Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының зергерлік өнері

28 қаңтар 2016, Бейсенбі
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының зергерлік өнері
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының жалпы ұлттық қолөнерін танып білуге, соның ішінде зергерлік өнер туралы білімдерін тереңдету.
1) білімділік: көсемше туралы қайталау, тақырып бойынша тапсырма жұмыстарын орндау.
2) дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту
3) тәрбиелік: өнерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс, жеке жұмыс, жаттығулар жұмысы, көрнекілік әдістері.
Пәнаралық байланыс: тарих
Көрнекіліктер: бейне слайдтар, кеспе қағаздар т. б
Оқытудың техникалық құрал - жабдығы: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу
ә) түгендеу
б) оқушылар назарын аудару

Үй тапсырмасы
Балалар, өткен сабақтағы тақырыпты еске түсірейік. Әр топ қазақ халқының қолөнері туралы әңгімелейді.
4 - тапсырма. Жазбаша орындау (5мин)

Жаңа сабақ
Балалар, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы – қазақ халқының зергерлік өнері Тақырыпты бастамас бұрын жаңа сөздермен танысып, сөздікке жазып алайық. 107 - бет, 1 - тапсырма. Мәтінді оқимыз.(5 мин)

Мұғалімнің сөзі.
Қазақ халқының атадан балаға тарап келе жатқан өнерінің бірі - зергерлік. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зергерлік өнер қолөнердің негізгі бір саласына айналды. Қазақ халқының кейбір зергерлік бұйымдарына тоқталып өтейік. (слайдтар көрсетіледі)

Шолпы - жас қыздар шаштарының бұрымына тағатын әшекей. Ол көптеген шытыралармен немесе күміс тиындардан құралған бір - біріне үш немесе төрт қатар шығыршықтар арқылы бекітілген, өрнектелген әшекей.

Сақина - зергерлік әшекей бұйымдардың ішінде әркелкілігімен ерекшеленеді. Жүзік пен сақинаның қасиеттеріне сену шығыс елдерінде кең тараған. Әрбір әйел адамның қолында сақинасы не жүзігі міндетті түрде болу керек, себебі оның жүзігі болмаса дайындаған тағамы таза емес деп есептелген. Сақина үш - төртеуден күнделікті тағатын әшекей болып есептелді. Қазақ халқында осыған байланысты мынадай мақал бар: «Тамақ адал болу үшін, қолда күміс жүзік болу керек».

Шашбау - жасалуына қазақ зергерлері түрлі тәсілдерді қолданған. Ол шаштың түбіне бекітіліп, ұзына бойы шаштың ұшына дейін қоса өрілген. Сонымен қатар ол шаштың сұлулығын және қалыңдылығын байқатады.

Сырға - үнемі тағып жүретін әшекейдің бірі. Оны ертеректе тұмар ретінде тағатын болған.

Білезік - әдетте сыңар қолға немесе екі қолға екеуін, кейде бір қолға екеуін бірден тағатын болған. Білезіктің тұтас және құрамды бөліктерден тұратын түрлері де бар

Тұмарша, бойтұмарлар – күмістен жасалған іші қуыс ыдыс және ол үшбұрышты, төрт бұрышты, түтікше формасында жасалады. Тұмарлар ішіне қағазға жазылған Құран сүрелерін сақтап жүрген. Оның тіл көзден, пәле – жаладан қорғайтын қасиетіне сенген.

Әйел белдіктері - көбіне мақпал, жібек маталардан жасалған. Ер адамдардың белдіктері сияқты әйел адам белдіктері де металл шытыралармен, сонымен қатар түрлі бағалы тастардан көз қондырып әсемдеген. Хас (нефрит) тасын пайдаланған. Қазақ халқы хаспен (нефритпен) әсемделген киім адамды найзағайдан сақтайды деп есептеген.

Ер адамның белдіктері үш топқа бөлінеді: күнделікті, әскери, салтанатты (7 мин)

Тапсырмалар
1 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті көсемше жұрнақтарын қойып жазыңдар.
Ол үлкендердің айтқан әңгімесін тыңда... отырды. Таңертең сол жаққа өзім бар... жатырмын. Айтылған сөзден кейін үндеме... отыр. Олар театрға бар... отыр. Оның уақыты болма... жатыр. Бәйгеде алған жүлдесі туралы айт... берді.

2 - тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құраңдар.
1. Шеберлер әшекей бұйымның бетіне алтын жалатып, үстін алтын таспен безендірген.
2. Металдан түрлі әшекей бұйымдар дайындауда қазақ шеберлері көп үлгілер қалдырған.
3. Қазақ халқының атадан балаға таралып келе жатқан өнерінің бір түрі - зергерлік..( 5 мин.)

108 - бет, 5 - тапсырма. Жақшадағы көсемшелерді аударып жазыңдар.( 3мин.)

Сабақты бекіту
«Әшекей іздеушілер» ойыны (8 мин)

Бағалау
Үйге тапсырма: «Қазақтың әшекей бұйымдары» тақырыбы бойынша диалог дайындау.
7 905
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 7 сынып.
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 7 сынып.
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. 7 сынып.
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Жас қазақ әйелінің портреті. Етістіктің қалау рай формасын қайталау
Г. Ысмайлованың «Қазақ вальсі» портретіндегі қазақ қызын суреттейді. Қазақ халқының суретшілерінің картиналарымен танысады. Қазақ халқының бейнелеу өнері жайлы ойларын дамытады.
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар (7 сынып)
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар (7 сынып)
Қазақ тілі пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар. (7 сынып).
Семей қаласы
Семей қаласы
септік жалғаулары бойынша алған білімдерін пысықтап, қайталау. Семей қаласы жайлы білімдерін толықтыру, тереңдету. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Қолөнер. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
Қолөнер. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Кошанова Нұргүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×