Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атамекен

02 желтоқсан 2012, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Атамекен
Сабақтың мақсаты: а) атамекен, ел, туған жер ұғымдарының мәнін түсіндіру; сөздердің орын тәртібі туралы түсіндіру
ә) балалардың танымдық көкжиегін кеңейту, тілін дамыту, ойларын ауызша, жазбаша сауатты жеткізе білуге дағдыландыру.
б) ұлттық идеологияны қалыптастыру, балалардың туған тіліне, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ (интегрированный)
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: әңгіме - сұхбат, түсіндіру, көрнекі және техникалық құралдар көмегіне сүйену;
Сабақтың көрнекілігі: атамекен, туған жер туралы айтылған нақыл сөздер, слайд
Пәнаралық байланыс: Музыка, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
ә) Назарларын сабаққа аудару
Сабақтың эпиграфы: «Қайда жүрсең атамекен,
Көкейіңде жатады екен...»
- Балалар, мына эпиграфқа назар аударайықшы, бұл не туралы?
- Дұрыс айтасыңдар, атамекен, туған жер туралы. Біздер туған жеріміз, еліміз туралы не айта аламыз? Еліміз қандай?

- Енді балалар, біздер үйге жалпылама тапсырма берген болатынбыз, ол атамекен туралы мақал-мәтел, өлең, нақыл сөздер жаттап келу. Біздер не дайындап келдік соны көрелік?
- Жақсы, Атамекен – адамның туып-өскен жері, ата жұрты, табиғи байлықтары, халқы, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы, тіл, мәдениет, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тұрағына айналған аумақ. Тар мағынада – біреудің туған ауылы, ауыспалы мағынада – адамның қалыптасқан, дүниедегі өнер мен мәдениетке кенелген жері.

- Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, балалар, лексикалық тақырыбымыз«Атамекен» , ал грамматикалық тақырыбымыз «Сөздердің орын тәртібі» деп аталады. Бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтардан өзгеше сабақ болғалы тұр, біздің мектебімізде 10-20 қыркүйек аралығы қазақ тілі пәні бірлестігінің онкүндігі болып белгілендігін білеміз, оның ішінде әр түрлі іс-шаралар өтіп жатқандығын да білеміз, сондықтан да біздің де бүгінгі сабағымыз осы онкүндіктің бір күніне арналған сабақ болғалы отыр. Осы онкүндікке арнап бүгінгі сабағымызды «Атамекен» әнімен бастаймыз. Бізге көмек беретін музыка пәні мұғалімі Мақтагүл апай.

Мақтагүл апай: атамекен, туған жер туралы шығармалар әр халықтың
әдебиетінде көптеп кездеседі. Сол сияқты біздің қазақ халқында да туған жерге жыр арнамаған ақындарымыз, ән арнамаған сазгерлеріміз жоқ шығар. Осындай керемет, халықтың әнұранына айналып кеткен әннің бірі Қадыр Мырзалиев ағамыздың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің әні . ...
«Атамекен» әні орындалады.
- Қандай керемет ән! Бүкіл еліне, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншілігі ақын, сазгер ағаларымыздың тұла бойынан көрініп тұр емес пе!? Ал осы әнді тыңдап отырғанда өздерің қандай күйде болдыңдар? Бұл әнді жайбарақат отырып тыңдау мүмкін бе, өз ойларымызды ортаға салайықшы.
ІІ. Жаңа сабақ :
1.Сөздікпен жұмыс. Балалар тақырып бойынша синоним сөздерді дәптерлеріне жазып, осы сөздермен бірнеше сөйлемдер құрастырады.

Атамекен – туған жер, ел, жұрт...- Родина
Батыр – ер, қаһарман, өжет...- герой
Парасатты – ақылды, байсалды, көреген, ұстамды... - интелигентный
Отаршылдық – бодандық, құлдық, тәуелділік... -
Тәуелсіз – азат, еркін... - независимый
2. Мәтінмен жұмыс
- мәнерлеп оқыту
- мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
3. Грамматикамен жұмыс:
- Сөйлем?
- Сөйлем түрлері айтылу мақсатына қарай, құрылысына қарай неше түрге бөлінеді?
- Сөйлем құрауға қатысқан сөздерді нелер дейміз ?
- Дұрыс, сендер сөйлем мүшелерімен таныс болдыңдар. Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз болып бөлінеді. Тұрлаулы сөйлем мүшелері: бастауыш және баяндауыш.
Тұрлаусыз сөйлем мүшелері: толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш.
- Сұрақтарымен мысалдар келтіру.
- Бастауыш Кім? Не? Кімдер? Нелер? Несі?
- Баяндауыш Не істеді? Қайтті? Сұрақтарына жауап береді.
- Толықтауыш ——— Атау, ілік сұрақтарынан басқа септік сұрақтарына жауап береді.
- Анықтауыш ------- Қандай? Кімнің? Ненің? Сұрақтарына жауап береді.
- Пысықтауыш -.-.-.-. Қалай? Қашан? Қайда? Сұрақтарына жауап береді.
- Бүгінгі біздің грамматикалық тақырыбымыз: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланыста қолданылады.
Сол байланыстық негізінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі болады.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі:
А) Вспомагательный глагол (көмекші етістік) занимает последнее место; мысалы: Балалар ойнап жатыр.
Ә) служебные слова (көмекші сөздер) распологаются после слова, к которому относятся; Үйдің алды жүзіммен жабылған екен.
Б) сказуемое (баяндауыш) обязательно находится в начале предложения;
В) Подлежащее (бастауыш) чаще находится в начале предложения;
Г) Определение (анықтауыш) стоит перед определяемым словом;
Ғ) Дополняющее слово находится перед дополнением (толықтауыш);
Д) обстоятельство (пысықтауыш) находится перед словом, с которым связано.
Бұл көрсетілгендер — сөйлемдегі сөздердің әдеттегі орын тәртібі. Кейде әр түрлі мақсатпен сөздердің сөйлемдегі қалыпты орын тәртібі бұзылып қолданылуы да мүмкін. Ол көбінесе өлеңде, ауызекі тілде, ұран түрінде айтылған сөйлемде, немесе белгілі бір сөздерге ерекше назар аудару мақсатынан туады. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды!— Дала, Жамбылды тыңда. Тарт қолыңды Вьетнамнан!— Қолыңды Вьетнамнан тарт.

Осындай белгілі мақсатпен сөйлемдегі сөздердің қалыпты орын тәртібінің бұзылып қолданылуы инверсия деп аталады.
4. Тапсырмалармен жұмыс:
3-тапсырма: Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдап, сөздердің орын тәртібін атап өтіңдер. (Морфологиялық талдау жасаңдар)
Асан қайғы Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Асан аты ел аузында аңыз, ертегі болып айтылады. Асан қайғы желмаяға мініп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. Асан қайғы жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріп отырады.
- Балалар, Асан қайғы деген кім? Ол нені аңсаған? Оның арманы, мақсаты орындалды ма?
- Еліміз өз алдына ел болып, егемендігін алды, тіліміздің мәртебесі көтерілді. Рәміздеріміз, ата заңымыз қабылданды. Осы қыркүйектің 22-сі қандай күн?
- Дұрыс айтасыңдар. Тілдер мерекесі. Бүгінгі сабағымыз осы тіл мерекесіне арналды.
ІІІ. Бекіту: Шын-жалған ойыны
Ойынның шарты: берілген сөйлемдердің дұрыс - бұрыстығын анықтап, бұрысын дұрыс қылып жауап беруіміз керек

1. «Атамекен» өлеңінің әнін Е. Хасанғалиев жазған.
2. Оның 200 ден аса туындылары бар.
3. Қадыр Мырзалиев «Атамекен» әнінің сөзін жазбаған.
4. Баяндауыш сөйлемнің басында тұрады.
5. Толықтауыш өзі толықтайтын мүшесіне кейін тұрады.
6. Орыс тілінде де, баяндауыш тек қана сөйлемнің соңында болады.
7. Көмекші есімдер өзіне қатысты сөйлемнің алдында тұрады.
8. Пысықтауыш өзі пысықтайтын мүшесінен бұрын орналасады.

IV. Сергіту сәті
Бір-бірімізге арнау - тілектер айтайық!

V. Үй тапсырмасы: “Атамекенімізді жаудан қорғаған қазақ хандары мен батырлары туралы тарихи деректер жинау»
Зерттеу жұмысы
.VІ. Бағалау.
14 437
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінің мағынасын түсіндіру және туған өлке, туған жер, атамекен туралы түсінік беру.
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Атамекен – алтын бесік
Атамекен – алтын бесік
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі»КММ Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Мазыбаева Бақыт Құдайбергеновна
Атамекен – алтын бесік
Атамекен – алтын бесік
Алматы обылысы Сарқан ауданы Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің өзін – өзі тану пән мұғалімі Абдраманхан Ербол
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
№5 «Ақбота»МДҰ МКҚК Әдіскер Есжанова С. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×