Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аралас құрмалас сөйлем (күнделікті сабақ жоспарлары)

26 қыркүйек 2016, Дүйсенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 8 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 8 сынып.
Тақырыптар:
46. Аралас құрмалас сөйлем
47. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері
48. Орхон – Енисей жазбаларындағы құрмалас сөйлемнің түрлері.
49. Төл сөз. Төлеу сөз
50. Төл сөз бен автор сөзі


Сабақтың тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға кезектес салалас сөйлем туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан - жақты мәлімет беру;
ә) сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;
б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру
Сабақтың түрі: білім, іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: плакат, семантикалық карта, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Құрамындағы жай сөйлемдері бір - бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.
Амантай Серғазыларға ақылдасып еді, Жамантайдың науқасының түрі жаман болғандықтан, олар ырық бере қоймады.
Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем болады. Олардың екеуінің баяндауышы тиянақты да, біреуінің баяндауышы тиянақсыз болып келеді. Баяндауышы тиянақсыз сөйлем бірде аралас құрмаластың бас жағына орналаса, бірде тиянақты жай сөйлемдердің арасына орналасады.
Мысалдары:
1. Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
2. Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араласа шығып, өзінше ол да бір сән беріп тұр.
Сызбасы: басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
Аралас құрмалас кейде төрт жай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады. Мұндайда екі жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып келеді. Тиянақсыз сөйлемдер бірде аралас құрмаластың бас жағына бірыңғай орналасса, бірде тиянақты сөйлемдердің арасына орналасады немесе тиянақсыз сөйлем мен тиянақты сөйлемі кезектесе орналасады.
1. Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді – ат етпетінен түсті.
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
2. Дастархандай қағаздағы шимайда не сиқыр жатқанын Шәрипа мен Нұрбай біле алған жоқ, бірақ дән шығындалу тыйылған соң, екеуі де инженерге ден қойып, оның аузынан шыққан сөз атаулыны бас шұлғи мақұлдады.
Сызбасы: басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы.
3. Кеген ауданына келгенінше, мен де аңшы емес едім, мұнда келген соң, еріксіз үйрендім.
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
Аралас құрмалас сөйлем – кемінде үш сөйлемнен құралып, бір - бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысатын құрмалас түрі.
Аралас құрмалас сөйлемнің сызбасы төмендегідей:
Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы Мысалы: Қарағандының қары биыл бұрқан - тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр.
Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы. Мысалы: Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.
Бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы. Мысалы: Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке - шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады.
Басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы. Мысалы: Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік және морфологиялық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 100
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Талғаулы салалас (күнделікті сабақ жоспары)
Талғаулы салалас (күнделікті сабақ жоспары)
Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір - біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіреді. Жай сөйлемдер салаласа ғана және тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысады, араларына үтір
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмаластың түрін кезектес салалас құрмалас дейміз.
Аралас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем
Қызылорда қаласы. № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангельдықызы
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаева Гүлмира Құспанқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×