Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы

21 ақпан 2014, Жұма
Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Ғабит Мүсірепов туралы мәлімет беру, алған білімдерін қорыту, жинақтау, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Шығармалардың мазмұндық желісін тақырыбына сай талдау жасау арқылы оқушының ойлау қабілеттерін арттыру, эстетикалық сезімін ояту, әдеби пікір – таластар арқылы оқушының тілін дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен іздену және өзіндік ой тұжырым жасауға баулу.
3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа, іздемпаздыққа, уәде беріктікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорыту, жинақтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, пікір - талас, іздендіру
Пәнаралық байланыс: тарих, мәдениеттану, қазақ тілі
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітаптар көрінісі
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, сабаққа даярлық, түгендеу
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойын бір ортаға топтау мақсатында мынадай ой тасталады: Ой қозғау? Миға шабуыл?
- Біздің бүгінгі және ертеңгі, болашақтағы мақсатымыз не?
Балалар бұл сұраққа мына түрде жауап береді:
- Оқу білім алу
- Тәрбиелі саналы азамат болу.
- Еңбек ету.
- ел экономикасын, мәдениетін көтеру.
- Ол үшін не істеу керек?
- Үлкенді тыңдап, кішіге қамқорлық көрсетіп, сабақты зейін қойып тыңдау керек.
- Біз ата – бабаларымыздың салт - дәстүрін жаңғыртатын. Жаңалыққа ұмтылатын ізденімпаз оқушылармыз!
ІІ Үй жұмысын сұрау: Тест тапсырмасын орындау

ІІІ. Жаңа сабақ: Кіріспе. Балалар, біз Ғабит Мүсіреповтың өмірі және оның шығармашылығы туралы жаңа білім аламыз, қорытындылаймыз. Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңа жол ауылында орта дәулетті отбасында дүниеге келген келешек қаламгер алғашында ауыл моласынан оқып, хат таниды. Ол кездегі ауыл ақсақалдарының бір әдемі әдеті - кешке жақын дөң басына, көкорай шалғын көк майса үстіне киізді жайғызып тастап, неше түрлі қисса, жырды қызыға, құныға тыңдайтын. «Әдебиетпен алғаш жақын танысуым осы еді»,- дейтін жазушы балалық шағын есіне түсіріп отырып. Зерек бала «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Ләйлі - Мәжнүн», «Көроғлы», «Сал - сал» секілді ерлік пен елдікке, пәктік пен сұлулыққа толы інжу - маржан жырды сүйсіне оқып, талай бетін жаттап та алады.
Хронологиялдық кесте

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 313
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Шығарманың мазмұнын меңгереді, өз пікірін қорғайды, салт - дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды;
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов туралы мәлімет беру, алған білімдерін қорыту, жинақтау, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру.
Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі 2-сағат
Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі 2-сағат
Оқушылардың шығарма авторы туралы жинаған мәліметтерін білген білімдерін бекіту, шығарманы жан - жақты талдауға үйрете отырып, меңгерту
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік беру. «Ұлпан» повесінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру
Ғабит Мүсіреповтің шығармаларын талдау
Ғабит Мүсіреповтің шығармаларын талдау
Қызылорда қаласы, М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Керімханқызы Ақтоты
Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»
Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»
Қызылорда қаласы, Н. Ильясов атындағы №9 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күздеубаева Алия Сайфуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×