Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

01 қаңтар 2016, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру;
2) дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау қабілеттерін арттыру, ойын тиянақты, әсерлі жеткізу арқылы шығармашылық ізденістерін дамыта түсу;
3) тәрбиелік: Отанын сүюге, патриотизмге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: топпен жұмыс, репродуктивтік.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі тапсырмалар
Техникалық құралдар: интербелсенді тақта, үнтаспа
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, математика, география
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
- Балалар, бүгін сабаққа қонақтар келіп отыр. Сабақта біз өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екендігімізді танытып, дұрыс сөйлеп, анық айтуға тырысайық.
- Сендерге ерекше хабарлама айтқалы тұрмын. Ол үшін алдымен сендердің үйге берілген тапсырманы қалай орындағандарыңды білгім келіп тұр.
166 - жаттығу Сан есім емлесіне қатысты ережелерді еске түсіріп, мәтіндегі қатені түзетіп жазу.
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Бүгін желтоқсанның нешінші жұлдызы?
Білімді жан - жақты тексеру.
1. Сөз табы дегеніміз не?
2. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
3. Сан есім дегеніміз не?
4. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
5. Сан есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
6. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
7. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
8. Сан есім мағынасына қарай түрлерін ата
9. Елулеп - мағынасына қарай қандай сан есім?
10. Есептік сан есім дегеніміз не?
11. Есептік сан есімге мысал келтір.
12. Реттік сан есім дегеніміз не?
13. Реттік сан есім қалай жасалады?
14. Жинақтық сан есім дегеніміз не?
15. Бөлшектік сан есім дегеніміз не?
Саяхат картасы
1. « Әуежай» аялдамасы
2. «Бәйтерек» аялдамасы
3. «Бейбітшілік пен Келісім сарайы» аялдамасы
4. «Ақ Орда» аялдамасы
5. «Хан Шатыр» аялдамасы

1 - аялдама «Әуежай»
«Халықаралық – Астана» әуежайы кішігірім ұшақтарға қызмет көрсету үшін 1931 жылы негізі қаланған шағын әуежай болған. Бүгінде заман талабына сай келетін ең ірі әуежайлардың бірі болып саналады. Әуежайда тәулік бойы алыс және жақын шетел аймақтарына ұшатын 40 шақты ұшаққа және 14 авиакомпанияның тұрақты жолаушылар рейстеріне қызмет етеді.

2 - аялдама «Бәйтерек»
«Астана - Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны. Бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. "Бәй" - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек "Бәйтерек" екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш»дегенді танытады.
Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әр түрлі түске құбылып тұрады.
Салмағы 1000 тоннадан асады. 97 метрді құрайтын көрініс кешені қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол Астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді.
Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 түрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман - тілек тілесе, орындалады деп айтылады.
Келушілер панорамалық лифтімен әйнек «шарда» орналасқан кең залдарға көтеріліп, «құс ұшатын» биіктіктен егеменді Қазақстанның жаңа Астанасында болған және болып жатқан өзгерістерді көре алады.
Ойлы болсаң, озып көр.

Сөздерден сан есімдер шығарып, құрамын анықтау Сандарды жазу Дара сан есімдер Күрделі сан есімдер
Кекілік 2 +
Түшкіру 3 +
Алтын жүзік 600 +
Жетілді 7 +
Жүзім біркелкі пісіпті 101 +
Күшті 3 +
Тоғызқұмалақ 9 +
Балтыр 6 +
Тон сегіз еді 18 +
Оның бесігі 15 +
Кейбір 1 +
Мыңбай – күшті жігіт 1003 +

3 - аялдама «Бейбітшілік пен Келісім сарайы»
Сәулет өнерінің тамаша ескерткіші Қазақстанның Астана қаласында 2006 жылғы қыркүйек айында шаңырақ көтеріп, ол Бейбітшілік және келісім сарайына айналды. Небәрі 14 айдың ішінде салынып біткен бұл пирамиданың биіктігі 25 қабатты үйге тең. Пирамиданың жер астындағы көрінбейтін қабатының биіктігі 13 метр болса, жер бетінен үшкір биігіне дейінгі аралық 62 метр, сонда барлығы – 75 метр
Астана қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайына айналған бұл пирамида ғимараты идеясының түп авторы – Қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазір Бейбітшілік және келісім сарайында бай 1500 орындық опера залы мен маңызды келісімдерге қол қойылатын аспалы зал, мұражай, көрме залы, кітапхана, барлық дәстүр - лі дін өкілдерінің кеңселері жұмыс істейді. Бұл ғимарат халықаралық деңгейдегі қай шараны өткізуге де өте қолайлы.
Пирамиданың қызметкерлері бізге тапсырма дайындаған екен. Ендеше, балалар, тапсырмаға көшейік. Неғұрлым тез орындасаңдар, соғұрлым тез келесі ғимаратқа жететін боламыз. Сендерге сәттілік тілей отырып, «Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» дегендей, бұл сабақта Абай атамызды айтпай кетуге болмайды. Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, біздің күнделікті тұрмысымызда, той - думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен аталады. Мысалы, «Бір бала», « Жиырма бес», «Екі жирен», «Бір келіншек», «Он алты қыз», «Сегіз аяқ» (Ән тыңдау)

Талдау – табыс кілті.
І топ
Сан есімдерге фонологиялық талдау жасау (бес, жетеу)
ІІ топ
Сан есімдерге фонетикалық талдау жасау (отыз, елуден)
ІІІ топ
Сан есімдерге сатылай кешенді талдау жасау (тоғыз, алтыншы)

4 - аялдама «Ақ Орда»
Ойлан, ізден тап.
Ақ Орда ғимаратының жалпы көлемі 36 720 м2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 жылы 24 желтоқсан күні өтті. Ғимараттың биіктігі 80 м. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1 - қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.
«Ақ Орда» бізге сандық сыйға тартып отыр. Бұл – жай сандық емес, сиқырлы сандық. Ал енді осы сандықтың сұрақтарына жауап беріп, келесі ғимаратқа жетейік.
Ой қозғау.
І топ Жұмбақтар шешу
1. Екі тышқан бірлесіп кесіп - пішіп береді,
Екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі. (қайшы)
2. Он көзі бар өзінде,
Он саны бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың. (телефон)
3. Қатар тұрып екеуі,
Бірін - бірі көрмейді
Көр десең де көрмейді. (екі көз)
4. Үй ішінде
Отыз екі батыр
Кіргендерді
Отап, турап жатыр. (тіс)

5. Үш - төрт қана тісі бар,
Шөп көтерер күші бар. (айыр)

ІІ топ Сан есімі бар мақал - мәтелдерді кім көп біледі екен?
ІІІ топ Математикалық жұмбақтардың шешуін тап.

Мұз айдында жеті бала,
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай екі бала,
Жағалауда тұр қарап
Енді осы баланың
Санын айтсаң жарадың (тоғыз)
ІІ топ
Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің,
Нешеу болды, қане, бол,
Санап шығар кім бұрын (алты)
ІІІ топ
Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі. (төрт)

5 - аялдама «Хан шатыры»
. Хан Шатыр» - Астана қаласындағы ірі ойын - сауық орталығы. Ол 2010 жылы 6 шілдеде Астана күніне орай ашылған. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр.
“Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Онда үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.
Енді келесі аялдамаға өту үшін «Ханшатыры» аялдамасының тапсырмасын орындап көрейік.
Шығармашылық жұмыс
1. Суретке қарап, ішінде сан есімі бар мәтін құрастыр.

2. Кестені толтыр
Сан есім мысалдары есептік реттік жинақтық болжалдық топтау бөлшектік
Бір мың екі жүз бес +
Жетеу +
Екіден бір +
Отызыншы +
Бес - бестен +
Бесінші +
Беске жуық +
Жүздеген +
Оннан +
Біреу +
Екі бүтін оннан үш +
1. - Балалар, саяхат ұнады ма?
- Астана қаласы қандай екен?
- Кәне, балалар, алда санаулы күндерден кейін қандай мереке бар?
- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
- Биыл Тәуелсіз ел болғанымызға қанша жыл?
- 22 жыл.
- Ал біз осындай тәуелсіз елдің бақытты балалары болғанымызға қуанамыз ғой, ия!
- Олай болса, мына нәрсеге құлақ түрейікші.
2. Қарға тамырлы қазақтың ұрпақ тәрбиесінде сан есім сөз табының да алатын орны ерекше. Мысалы, біз 5 - сыныпта Шешендік сөздер бөліміндегі «Қазыбектің тапқырлығын» білеміз, Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қазыбек би келеді. Сонда Бұқар:- 1 - ден 10 - ға дейінгі санның мағынасын ешкім айтып бере алмады, сен айтшы,- дейді. Сонда Қазыбек айтып береді. Кәне, кім еске түсіреді. (оқушылардан сұрау.)
- Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
- Екі дегеніңіз - егесіп кеткен ер жаман.
- Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынған ат жаман.
- Төрт дегеніңіз - төрде төсек тартып жатқан жаман.
- Бес дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
- Алты дегеніңіз - аймағын билей алмаған кісі жаман.
- Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
- Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.
- Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.
- Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
Міне, осы секілді санамақтарды негізге ала отырып, өзімізге арнап санамақ айтайық.
Бір дегенім – білім алу.
Екі дегенім - елін сүю.
Үш дегенім - үлгілі болу.
Төрт дегенім - төзімді болу.
Бес дегенім - бірлікте болу.
Алты дегенім - ақылды болу.
Жеті дегенім - жетістікке жету.
Сегіз дегенім - сезіне білу.
Тоғыз дегенім - толғану.
Он дегенім - осының бәрін ойға алу.
- Олай болса, балалар, осындай қасиеттерді ойға алып, қазақ деген қасиетті елдің бір перзенті болу үшін Қазыбектей, Төле бидей, Әйтекедей тұлғалары бар халықтың ізін жалғастырушы «Біз кімбіз?» деген сұрақ туындайды.
Әйтеке би Төле би Қазыбек би

Біз кімбіз?
Кеше Бүгін Ертең
3 - 4 жасар 6 - сынып ХХІ ғасырдың
біз балдырған оқушысы болашақ
баламыз білім қуған барыстарымыз
өренбіз

- Ал, білім қуған өрендерім, мына сұраққа қандай жауап табар екенсіңдер?
- Білім қымбат па, байлық қымбат па? (оқушылар пікірін тыңдау)
Оқушылар білімін бағалау
Үйге тапсырма:
1. Киелі сандардың қасиеттері туралы мәлімет жинау
2. Сан есім тақырыбына 10 тест құрастыру
4 428
1
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Сан есімнен алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту, талдау түрлерін қайталау; тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, тіл байлығын жетілдіру; Әдемі, көркем жазуға төселдіру.
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ысмайылова Алтынсара
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құмарова Құралай Тұрғалиқызы
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау;
Сын есімнен өткенді қайталау
Сын есімнен өткенді қайталау
Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есімнен өткенді қайталау
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, "Озерный орта мектебі" ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Искакова Айнұр Хасенқызы
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қалдыгүл
Қалдыгүл Қолданушылар 1 қаңтар 2016 20:47
0
Астанаға саяхатпен өткізілген сабақ .Әр аялдамаға тоқталу ,білімді тиянақтау сабақ ұнады.
×