Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Cпорт

29 наурыз 2013, Жұма
7 - класс. Қазақ тілі
Тақырыбы: Спорт
Мақсаты: Спорт тақырыбы туралы мәліметтерді жалғастыру
Білімдік - спорт тақырыбына байланысты сөйлесу, жаттығу, анықтау, талдау жұмыстарын жүргізу
Дамытушылық: балалардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, шығармашылық жұмыстар жасауға жетелеу
Тәрбиелік: балаларды денсаулықтары жақсы болу үшін спортпен дос болуға тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, мағынаны тану, жаттығу, талдау,»Синкуейн» әдісі
Көрнекілік: Қаз. спортшылар суреті, интербелсенді тақта

Барысы
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен материалды пысықтау.
Сұрақ - жауап
1. Таэквондо мен шамамен қанша адам айналысады?
2. Футбол сөзі қай тілден енген?
3.«Шахмат» сөзіндегі «шах» сөзі нені білдіреді?
3. – ыс, іс - с қай етістің жұрнағы?
4. 11 ойыншы 2 команда қай спорт түрі?
5. Раунд қай спорт түрінің сөзі?
6. І таймды 45 минут ойнайды?
7. Спорт қажет пе?
8. Не үшін?
9. – ыншы,- інші қай жұрнақ
10. Бәріне ортақ іс қай етіске тән?

ІІІ. Жаңа сабақ
Спорт тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз?
1. Топтастыру. Спорт дегеніміз не?

Спорт
Денсаулық, қимыл, шыдамдылық, жарыс, күш, ерлік

Қазақстанның белгілі спортшыларынан кімдерді білесіңдер?
(балардың жауабын тыңдау)
Спортшылардың туралы слайд көрсету.
Александр Николаевич Винокуров
Лақап аты Vino, Вино
Туылған күні 16 қыркүйек 1973(1973 - 09 - 16) (39 жас)
Туылған жері Бескөл ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы, ҚазКСР, КСРО
Азаматтығы Қазақстан
Бойы 177 см
Салмағы 70 кг

ІҮ. Жаттығу жұмыстарын орындау.
1 - тапсырма. Берілген сұрақтарға жазбаша түрде жауап жаз.
1. Үлгі: Сізге спорт ұнай ма? – Маған спорт ұнайды.
2. Спорттың қай түрімен шұғылданасыз?
3. Қандай ұлттық спорт түрін білесіз?
4. Қандай қысқы спорт түрлерін білесіз?
5. Спортшылардан чемпион болғандар көп пе?
3 - тапсырма. Сөйлем құраңдар.
1. Шұғылдану, таэквондомен, үшін, жабдықталған, қажеті, жоқ, орынның.
2. Шұғылданушы, әрбір, бос уақытында, техникасын, таэквондоның,
жетілдіре алады.
Талдау Кешенді талдау жасау.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың маңызы зор.
“Синкуейн” әдісі
І. Зат есім (1 сөз) Тақырыптың аты:_________
ІІ. Сын есім: (2 сөз) _______________________
ІІІ. Етістік: (3 сөз) _________________________
ІҮ. Нақыл сөз: (4 сөз)_______________________
Ү. Тақырыпқа синоним сөз_________________

Ү. Қорытынды
Бүгін не туралы білдік?
Қазақстанның қандай спортшылар бар?
Спорттың пайдасы
ҮІ. Үйге тапсырма
2 - тапсырма
Сөздерді тіркестіріп, сөйлем құра.
ҮІІ. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 918
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқушыларға спорт залындағы қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқау
Оқушыларға спорт залындағы қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқау
I. Жалпы қауіпсіздік ережелері 1. Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.
Спорт – денсаулық кепілі
Спорт – денсаулық кепілі
Спорт — денсаулық кепілі - деген сөздің мағынасын аша отырып, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, дені сау азамат болуға тәрбиелеу.
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен 5 сыныптарға күнделікті сабақ жоспарлары.
Қазақстандық спорт
Қазақстандық спорт
Спорт тақырыбына жинақтаған білімдерін толықтыру, пысықтау, жүйелеу.
Менің сүйікті спортшым
Менің сүйікті спортшым
Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгеру, сөздік қорларын байыту. Сөздерді түрлі қолданыста орынды қолдана білу Оқушылардың қазақша сөйлеу тілін дамыту. Сүйікті спортшылар жайлы әңгімелей білуге әзірлеу.
Спорттың пайдасы
Спорттың пайдасы
Jқушыларды салауатты өмір салтына, спорттың өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×