Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қалижан Бекқожин «Ақсақ Темір мен ақын» балладасы

08 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Астана қаласы,
С.Мәуленов атындағы №37 орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Джусупова Жайна Жанатқызы

Қазақ әдебиеті 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қ. Бекқожин «Ақсақ Темір мен ақын» балладасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: – Қ. Бекқожиннің өмірі мен шығармашылығы жайында оқушыларға ақпарат беру, теориялық ұғымдармен таныстыру және шығармаға әдеби талдау жасау.
Тәрбиелілігі: Баллада арқылы халқымыздың баға жетпес қазынасы - сөз өнерін бағалай білуге, өнерді сүюге, адамгершілік қасиетін биік ұстауға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық дүниесін, ой жүйесін арттыру, әуезді оқу шеберліктерін, іздемпаздықтың қабілетін шыңдау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, талдау, топтау, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, қима қағаздар, шығармалар жинағы
Пәнаралық байланыс: тарих, өзін - өзі тану.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа назарын аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Қ. Аманжоловтың «Дүниеге жар» өлеңі жаттау.
2. С. Шаймерденовтің «Ит ашуы» повесінен шағын дебат «Марғаудың әрекеті дұрыс па, әлде бұрыс па?»

Лезбайды қорғаушы: «Марғаудың әрекеті дұрыс»
Қарғабекті қорғаушы: «Марғаудың әрекеті дұрыс емес»

1) Меніңше, Марғаудың Қарғабекке істегені дұрыс. Себебі әр адам өзінің жасаған арам пиғылы үшін жазасын алуы қажет. Лезбайдың үйінен адал асын ішіп, арам әрекет жасаған Қарғабек өз жазасын алуы қажет.

2) Менің ойымша, Абырды ойын баласы деп оның сөзін жоққа шығаруға болмайды, біле білсек «балалы үйде ұрлық жатпайды» деген сөз бар, кез - келген бала көргенін айтады.

3) Лезбай өзінің төбетін жақсы біледі және оған сенеді. Ал Марғау өте батыл төбет. Себебі ол өз басына қатердің төнетініне қарамастан иесіне жамандық жасағандарды жазалады.
4) Жан - жануарлар тілсіз болғандықтан, оларды сөйлей алмайды екен деп жазалай беруге болмайды. Себебі Марғау күшік кезінен сол үйдің табалдырығындағы күнделікті күйбең тіршілікті көріп өскен. Оның ондай әрекетке баруына адамдардың арам пиғылы себеп болды. Бәрімізге белгілі, жан - жануарлар адамға қарағанда жамандықты бірінші сезеді. Оларды табиғат сезімтал етіп жаратқан. 1) Меніңше, Марғаудың жасаған әрекеті дұрыс емес. Себебі Марғау тілсіз жануар. Ол қанша жерден жамандықпен күрессе де кейбір адамдар оның ниетін дұрыс түсінбейді. Себебі қазақта «ит иттігін істейді» деген сөз бар.

2) Ол Қарғабек пен Ұмсындықты жазалаймын деп иесі Лезбайдың басына пәле тауып берді, ал өзі «құтырған ит» атанды. Марғауды ешкім ақтап ала алмайды, себебі ол жамандық әрекетке өзі ғана куә болды, Адырдың сөзіне ешкім сенбейді, себебі ол ойын баласы, ал Дабыр есі кірген бала мұндай әрекеттің болғанын растамады.

3) Лезбай шопан өзінің итінің адамдарды бірнеше рет балағына жабысқанын біле тұра, Ұмсындықтың сөзіне құлақ аспады. Ақыры Марғау ит Қарғабекті талап тастады.

Жаңа сабақ

Қ. Бекқожин «Ақсақ Темір мен ақын»
Қ. Бекқожиннің өмірбаяны оқылып, ақын туралы қысқаша мәлімет сұрақтар арқылы бекітіледі:
1. Ақын қай жерде дүниеге келген? 1913 жылы 25 қарашада Павлодар облысында туған;
2. Қай жерде білім алған? 1942 жылы ҚазМу - дың журналистика бөлімін бітірген;
3. Қандай ән - өлеңдердің авторы? «Бейбітшілік жыры», «Кел, біздің ауылға»
4. Ақынның қандай шығармалары бар?

Теориялық ұғымдар:
Баллада - Орта ғасырда Француз, Испан, Итальян елдерінің поэзиясында пайда болған лириканың бір түрі. Тарихи шындықты, ерлік әрекеттерді сипаттайтын шағын сюжетті өлең.

Әмір Темір - моңғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы. Ол 1336 - 1405 жж арасында өмір сүрген. 35 жыл бойы - 1405 жылдары жеке - дара билік жүргізген. Ол Қазақстан мен Қырғызстан аумағына - Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісу мен Тянь - Шаньға басқыншылық мақсатын асқан қатігездікпен жүзеге асырады. Әмір Темірдің Қазақстан жеріне ұзақ жылдар бойы жасаған жорықтары оның 1405 ж. Отырар қаласында қаза болуымен аяқталады. Бұл жорықтың Қазақстанда өмір сүрген тайпалар үшін ауыр зардаптары болды. 1 - ден халықтардың шаруашылығы мүлде күйреді. Елдер арасында байланыс үзілді. Халық қырғынға ұшырап, құлдыққа айналды, Орта Азия қолындағы базарларда сатуға түсті. Қалалар қирады, өртелді. Әмір Темір шапқыншылығы қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына көп зардабын тигізді.

Балладаның негізгі оқиғасы - Әмір Темірдің кезекті Үндістан жорығынан келіп, түрік сұлтанына қарсы жорыққа аттанбақ болған шақта түрік қызына ғашық Хафиз шайырмен арадағы кездесуі.

Балладаның негізгі идеясы: әлем билеушісі атанған Әмір Темірдің сөз құдіретін бағалай білетін данышпан екендігін таныту.

Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
Шығарманы дауыстап мәнерлеп оқу арқылы оны сюжеттік құрылысына қарай талдау.

Шығарманың сюжеттік құрылысы:
 Шығарманың кіріспесі: Ақсақ Темір ордасындағы салтанат
 Сюжеттік байланыс: Хафиздің ордаға келуі
 Шығарманың шиеленісуі: Хафиз ақынның Темірмен тілдесуі
 Шарықтау шегі: Ақынның Әмір Темірге берген бағасы
 Шығарманың шешімі: Ақсақ Темірдің сөз құдіретіне бас июі

Шығарма кейіпкерлеріне талдау:

● Ақсақ Темір
1. Билеуші;
2. қолбасшы;
3. батыр;
4. қатігез;
● Ортақ қасиеттері:
1. Орта ғасырларда өмір сүрген
2. тарихта есімдері қалған;
3. қайсар
4. өжет мінезді;
5. сөз құдіретін түсінеді
● Хафиз ақын
1. Ақын;
2. парсы;
3. дастандар мен өлеңдердің авторы
4. ақкөңіл

Шығарманың тілдік көркемдік ерекшелігіне қарай талдау:
Аллитерация
Теңіздей тебіренді Жейхун бүгін,
Темірдің жыр еткендей жойқындығын.
Кейіптеу
Тажал ғып Азияға берген Тәңір,
Талқандап талай жұртты, келген Темір.
Метафора
Темір - ашынған арыстан, жолбарыс, барыс, қара бұлт, айдаhар
Хафиз - киік, сөзі - мүсәпір (у)
Эпитеттер
Ақ шатырлар, көк орай, сары қымыз, долы сөз, самал таң
Теңеулер:
Самарқандай, таңдай т. б

Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі.
1) Шығармадағы ең басты кейіпкер кім?
2) Шығармада аты аталған Шығыстан шыққан Хафиз, Низами шайырлар жайында не білесіңдер?
3) Шығармада Ақсақ Темірдің сойқанды жорықтары, қатал әмірші екендігі қалай суреттеледі?
4) Хафиз ақынға қандай баға берді?
5) Дүние жүзін қан сасытып, адам басын тас орнына қалап сарай салған әміршінің Хафизге жасаған рақымшылдығының себебі не деп ойлайсыңдар?
6) Хафиз шайыр ақынның құдіретін қалай дәлелдейді?

Үй тапсырмасы: «Ақсақ Темір мен ақын» балладасын оқу, 174 беттегі II, III - деңгей тапсырмаларын орындау.
Бағалау.
16 976
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау; Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» (Каронмен күрес) повесінің тақырыбы мен идеясы
Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» (Каронмен күрес) повесінің тақырыбы мен идеясы
Шығармадағы Балуан Шолақтың бейнесін, тарихтағы орнын, автордың бейнелеу шеберлігін оқушыларға таныту. Оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру
Қалижан Бекқожин "Ақсақ Темір мен ақын"
Қалижан Бекқожин "Ақсақ Темір мен ақын"
Қалижан Бекхожиннің “Ақсақ Темір мен ақын” балладасы туралы түсінік аламыз. Бекқожин туралы жалпы шолу жасау; Баллада мен өлеңнің айырмасын түсіну;
Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Абай қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Алтын Хадимқызы
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сыздықова Жанар Қиноятқызы
Ақсақ құлан, Жошы хан
Ақсақ құлан, Жошы хан
Өтегенова Набия Төлегенқызы Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×