәнін аша отырып адамгершілік тәрбие беру. Ізгілікке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, баяндау, талдау, түсіндіру, топтастыру;
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақ көрнекілігі: кесте, венн диаграммасы, интербелсенді тақта

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу;
2. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау
«Асықтар» ойыны арқылы өткен сабақты бекіту. Дорбадан асықтарға байланған сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Интербелсенді тақтадан сызбалар арқылы түсіндіріледі.
Дисфемизм – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама - қарсы әдеби тілге жатпайтын, тұрпайы, дөрекі түрде айтылатын, біреуді қорлау, кеміту мақсатында пайдаланылатын сөздер.
Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу.

Оқулықпен жұмыс
106 - жаттығу: Сөздерді эвфемизмдермен алмастырып жазу:
Ұры -
өсекші -
боқмұрын -
қырт
саңырау -
соқыр -
ақсақ -
мылқау -
топас -
жынды

Диалог құру
Өзіңді ата - анаң қалай еркелетіп айтады.

Сергіту сәті
Эвфемизм мен дисфемизмдер сөздерін мұрныңның ұшымен жаз.
Ү. Сабақты бекіту
Жинақтау, қорытындылау. (Тест)

ҮІ. Үйге тапсырма:
102 - жаттығу - Жаттығуды көшіріп жазыңдар, қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашу.
УІІ. Бағалау
5 064
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Эвфемизм мен дисфемизм
Эвфемизм мен дисфемизм
Эвфемизм - Сыпайы, жағымды, әдеби тілдің үлгісіне жатады. Дисфемизм - Әдепсіз, дөрекі, жағымсыз. Әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі. Мысалы:1. Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды. (көмгенше –
Күнделікті сабақ жоспары, Эвфемизм мен дисфемизм
Күнделікті сабақ жоспары, Эвфемизм мен дисфемизм
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 21. Эвфемизм мен дисфемизм 22. Тұрақты тіркестер 23. Тұрақты тіркестердің ерекшеліктері 24. Мақал - мәтелдер 25. Мақал – мәтелдің ұқсастығы мен ерекшелігі
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Гульнур Абубакировна
Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Эвфемизм, дисфемизм
Эвфемизм, дисфемизм
Астана қаласы №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Темірбекова Күләш Ахметқызы
Эвфемизм мен дисфемизм
Эвфемизм мен дисфемизм
1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың білімін дамыту, тереңдету, ізденістігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, ережелерді түсіндіре отырып, ажырата білуге баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×