Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қолөнер. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

13 ақпан 2013, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қолөнер. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.
Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға қазақ халқының қолөнері, оның түрлері жайлы мағлұматтарды меңгерту.
2. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер беру арқылы оқушылардың сөздік қорын толықтыру. Салалас құрмалас сөйлем түрлерін ажырата білу
дағдысын дамыту.
3. Қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттыру. Эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: тарих, этнография, әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Түгелдеу.
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Бүгін ауа райы қандай?
- Қыс айлары қандай?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Алаша» мәтіннің мазмұнын сұрау. (бірнеше оқушыны сұрау)

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын айтады.
Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «еркектерге тән іс», «әйелдерге тән іс» деп екіге бөлінеді. Тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап оны әсемдеуді еркектер атқарады. Кесте тігу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмыстарды әйелдер атқарады. Асқан шеберлікті қажет ететін қолөнері – зергерлік.
Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Археологиялық сәнді бұйымдар мен қарлар, ыдыс - аяқ, теңге - моншақтар, алтын мен күмістен, асыл тастардан жасалған қымбатты заттар шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады.
Халық зергерлері көбінесе білезік, өрнек жиек, сақина, сырға, шолпы, алқа, қапсырма, сәукеле, түйреуіш, үзбе, түйме, кісе сияқты адамның өз бойын әсемдейтін заттарды жасады.
Оқушыларға қолмен жасалған зергерлік бұйымдарды көрсету. Әйелдер және еркектер атқаратын қолөнер түрлерін сурет бойынша көрсету.

2. Сөздік жұмыс.
қолөнер - рукоделие
киіз басу - валять войлок
қанқа - каркас
зергер - ювелир
ыдыс - аяқ - посуда
соғу - ковать
тоқу - вязать
қару - жарақ - вооружение
кереге - остов, решетчатая часть юрты
бұйым - вещь
уық – спец. согнутые палки, на которых
держится верхний круг юрты
- осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерге жазғызу;
- дұрыс айтуға дағдыландыру;
- жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру;

3. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтар дайындап, оларға қасында отырған оқушыдан жауап алыңдар.
а) мәтінді іштерінен оқиды;
ә) тізбектеп, дауыстап оқып, аударады.
б) мәтін бойынша сұрақтар дайындап, қасында отырған оқушыдан жауап алады.
4 - тапсырма. «Қолөнер» мәтіні бойынша төменде берілген сызбалар негізінде талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер құраңдар.
Бірнеше оқушыға қосымша тапсырмалар карточка ретінде беріледі.
Мысалы: Салалас құрмалас сөйлемдерді аяқтап, түрлерін ажырат.

ІҮ. Сабақты бекіту.
- Қазақ халқының ертеден келе жатқан қолөнерінің саласын не деп атайды?
- Қазақ халқы немен шұғылданған? Қолөнері нешеге бөлінген?
- Зергерлік дегеніміз не?
- Әйелдер атқаратын жұмыстарды ата.
Ү. Сабақты қорытындылау.
- Бүгін сабақта не туралы айттық?
- Нені білдіңдер?
- Сабақ сендерге ұнады ма?
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру: сөздерді жаттау
6 955
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарсылықты салалас сөйлем
Қарсылықты салалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету, жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыра білу;
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Талғаулы салалас
Талғаулы салалас
Оқушылардың салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын ұғындыру, өзге салалас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру. Білім - білік дағдыны қалыптастыру.
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмаластың түрін кезектес салалас құрмалас дейміз.
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы қазақ-түрік лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Махамбетәлиева Роза Әбілғазықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×