Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақал - мәтелдер. Айырмашылығы мен ерекшеліктері

22 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Ақтөбе облысы,
Мәртөк ауданы, Қызылжар орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Абдуллина Каракоз Сегизбаевна

Тақырыбы: Мақал - мәтелдер. Айырмашылығы мен ерекшеліктері
Мақсаты: мақал - мәтелдер халықтың рухани қазынасы екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктерін, мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру
Күтілетін нәтиже: Мақал - мәтелдерді ажырата біледі, тіл байлықтары ойлау қабілеттері дамиды, өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау және таным белсенділіктері артады

Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау
Жұпқа бөлу
Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Бағалау
Рефлексия

Үйге берілген жаттығуды сұрау. Жұптық жұмыс. Төмендегі мысалдарды мұқият тыңдап, тұраты сөз тіркесімен жауап беріңдер
1. Еңбек пәнінің мұғалімінің білмейтіні жоқ; бәрін де істей алады. Ол суретші де, жүргізуші де ағаш шебері де. Музыкалық аспаптарда ойнап, тамаша би билейді. Ондай адамды бір сөбен қандай адам деп атауға болады?
2. Болаттың жақсы досы бар. Ол үнемі сол досын айтып, әңгімелеп отырады. Сөйтіп үнемі айтып отыруды не дейді?

1. Тұрақты тіркеске тән белгіні көрсет
А) Бетінен оты шықты – ұялды
Ә) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
2. Қай тұрақты сөз тіркестің құрылысы дұрыс орналасқан?
А) Тайға таңба басқандай
Ә) Зу жүрегі етті
Жауаптары
1 сұрақ. Сегіз қырлы, бір сырлы немесе он саусағынан өнері тамған)
2 сұрақ. Аузынан тастамау
3 сұрақ. Бетінен оты шықты – ұялды
4 сұрақ. Тайға таңба басқандай

Ұйымдастыру.
Тренинг. Қолдарына сөз беремін. Сол сөзге сипаттама беріп, ішінде тұрақты сөз тіркестерін, мақал - мәтелді қатыстыру керек
(Адамгершілік, дос, білім, Отан)

Сұрақ – жауап. Диалогке түсу
1 топ. Оқушылар мақал - мәтелдер айтады.
2 топ. Мақал - мәтелдің мағынасын ашып, өмірде тиімді қолдана білудің ерекшелігін дәлелдейді.

Түсіну
Еңбек түбі — береке
Ақ жүрген азбас
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.

Үлкенді сыйласаң,
Қадірлі боласың.
Сұрақтар
Құрамындағы сөздердің орны тұрақты ма?
Аз сөзбен көп мағына беріліп тұр ма?
Ақыл - өсиет айтылған ба?

Мақал - мәтелдер – көлемі қысқа және терең ой, көп мағына беретін сөздер. Мақал - мәтелдерде ой тұжырымдалып, қорытынды пікір түрінде беріледі.
Мақал мен мәтелдердің айырмашылығы мынада:
Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.
Мақал көбінесе құрмалас сөйлем күйінде келеді. Ал мәтел жай сөйлем күйінде келеді. Кейде баяндауышы айтылмаған толымсыз сөйлем күйінде келеді.
Мақал - мәтелдердің негізгі белгілері
Қалыптасқан дайын сөйлемдер қалпында жұмсалады
Белгілі бір тұжырым, түйінді береді
Ақыл, өсиет айтылып, адамгершілікке үндейді
Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді
Әке – асқар тау, шеше – қайнар бұлақ,
бала – жағасындағы құрақ
Көбіне бір бөлімді болып келеді
Кәрі түлкі қақпанға түспес

Ой неғұрлым ашық айтылады
Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса
– жер ырысы.

Ой - пікір ишара, тұспал түрінде беріледі.
Көп түкірсе – көл
Ақыл, өсиет түрінде келеді
Бірлігі күшті ел озады,
бірлігі жоқ ел тозады..
Көбіне эмоциялық реңк басым
Қызым, саған айтам, келін, сен тыңда.

Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді.
Мысалы: Отан, еңбек, батырлық, достық, адамгершілік, оқу - білім т.

“Кубизм” (Саралаңыз)
6 жағында 6 тапсырма болады.
1. Суреттеңіз (ойынша суреттеп айту)
2. Салыстырыңыз (неге ұқсас, басқалардан айырмашылығы қандай)
3. Байланыстырыңыз ( нені ойыңызға түсіреді, басқалармен байланыстырыңыз)
4. Зерттеңіз (саралаңыз, қалай жасалғанын айтыңыз, зерттеңіз)
5. Қолданыңыз (онымен не істеуге болатындығын және қалай қолданылатынын айтыңыз)
6. Талқылаңыз (өз ойыңызды дәлелдеңіз немесе жаңадан туған бір пікіріңізді айтыңыз)

Жинақтау
Есік алдындағы қалың қарды арырақ күреп тастаңдар. Күн жылынса, былғаныш болар,- деді тәрбиеші апай. Осынша қарды қалай күреп бітіреміз,- деп күбірлесті балалар. Жабылып келіп кірісіп еді, жұмыстың қалай аяқталғанын да сезбей қалды. Бұны көрген тәрбиеші не деген мақал айтты деп ойлайсыңдар?
2. Жұмбақтар сөйлесе...
Судан шығады, судан қорқады (тұз)
Зер - зер кілем зер кілем (жер)
Жаны жоқ болса да ақылды адам сияқты (кітап)
“Бес жол өлең“ Синквейн
Шарттары: 1. 1 - ші жол 1зат есім (Көктем)
2. 2 - ші жол тақырыпты сипаттайтын 2 сын есім
(Шырайлы шуақты)
3. 3 - ші жол 3 етістік (ериді, жылиды, оралды)
4. 4 - ші жол сезімді білдіретін 4 сөзден құралған
1 сөйлем (Барлық тіршілік көңілденді тірілді)
5. 5 - ші жол тақырыптың мәнін ашатын 1 сөзден құралған синоним (Жазғытұрым)

Бағалау
Ввен диаграммасы
Үй тапсырмасы: 132 жаттығу
Рефлексия
Не сәтсіз өтті
5 290
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер және олардың айырмашылығы туралы алған білімдерін тереңдету.
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер жөнінде ұғымдарын қалыптастыру, мақал – мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін, мақал – мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Мақал - мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру. Сауатты жазуға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Мақал - мәтелдер, жұмбақтар - шешендіктің айнасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунусова Майрагуль Садырбайқызы
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нургалиева Айгуль Владимировна
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер
Павлодар қаласы, Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Минап Гүлбарша Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдер, олардың өзара айырмасы, қамтитын тақырыптары, оларды орынды
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×