Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Синонимдер

20 қазан 2016, Бейсенбі
Қазақ тілі 5 сынып
Тақырыбы: Синонимдер
Мақсаты: Оқушылардың синонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту.
Күтілетін нәтиже 1. Синонимдер туралы білім алады.
2. Сөздердің сипатына қарай өмірде қолданады.
3. Ерекшеліктерін айта алады.
Керекті жабдықтар: Проектор, ресурстар, түрлі түсті стикерлер.

Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Сергіту сәті» Мұғалім оқушылармен амандасады.
Ерте, ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты. Оның балалары өте көп болыпты. Бай отбасымен өте тату - тәтті өмір сүріпті. Олардың татулығы сондай, тіпті, балаларының барлығы бірігіп бір үйде тұрыпты. Бай баларының аттарын Күшті, Мықты, Қайратты, Қажырлы, Әлді Қарулы, Сұлу, Әдемі, Әсем, Көркем деп атапты. Бұл сөздердің мағынасы бір - біріне ұқсас екен, бәлкім, олар сол себепті тату шығар. Олай болса сергіту сәтін «Тату сөздер»деп атап, біз де бір үйде тұратын тату сөздерге айналайық.
«Шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір - біріне мінездері, түр сипаты, мықтылығы жайлы синоним сөздер айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Доп лақтыру әдісі 69 - жаттығу. Омонимдерге мысалдар жазу.
«Доп лақтыру» әдісі арқылы оқушылар бір – біріне сұрақтар қояды.

ІІІ. Жаңа тақырып. ІІІ топқа екі суреттен беріледі.. Сол суреттерге қарап отырып синонимдерін табады.

Бұл кім?
Ұстаз, мұғалім, оқытушы
Адам, кісі. жан, пенде
Сәби, нәресте, шақалақ, бөпе, бөбек, бала, перзент
Тамақ, ас, тағам, дәм
Қуану, шаттану, мәз болу
Өкіну, опық жеу, бармағын тістеу

Топтық тапсырма
І топ: Зат есім
Ас, өң сөздерінің синонимін тауып сөйлем құрау.
Ас, тамақ, дәм, тағам, ауқат
Өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік, кескін, рең, дидар,, шырай
Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды.
Асанға қарасам көркіне көз тоймайды.

ІІ топ: Сын есім
Салмақты, әдемі сөздерінің синонимін тауып сөйлем құрау.
Салмақты сабырлы, байыпты, ұстамды.
Әдемі, көрікті, сұлу, керім, көркем, шырайлы.
Асанның мінезі салмақты.
Айжан өте әдемі қыз.

ІІІ топ: Етістік және үстеу
Амандасу, тез сөздерінің синонимін тауып сөйлем құрау.
Амандасу, сәлемдесу, есендесу, қал жағдай сұрау,
Тез, жылдам, шапшаң, лезде,
Оқушылар апаймен сәлемдесті.
Асан үйіне лезде барып келді.

Оқулықпен жұмыс
І топ: 70 - жаттығу. Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синонимдер сыңарларын бір вагон деп есептеп, синоним қатарларынан пойыз жасаңдар. Содан кейін сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.
Бағалы... Құнды... Қымбат... Семіру... Жуандау... Майлану... Тойыну... қоңдану... Халық... Жұрт... Көпшілік...

ІІ топ: 71 - жаттығу. Ғажап, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимін табу.
Ғажап (ғажайып, керемет, керім, таңғажайып)
Шақ (кезінде, уақытында)
Қараулық (әділетсіздік)
Уәде (уағда, серт, ант)
Айла (амал, тәсіл)
Жан (адам, кісі, пенде)

ІІІ топ: 72 - жаттығу. (ауызша) Түсініп оқып, мәтіннен синоним сөздерді табу. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген сөздің мағынасын мәтінге сүйене отырып түсіндіру.
73 - жаттығу. Көшіріп жазып, мәтіннен синоним сөздерді табу.
Үлгі: Алла, тәңір, құдай, жаратқан ие, жаратушы ие,. адам, жан, пенде, кісі, т. б.

Жинақтау.
«Топтастыру» әдісі арқылы
Синонимдер

Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;
Мағыналары бір – біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер
Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы керек.
Сөздің дыбысталуында өзгешелік болуы керек

Үйге тапсырма:
1 Синоним туралы түсінік
2. Ар – намыс туралы білетін қанатты сөздерді, мақал мәтелдерді жазу

Рефлекция Әр топ өздерінің қаншалықты деңгейде білген білімін айтып «Нысалы бағалауға» бағалайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
37 634
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Синонимдер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Синонимдер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 16. Синонимдер 17. Синонимдік қатар 18. Антонимдер. 19. Жаттығулар орындау 20. Табу
Антоним
Антоним
Балалар, антоним грек тілінде anti – қарсы, onota - атау дегенді білдіреді.
Синонимдер
Синонимдер
Мұнайлы ауданы, № 1 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсенбаева А. Б.
Синонимдер
Синонимдер
Ақтөбе облысы6 Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжанова Зина Айдарбекқызы
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөз тауып айта білуге үйрету;
"Сөздер" патшалығына саяхат
"Сөздер" патшалығына саяхат
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру cаласы: Қатынас Тақырыбы: «Сөздер» патшалығына саяхат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×