Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби - сазды кеш «Жырлайды жүрек»

24 қаңтар 2016, Жексенбі
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Қонаев ауылы,
Төле би атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мақашева Нұрзия Сағындыққызы

Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби - сазды кеш «Жырлайды жүрек»
Кештің мақсаты:
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М. Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
Кештің көрнекілігі:
М. Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Видео сюжеттер. Сазды музыка.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидей перзенті бар біздің халық - шынымен де бақытты. Иә, Мұқағали - ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
Ендеше ақиық ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби - сазды кешімізді бастаймыз. Бүгінгі кешімізде ақынның өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді де тыңдай аламыз. Сонымен қатар, ақын туралы видео сюжеттерді де ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең - жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір жолынан деректерге назар аударайық.
/ 1 Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаев туралы бейнеролик жүреді (Видео 1)/
Ақиық ақын 1931 жылдың 9 - ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті Нарынқолда интернатта оқып бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін бастаған болатын.
1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени - ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962 - 1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963 - 1965 жж.), «Жұлдыз» (1965 - 1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972 - 1973 жж.) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Көзінің тірісінде жариялап үлгерген жыр жинақтары:
«Ильич» (1964ж), «Армысыңдар достар» (1966ж), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970ж), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975ж)

Жүргізуші:
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә, ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан айтпағанымыз көп болып отыр. М. Мақатаев туралы көбірек білгіміз келсе, оның өлеңдерін оқиық. Алдымен ақынның өзі туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап алайық.
**********
Жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезгендей. Оған ақынның «Есіңе мені алғасың» атты өлеңі дәлел емес пе.
/2 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Есіңе мені алғасың)/
Жүргізуші: Енді ақынды еске ала отырып, кезекті оның өлеңдеріне берейік. Туған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.
/«Үш бақытым», «Отан», «Қазақстан», «Қара өлең» өлеңдері оқылады/
Жүргізуші: Поэзия, менімен егіз бе едің – деп ақын өзі жырлағандай, М. Мақатаев өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшелігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше ақынның өз дауысын естіп көрейік.
/ 3 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (өз дауысы)/
/«Бұлқынып жатыр», «Қарлығаш», «Қаздар қайтып барады», «Пай, пай өмір»/
Жүргізуші: Осы өлеңдерді тыңдай отырып, мәнерлеп оқудың не екенін шын мәнінде түсінесің. Ерекше дауыс тазалығы таң қалдырып, тыңдаушыны өзіне баурайды. Ақын шеберлігі мына отырған балаларға ғана емес, ұстаздар қауымы бізге де көп нәрсені үйретеді.
Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Оның әндері - таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Тыңдап жүрген жанымызға жақын әндердің көбінің сөзін М. Мақатаев ағамыз жазғанын біле де бермейміз. Кезекті осы әсем әндерге берейік.
/ 4 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (әндері)/
/«Диалог», «Ақ шағала», «Ақ қайың», «Саржайлау»/

Жүргізуші: Енді ақынның әндерін өз оқушыларымыздың орындауында тыңдайық.
1. Анарбекова Аружан –
2. Нұрғалиева Айғаным –

Жүргізуші: Бүгінгі таңда жас ұрпақ Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқумен қатар, ақын ағаның жолын қуып, қауырсын жырларымен арнаулар да жазатындары аз емес.
. / 5 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Видео 2)/

Жүргізуші: Біздің де балалар құр алақан емес. ************************
Бүгінгі кешімізге ат салысып жатқан балаларға көп рахмет айтып, ақындық жолға басқан қадамдарың құтты болсын, талаптарыңа нұр жаусын демекпіз. Болашақта сендердің де іштерңнен арқалы ақындар шығады деп сенеміз.
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы, дей тұра, ғасырымыздың ғаламат ақынына деген қошемет мемлекет тарапынан әлі де аздау ма дейміз. Осы сөзімізге келесі көретін видеосюжет негіз болады.
/ 6 Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Туған күнім)/

Жүргізуші:
Айтылмаған Мұқаңда арман бар ма?
Әр бір әні толы ғой армандарға
Шерте білген мұңдарын жас қайынға
Дәл Мұқандай қазақта ақын бар ма? – деп бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары - сендерсіңдер!
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан - жылға, ғасырдан - ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали - мәңгілік өмір!
Жүргізуші: Міне, кешке қатысқан тыңдарман қауым, Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар деп ойлаймын. Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды.
28 240
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!
Ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларының сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып, адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа,
Аққулар ұйықтағанда
Аққулар ұйықтағанда
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №2 Қосшы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ыбырайқызы Рыскүл
Тілімде менің сыры терең жаным бар...
Тілімде менің сыры терең жаным бар...
Жамбыл облысы, Шу қаласы, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ильясова Рахила Иманғалиқызы
Поэзия! Менімен егіз бе едің?!
Поэзия! Менімен егіз бе едің?!
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...»  (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...» (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы КМҚК «Құрылыс колледжі» Серикказина А. Е.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×