Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


әдеби кеш

28 сәуір 2012, Сенбі
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Шаховское орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Рияпова Толқын Алпысбайқызы

Ғабит Мүсіреповтың туғанына 110 жыл толуына байланысты әдеби кеш
«Қазақтың таң жұлдызы» әдеби кеш
1-жүргізуші:
-Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі әдеби кешімізді Ғабит Мүсіреповтың 110 жылдығына арнап отырмыз.
2-жүргізуші:
-Себебі: қазақ халқы үшін басын тауға да, тасқа да соққан қазақтың біртуар ұлының бірі, әдебиет алыбы, жазушы Ғабит Мүсіреповтың туғанына 110 жыл толып отыр. Қазақ халқының мәдениетінің, әдебиетінің дамуында жазушы есімі ерекше орын алады. Ғабит бар халықты талантына бас идірген жазушы, қоғам қайраткері, драматург, редактор.
1-жүргізуші:
- Ғабит Мүсірепов қазіргі солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында 1902 жылы 22 наурызда дүниеге келген. Әкесі Махмұт кедей шаруа болған. Ғабит Мүсірепов 9 жасқа дейін өз ауылында оқып, арабша хат таныды.
2-жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі кешімізде жазушы туралы қанша айтса да жарасады. Дәл осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, оның көпжанрлы әңгімелері, новеллалары, очерктері, романдары бізбен бірге. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған Ғабит атамыз 1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. Болашақ жазушының көркем әдебиетке деген құштарлығын оятуға осы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген ақын әрі көрнекті педагог Бекет Өтетілеуовтің ықпалы күшті болды.
1-жүргізуші:
- Ғабит Мүсірепов бұл кісіні өзінің «Автобиографиялық әңгімесінде» үлкен құрметпен еске алады. «Бекет менің қиссаға құмарлығымды білгеннен кейін, мені әдебиетке тура тарта бастады. Әуелі «Жиған-терген» деген өзі шығарған өлеңді берді. Содан соң ол маған бір жетіге "Шаһарман" қиссасын беріп. Кейін ертегі ретінде түгел айтқызып шықты» деп еске алады. Бекет Өтетілеуов 1883-1949 жылдары өмір сүрген Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын Абайдан кейін қазақшаға аударған қазақ балаларын орыс тілін үйрету мәселелерімен шұғылданған педагог-жазушы.
2-жүргізуші:
- Ғабит Мүсіреповтың балалық шағын еске ала отырып, оның оқытушысымен әңгімелескен жерін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
- Ия, осындай от жалындап тұрған қазақтың қарапайым баласынан білім нәрімен сусындаған, аңғал да ақ көңіл қазақтың таң жұлдызы, халқының бетке ұстар нұр құндызы дүниеге келді.
Ән: «Ұстазым» әні орындайтын бастауыш сынып оқушылары
2-жүргізуші:
-«Ғабит Мүсіреповті тақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек.» деп Зейнолла Қабдолов айтқандай Ғабит атамыздың еңбек жолын айтатын болсақ, «Қазақстан» баспасының бас редакторы, Қазақ АКСР Оқу халық комиссариаты өнер секторының меңгерушісі. «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1937 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті саяси – ағарту бөлімінің меңгерушісі болады.
1-жүргізуші:
- 1937-1938 жылдарда қара дауылдай соғып тұрған сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді: қазақ әдебиетінің негізін қалауға ат салысқан С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров т.б. бастаған ақын жазушылар нақақ жаланың құрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қырқылып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас шығысыға душар етті. Дәл осы кездеде өз басына қауіп-қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі- Ғабит Мүсірепов еді. Оның жазушы Бейімбет Майлинді қаралаушылар дүрмегіне қосылмай, «Беймбет халық жауы болса, мен де халық жауымын», деп сөйлегені бүкіл елге мәлім болған.
2-жүргізуші:
-Ел басына түскен азапты күндер , қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драмматург Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» драммасынан көруге болады. Сол драммадан үзінді тамашаласақ.
Сахнада 6-7 сынып оқушылары.
1-жүргізуші:
- Жазушы, драмашы, публицист Ғабит Мүсіреповтың көп қырлы, сан қырлы шығармаларының бір саласы-новеллалар мен әңгімелер. Ғабит Мүсіреповтың қазақ әдебиетінде әкелген идеялық-көркемдік жаңалықтары аз емес. Мұның бір қыры ана туралы новеллалар еді. Көпшілікті елең еткізген кейіпкер аналары мен қыздар әр оқырманның жүрегінен ерекше орын алады.
2-жүргізуші:
- Жазушының қаламына арқау болған аналар, қыздар туралы шығармалары: «Ұлпан» романы ондағы Ұлпан бейнесі, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанындағы Баян бейнесі , «Ананың анасы» әңгімесіндегі Ер ана бейнесі бүкіл ана атаулының қыр сырын ашып бергендей т.б.шығармалары да бар.Осы аталған шығармалардан үзінді тамашалайық.
Сахнада: 6-7-сынып қыздары.
Ән: «Қыздар-ай» орындайтын Хабтбулин Тамерлан
1-жүргізуші:
- Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына , жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді. Ғабит Мүсірепвтың тіл туралы айтылған пікірлерін тыңдаңыздар.
5-6сынып оқушылары
2-жүргізуші:
-Ғабит туындысы-сарқылмас бұлақ. Сөз шебері Ғабит ата, сізге әрқашан борыштымыз. Ғабит атамыздың қойын дәптерінен алынған мынадай қазақ халқы туралы пікірімен аяқтағымыз келіп отыр. «Қазақ деген ел – бостанадық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. Сонша кең дүниеде жүріп ол елдің жан-жүрегі таза болмаса, таңдануға болар еді. Жоқ, ол асқан ақ көңіл, мырза, сенгіш, барықсыз ел».
1-жүргізуші:
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» дей отырып Ғабит Мүсіреповтың 110 жылдығына арналған әдеби кешімізді тамашалағандарыңызға көп рахмет.
10 144
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Шығарманың мазмұнын меңгереді, өз пікірін қорғайды, салт - дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды;
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов туралы мәлімет беру, алған білімдерін қорыту, жинақтау, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру.
Ғабит Мүсірепов (1902 - 1985)
Ғабит Мүсірепов (1902 - 1985)
Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірдегі көрнекті қайраткерлерінің бірі — көркемсөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
Оқушылардың білімдерін ұштастыра отырып, қазақ әдебиеті мен қазақ халқының дәстүрін ұғындыру. Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік беру. «Ұлпан» повесінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×