Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Спорт. Сан есім

30 наурыз 2016, Сәрсенбі
Павлодар қаласы, №16 лицей - мектебі
Сүлейменова Альбина Сансызбайқызы

5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабақ. Спорт. Сан есім.
Сабақтың мақсаты:
1. Спорт модулі бойынша алған білімдерін пысықтау. Сан есімнің түрлерін қайталау.
2. Лексикалық қорды байыту, қойылған сұрақтарға еркін жауап бере алу қабілеттерін дамыту.
3. Салауатты өмір сүруге баулу, спортпен шұғылдануға насихаттау.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: АҚТ, кесте қағаздары.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- «Біз бақытты балалармыз» тілді жаттықтыруға арналған әні айтылады
- Амандасу
- Кезекшінің жауабы
- Үй жұмысын тексеру

Мұғалімнің сөзі: - Балалар, бүгін спорт тақырыпшасын қорытындылаймыз. Әр оқушы өз дәптеріне бүгінгі сабаққа өзіне қойған мақсаттарын жазады.(жазған мақсаттарын тексеру).
Оқушылардың дұрыс жауаптарына фишкалар беріледі. Сабақтың соңында фишкалар саналып, баға қойылады.

Балаларға сұрақтар қойылады, жауаптарына фишкалар таратылады.
1. Спорттың түрлерін атаңыздар?
2. Лондонда олимпиада қай жылы өтті?(2012 жылы)
3. 2012 саны дара сан есім бе, әлде күрделі сан есім бе?
4. Қазақстанның қандай белгілі спортшыларын білесіздер?
5. Илья Ильин кім?
6. Қандай олимпиадаға қатысты?
7. Нешінші орынға ие болды?(бірінші)
8. Бірінші – сан есімнің қай түрі?

Балаларға парақшалар таратылады.
- Ал, енді, балалар, парақшадағы 126 беттегі кестені толтырамыз. (5 - 7 минут, тексеру, фишкаларды тарату).

Сөздік жұмысы: - Сөздерді еске түсіреміз. Оқып щығамыз, сөз тіркестерін құрастырамыз. (Фишкалар таратылады)
Заманауи – современный
Ойлап тапқан – придумал
Сақиналар – кольца
Таным белгі – обозновательный
Ұсынған – предложили
Құрлық – материк

- Прақшадағы 127 беттегі мәтінмен танысайық

Сіз білесіз бе?
Бүгінде біз тамашалап жүрген заманауи Олимпиада ойындарын алғаш ойлап тапқан Пьер де Кубертен 1912 жылы аталған сақиналарды да танымбелгі ретінде ұсынған екен. Бес дөңгелек дүниенің бес бөлігін білдіреді: Америка, Еуропа, Азия, Африка жжәне Мұхиттар. Солтүстік және Оңтүстік Америка бір құрлық ретінде қаралса, Антрактида ол кезеңде назарда болмаған көрінеді.
Олимпиадалық бес сақина 1914 жылы заңды түрде қабылданып, 1920 жылы Бельгиядағы Олимпиадада сынға түсті.

Мәтін бойынша сұрақтар:(Оқушылырдың жауаптарына фишкалар таратылады)
1. Олимпиада ойындарын кім ойлап тапқан?
2. Олимпиаданың белгісі қандай?
3. Сақиналардың түстері қандай?
4. Сақиналар нешеу?
5. Бесеу – сан есімнің қай түрі?
6. Қай жылы заңды түрде қабылданған?
7. Мәтіндегі сан есімдерді атап шығады, түрлерін ажыратады.
8. Олимпиаданың ұраны қандай? («Шапшаңырақ, биігірек, күштірек»)

«Сергіту сәті»

- Ал, қазір, балалар, сөйлесуді 3 рет тыңдаймыз 1, 2 нұсқаларға бөлініп, кесте қағаздарындағы тапсырмаларды орындаймыз.(тексеру, фишкаларды тарату).

Тыңдалым тапсырмалары
1 – нұсқа
1. Темірлан кіммен сөйлесті?
2. Мұрат кіммен сөйлесті?
3. Темірлан футболға қатысады ма?
4. Мұрат ше?
5. Қандай жарыс өтеді?
6. Жарыс қашан өтеді?
7. Салтанаттың футбол ойнағысы келеді ме?
8. Ол жарыста не істейді?

2 – нұсқа

------------------------------------------Темірлан--------Мұрат-----Салтанат
Футболға қатысқысы келеді
Футбол көргісі келеді
Футболға дайындалғысы келеді
Жанкүйерлер тобын жинағысы келеді
Астанаға барғысы келеді

Ой толғаныс!(3 - 4 минут)
Дұрыс/ дұрыс емес
1. Спорт пайдалы емес
2. Спорт шымыр қылады.
3. Спорт қарым - қатынастар орнатуға жол ашады
4. Сенің мінез - құлқыңды көркейтеді.
5. Адамның дұрыс тәрбиеленуіне септігін тигізеді
6. Өзін - өзі қолға алып, шығармашылық қасиеттерін күшейтеді.
7. Спорт сабырлылыққа бейімдейді.

Қорытындылау:
1. Бүгінгі сабақта біз не өттік?
2. Қандай жаттығулар орындадық?
3. Бүгінгі сабақта өздеріңе не алдыңдар?
4. Бүгінгі сабаққа қойған мақсаттарыңа жеттіңдер ме?
5. Сабақ ұнады ма?

Толық нұсқасын жүктеу
2 398
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Спорт киім. Тұйық етістік
Спорт киім. Тұйық етістік
Оқушыларға «Спорт киімдері» туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Сіз спорттың қай түрін ұнатасыз? Тіркесті сөздер
Сіз спорттың қай түрін ұнатасыз? Тіркесті сөздер
Сұрақтарға жауап беріңдер: - Сіз таңертеңгілік жаттығумен шұғылданасыз ба? - Сіздерде қай ойынды көбірек ойнайды?
Қос сөздер. Денсаулық
Қос сөздер. Денсаулық
Денсаулық тақырыбына жинақтаған білімдерін толықтыру, пысықтау, жүйелеу. Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту
Менің сүйікті спортшым
Менің сүйікті спортшым
Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын байыту. Сөздерді түрлі қолданыста орынды қолдана білу Оқушылардың қазақша сөйлеу тілін дамыту. Сүйікті спортшылар жайлы әңгімелей білуге әзірлеу.
Табиғат құбылысы. Етістік
Табиғат құбылысы. Етістік
Табиғат құбылыстарын еске түсіру. Жаңа сөздермен танысу. Етістікті қайталау. Лексикалық қорды байыту, қойылған сұрақтарға еркін жауап бере алу қабілеттерін дамыту.
Cпорт
Cпорт
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жұмағазина Г. Ш.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×