Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабит Мүсіреповтың шығармашылық жолы

02 қараша 2015, Дүйсенбі
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы,
Даму мүмкіндігі шектеулі жетім балалар мен ата – анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
Соколов арнайы (түзету) мектеп - интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Умарова Назгүл Сейпатталқызы

Сабақтың тақырыбы: «Ғабит Мүсіреповтың шығармашылық жолы»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: сөз зергері, ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға - Ғабит Мүсіреповтың жасаған игі істерін зерттей, оның шығармаларын оқушыларға өз беттерімен оқыта отырып, тірек сызбалар арқылы бағыт - бағдар беру, шығармаларының идеялық тақырыбын жан - жақты ашу.
ә) дамытушылық: оқушылардың танымдылық, білімділік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, іздемпаздық ой - өрісін дамыту, сөздік қорын бағалау.
б) тәрбиелік: жазушының өнегелі өмірін, шындықты бетке айтатын қайсарлығын, қайратын үлгі ете отырып, оқушыларды туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, ерлікке, мейірімділікке, елін сүюге баулу
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, сұрақ - жауап, жинақтау, топтастыру.
Сабақтың түрі: пікір айту, ойталқы, шығармашылық сабақ.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың барысын, мақсатын түсіндіру.
Жаңа сабақ. Кіріспе бөлімді слайдта Ғ. Мүсіреповтың фото суреттерін, мұражайдың суреттерін көрсетіп отырып әңгімелеймін.
Сабақ З. Қабдоловтың мына сөздерімен (эпиграф ретінде алынған) басталады:
«Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек».
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – ұлттық сөз өнерінің тарихында мәңгі қалатын өз мектебі, қайталанбас өрнегі, өшпес ізі бар, сөзі сара, ойы терең зор тұлға.
Өзін қазақпын деп есептейтін, ана тілінің қадір - қасиетін біліп өскен әрбір азамат өз өмірінде Ғ. Мүсіреповтың қаламынан шыққан қайталанбас дара да, әсерлі шығармаларын сүйсіне оқи отырып, олардан тәлім - тәрбие алғаны даусыз.
Керемет дарындылығымен, ізденгіштігінің арқасында Ғ. Мүсірепов қазақ әдебиетінің алдыңғы шебіндегі маңдай алды қаламгерлерінің бірі болып қалды. Көркем сөзді түсіне білетін, өз Отанын, ана тілін қадірлейтін қазақ оқырманының жүрегіне ол өзінің әңгімелерімен, «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан» секілді кесек туындыларымен, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жібек», сияқты шығармаларымен ұялап, олардың сый сияпатына, сүйіспеншілігіне бөленді. Бүгінгі сабағымызда атамыз жайлы сыр шертісіп, ой бөлісеміз.
Негізгі бөлім. Сабақ кезеңдер бойынша өтеді.
1 кезең. Дарынды жазушы. (Эссе жазу)
2 кезең. Кластер жасау.

3 кезең. Сөз зергері.
- Балалар, «Ана» тақырыбы – үлкен де ауқымды тақырып, оны әр адам өзінше түсінеді, өзінше қағазға түсіреді, өзінше жырлап, бейнелейді. Атамыз Ғабит те өзінше суреттеген, ал сіздер «Ана» деген осынау қасиетті сөзді қалай түсінесіңдер? Тақтаға шығып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мына тірек сызба арқылы топтастырыңыздар.

4 кезең. Драматург – Ғабит Мүсірепов.
Пьесаларды кесте арқылы талдау.
Пьесаның аты
Тақырыбы
Не туралы?
Басты кейіпкерлер мен олардың қасиеті.
Олардың күресетін жаулары.

Өздерің мектептен білетін «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» пьесасынан үзінді көрініс көрсетіңдер.

5 кезең. Венн диаграммасы.
«Қыз Жібек» киносы мен «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» пьесасының қандай айырмашылығы бар екенін түсіндіріңдер.

6 кезең. Деңгейлік тапсырмалар
1 деңгей.
1. Өз өмірі жайлы қай әңгімесінде сипаттаған? (Автобиографиялық әңгімесі).
2. Ғабиттің қара сөзбен жазған поэмасы қалай аталады? («Кездеспей кеткен бір бейне»)
3. «Тырнақалды» туындысы қай жылы, қай газетте жарияланған? («Еңбекші қазақ» газетінде, 1925 жылы «Едіге» деген әңгімесі)
4. 1917 жылы 2 сыныпты орыс мектебіне оқуға түскенде кімнен дәріс алады? (қазақтың белгілі ұстаз ақыны Бекет Өтетілеуов)
2 деңгей.
1. Кімнің шығармаларын қазақшаға аударды? (М. Горькийдің)
2. Қай жылы қайда туған?
3. Қай жылы қайтыс болған?
4. Қандай шет елдерде болды?(Жапония, Египед, Алжир, Италия т. б.)
3 деңгей.
1. 1923 жылы кімнің жетелеуімен Орынбор қаласындағы рабфакқа оқуға түседі? (С. Мұқанов)
2. 1916 жыл ұлт - азаттық қозғалысы мен Азамат соғысының көрінісін, ауыл тіршілігі мен әйелдер тағдырын суреттеген әңгімесі қалай аталады?
(«Тулаған толқындар»)
3. 1966 жылы қандай журналдың бас редакторы болып істейді? («Ара - Шмель» атты журнал)
4. 1927 - 1928 жылдары қай жерде ұстаздық қызмет атқарады? (Щучинск орман шаруашылық техникумында ұстаздық қызмет атқарады)

7 кезең. Үй жұмысы: Ғ. Мүсіреповке хат жолда.
Сабақты қорыту. Ой қозғау. (Бүгінгі сабақ туралы оқушылар өз ойларын ортаға салады.)
Бағалау.
Ғабит Мүсіреповтың шығармашылық жолы жүктеу
15 705
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов туралы мәлімет беру, алған білімдерін қорыту, жинақтау, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру.
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
Оқушылардың білімдерін ұштастыра отырып, қазақ әдебиеті мен қазақ халқының дәстүрін ұғындыру. Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік беру. «Ұлпан» повесінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы ана, әйел тақырыбы. «Ұлпан» романындағы Ұлпан образы
Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы ана, әйел тақырыбы. «Ұлпан» романындағы Ұлпан образы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің психологі Сейітова Гүлзада Пернебекқызы
әдеби кеш
әдеби кеш
Бұл сыныптан тыс жұмысым Ғабит Мүсіреповтың 110 жылдығына арналған. Балаларға өмір белестерінен аз ғана болса үзінді көрсету Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Рияпова Толқын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×