Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Түркі сөздерінің жинағы» ғалымдар зерттеуінде

30 наурыз 2015, Дүйсенбі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
«Түркі сөздерінің жинағы» ғалымдар зерттеуінде
Сабақтың типі:
Аралас сабақ
Сабақтың түрі:
Жоба қорғау
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:
Қазақ тілінің теориясы мен тарихы бойынша толық ақпарат беру. Түркі сөздерінің жинағының тілдік, құрылымдық ерекшеліктері бойынша зерттеулерді талдау.
Түркі халықтарының афоризмдері мен бәйіттерінің ерекшеліктерінің мәнін ұғыну.
Тәрбиелік:
Оқушыларды ынтымақтастық технологиясы негізінде берілген тапсырмалар мен зерттеулер арқылы адамгершілікке, сыйластыққа, отансүйгіштікке, ел жандылыққа, тәрбиелеу. Ізденушілік, еңбексүйгіштік қабілеттерін арттыру, түбі бір түркі тілдес халықтардың құнды әдеби шығармалардың мәнін ашып, дәріптеуге үйрету. Оқушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының мәні мен Қазақстанның барлық халықтарының мәдениетін, тілін, дәстүрін құрметтеуге, тағылым алуға баулу
Дамытушылық:
Оқушылардың «Диуани лұғат - ат түрік» туралы білімдерін толықтыру, зерттеулердің мәнін ұғыну, шығармашылық ізденіс жұмыстарына тарту, афоризмдер мен бәйіттерді талдай білу арқылы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Кәсібилік
- «Түркі сөздерінің жинағы» жөнінде ғалымдар зерттеулерін жинақтау, талдау;
- «Екі жақты түсіндірме сөздігін» жүргізу.
Күтілетін нәтижелер:
Базалық: - Түркі сөздері бойынша ұғымдары тереңдей түседі;
- Тілдік ерекшеліктерді дұрыс қолдана білуге дағдыланады.
Кәсіптік:
- Түркі сөздігінің ерекшеліктерін, тапсырмаларды орындауды, ақпарат көзінен алған материалдарды салыстыра оқуды және кәсіби деңгейде қолдана алуды біледі;
- Тапсырмаларды орындау барысында ой қорытуға, пікірлерді салыстырып, ой толғау жазуға дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, өзін - өзі тану, қазақ тілі т. б.

ІІ БЛОК «Сабақтың жабдықталуы»
Көрнекі құралдар
Қосымша ақпарат материалдары.
Интерактивті тақта
Таратпа материалдар Лекция материалдары, ақпарат көздерінен алынған материалдар т. б.
Оқытудың техникалық құралдары Интерактивті тақта, магниттік тақта, т. б.
Ақпараттық қор
Негізгі: (әдебиеттер) М. Томанов, «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», Алматы, 1981ж
Т. Р. Қордабаев, «Тарихи синтаксис мәселелері», Алматы, 1964 ж.

Сабақтың технологиясы мен әдістері: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту технологиясы, сұрақ - жауап әдісі, баяндау әдісі, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, интерактивті әдістер: Блум таксаномиясы, түсіндіре - баяндау, миға шабуыл, ой шақыру, салыстыру, талдау, ақпарат беру;
Оқу - әдістемелік кешен №1 Оқу әдістемелік кешен

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу.
2. Оқушыларды топқа бөлу.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін қанатты сөздер беріледі, оқушылар мәнін ашады, биылғы жыл ерекшелігімен байланысын айқындайды.

1. Халықтар достығы - біздің бірегей байлығымыз ғана емес, сонымен қатар, сеніміміз де, үмітіміз де.
2. Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім - біздің басты құндылығымыз.
Н. Ә. Назарбаев, «Еркін елдің жастары», Астана 2013 ж

«Сиқырлы қалам» әдісі арқылы оқушылардан Қазақстан халқы ассамблеясы туралы ойларын ортаға салу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Тарихи синтаксис мәселелері тақырыбында мәлімет сұрау.
2. Қайталау - білім анасы
Ұяшықты таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
 Сабақтың мақсат - міндеттерін таныстыру;
Блум таксономиясының сатылары:
1. Білу кезеңі
2. Түсіну кезеңі
3. Қолдану кезеңі
4. Талдау кезеңі
5. Жинақтау кезеңі
6. Бағалау кезеңі

IV. Жаңа сабақты түсіндіру

Білу кезеңі
Оқушылар «миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.
1 X - XIII ғасырлар арасында түркі тектес басқа халықтармен қатар қазақ тілі тарихы үшін де маңызды шығармаларды атаңдар?
Түсіну кезеңі
Мұғалім түсіндірмесі
Өркениет қазынасына өз үлестерін қосқан халықтардың мәдени және ғылыми мұраларын зерттеу - ғасырлар тереңінде өздерінің ізгі ойларын ұсынған ұлы адамдардың есімдерін ғана емес, әр халықтың өзіне тән бай мәдениетін де көрсетеді. Тәуелсіздігіміз орнаған, еліміз егемендігін алған осы шақта біздің мақтануға тұрарлық өткеніміз де бар. Түркі тілдес халықтарға ортақ құндылықтардың бірі –
М. Қашқаридің «Диуани лұғат - түрік» сөздігі.
«Диуану лұғат - ит - түрк» атты шығарма 1072 - 1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше - арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000 - нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей - тегжейлі түсіндірме - аудармалары қамтылған
Қолдану кезеңі
 Топтық жұмыс
 Топтық ізденіс жұмыстары

1 - топ. М. Қашқари «Диуани лұғат - ат түрік» - түрік халықтарының ортақ мұрасы

2 - топ. М. Қашқари «Диуани лұғат - түрік сөздігі» ғалымдар зерттеуінде және баспасөз беттеріндегі зерттеулерде

Талдау кезеңі
1 - топ.
«Салыстырмалы кесте» әдісі арқылы сөздікте кездесетін афоризмдерге шығармашылық талдау
2 - топ..
«Екі жақты түсіндірме күнделігі» негізінде түркі халықтарының бәйіттеріне шығармашылық талдау

V. Жаңа сабақты бекіту Жинақтау кезеңі
5 жолды өлең әдісі арқылы жинақтау.

Сабақты қорытындылау
Бағалау

VI. Үйге тапсырма
Сөздік бойынша сөйлем мүшелеріне талдау жасау
«Қазақстан халықтары Ассамблеясына 20 жыл» тақырыбына эссе жазу
Кері байланыс парағын тарату

Бағалау кезеңі:
Сабақ нәтижесі бойынша критерийлер арқылы бағаланады.
5 239
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәйф Сарай “Түркіше Гүлстан”
Сәйф Сарай “Түркіше Гүлстан”
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Абубакирова Тоғжан Манарбекқызы
Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы
Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы
Батыс Қазақстан облысы, Қызылоба ауылы, Жаңақала ауданы, Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Т.А.Дюсегалиева
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI – IX ғ)
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI – IX ғ)
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сисенғалиева Люба Хамитқызы
Қазақ әдебиетін тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Қазақ әдебиетін тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 8-сынып. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту (аптасына -3 сағат. Барлығы -102 сағат)
Махмұд Қашқари (1029-1101 жж.)
Махмұд Қашқари (1029-1101 жж.)
Махмұд Қашқари (1029-1101 жж.) Махмұд Қашқаридің толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол ХІ ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым, Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×