Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабит Мүсірепов

23 сәуір 2018, Дүйсенбі
Сабақ жоспары
Қазақ әдебиеті 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ғабит Мүсірепов туралы мәлімет беру, алған білімдерін қорыту, жинақтау, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылық: Шығармалардың мазмұндық желісін тақырыбына сай талдау жасау арқылы оқушының ойлау қабілеттерін арттыру, эстетикалық сезімін ояту, әдеби пікір – таластар арқылы оқушының тілін дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен іздену және өзіндік ой тұжырым жасауға баулу.
Тәрбиелік: Жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа, іздемпаздыққа, уәде беріктікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, пікір - талас, іздендіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланыс: тарих, мәдениеттану, қазақ тілі

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру:
- Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету
(сыныпты сабаққа әзірлеу);
- Сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына көңіл бөлу;
- Оқушыларды қарым - қатынасқа психологиялық дайындау;
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру;

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
- Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;
- Кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;
- Қатемен жұмыс;
Тест алу, жаттау сұрау.

3. Өткен сабақпен жаңа сабақты сабақтастыру:
- Өткен сабаққа шолу
- Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру
- Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту: Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығын оқыту.

4. Жаңа сабақты түсіндіру:
Міндеттері: Жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту.
Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсірепов барлық жанрда шығарма жазған, әрі ол шығармаларынан басы артық сөз таба алмайсыз. Қазақ әдеби тілінің тазалығы үшін тынбай күрескен қайраткер де Ғабит Мүсірепов.
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығының хронологиялық тәртібі
1902 ж 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында қазіргі Ғ. Мүсірепов атындағы ауыл дүниеге келеді
1908 - 1910ж ауыл молдасынан хат танып, діни сауатын ашады.
1916 - 1918ж Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныпты бастауыш училищеде оқуын жалғастырады.
1918 - 1921ж Пресногорьков жоғары бастауыш училищесінде білім алады.
1923 - 1926ж Орынбордағы жұмысшы факультетінде оқыды.
1927ж Партия қатарына өтеді. Омбы ауыл шаруашылығы академиясында білім алады.
1927 - 1928ж Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы болып істейді.
1928 - 1932ж Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметін атқарады.
1932ж 4 шілдеде Республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген жай жайлы Қазақ өлкелік комитетіне “Бесеудің хатын” жолдайды.
1934 - 1935ж “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы қызметін атқарады.
1945ж “Қазақ батыры” повесі жарық көрді.
1950 ж “Қазақ батыры” повесі өңделіп, толықтырылып, “Қазақ солдаты” романы болып жарияланды.
1972ж Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
1984ж Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
1985ж 31 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеден өтті.
2002ж 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Астана қаласындағы көшелердің біріне, Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына есімі беріліп, ескерткіші қойылды.
5. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі:
Міндеті: Жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру.

Ғабит Мүсірепов. жүктеу
8 863
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
Оқушылардың білімдерін ұштастыра отырып, қазақ әдебиеті мен қазақ халқының дәстүрін ұғындыру. Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі 2-сағат
Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі 2-сағат
Оқушылардың шығарма авторы туралы жинаған мәліметтерін білген білімдерін бекіту, шығарманы жан - жақты талдауға үйрете отырып, меңгерту
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» романынан үзінді
Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік беру. «Ұлпан» повесінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру
Ғабит Мүсіреповтің шығармаларын талдау
Ғабит Мүсіреповтің шығармаларын талдау
Қызылорда қаласы, М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Керімханқызы Ақтоты
Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»
Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»
Қызылорда қаласы, Н. Ильясов атындағы №9 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күздеубаева Алия Сайфуллақызы
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×