Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана

13 желтоқсан 2016, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Астана (8 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Астана туралы жан – жақты білім беру, қосымша мағлұматтар арқылы білім деңгейін кеңейту. Сатылай кешенді талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорларын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Әдіс – тәсілдері: сатылай кешенді талдау, сұрақ - жауап, ойын ойнату, мәтінмен жұмыс, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиа, «Астана – болашақтың қаласы» атты кітап көрмесі
Пәнаралық байланыс: география, тарих
Сабақ барысы

Ι Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Психологиялық бағыт.
Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат.
Әрбір ісім – тірлік, тірек, амандық.
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.
3. Кезекшімен сұхбат.

ΙΙ Мұғалімнің сөзі.
1. Бұл қай қала?
Бұл қала Сарыарқа төрінде орналасқан. Бұл қала – ΧΧΙ ғасыр қаласы, жас қала. Оған ЮНЕСКО – ның «Әлем қаласы» деп аталатын арнайы атақ марапаты берілді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Астана». Балалар, біз сабақта Астанаға саяхат жасаймыз.

2. Саяхат картасымен таныстыру.
«Сұрақ – жауап» кассасы
«Ескерткіштер мен құрылыстар» алаңы
«Астана хронологиясы»
«Лексика - грамматика» көшесі
«Астана» қаласы
«Сөз сыры» даңғылы

ΙΙΙ Жаңа тақырып. Саяхат
1. «Сұрақ – жауап» кассасы.
• Дүние жүзі бойынша қандай мемлекеттердің астаналарын білесіңдер? Атап айтыңдар.
• Қазақстанның астаналарын білесіңдер ме?
• Бірінші астанасы қай қала?
• Екінші астанасы қай қала?
• Үшінші астанасы қай қала?
• Ал төртінші астанасы қай қала?
Астаналар траекториясын көрсету.
1998ж. Астана
1929 - 1997 Алматы
1924 - 1929 Қызылорда
1920 - 1924 Орынбор
2. «Астана хронологиясы» аялдамасы. Оқушы алдын - ала дайындалып келген.
1 - оқушы: Астана қаласы Қазақстанның орталық аймағында орналасқан. Астана қаласы жөнінде жалпы мәліметтер:
• Алғаш іргетасы 1832 жылы қаланды;
• 1961 жылға дейін Ақмола қаласы;
• 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград қаласы;
• 1993 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола қаласы;
• 1997 жылдан Қазақстан Республикасының елордасы;
• 1998 жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.
3.«Астана қаласы» бейнефильм.
4. «Ескерткіштер мен құрылыстар» алаңы. Оқушыларға сөз беріледі.

2 - оқушы: «Қазақ елі» - Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында орналасқан мәдени – архитектуралық монумент. Монумент 2009 жылы ашылды. Монументтің авторлары: Сәрсенбек Жүнісов және Жаңбыршы Нұркенов.
Тарихи – мемориалдық кешені ақ мәрмәрдан құйылған, монументтің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Монумент діңгегінің ұшар басында киелі құс Самұрық бейнеленген. Діңгектің негізінде төрт қола барельеф орналасқан. Орталық барельеф – «Халық және Президент» деп аталады. Монументтің оң жағындағы екінші барельеф – «Қаһармандық», батыс жақ беттегі «Жасампаздық», ал монументтің шығыс жағындағы «Болашақ» деп аталады. Осы идеялардың бәрі Қазақстан халқының тәуелсіздік алғандағы шаттанған сезімдерін бейнелеген «Бірлік» атты мүсіндік композициямен аяқталады.

3 - оқушы: «Астана – Бәйтерек» монументі – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген ең көрнекті ғимараттарының бірі. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 тоннадан асады. 97 метрді құрайтын көрініс кешені замануи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді.

4 - оқушы: Бейбітшілік және келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені. Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Жобаның авторы атақты ағылшын архитекторы Норман Фостер. Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, 1, 5 мың орынды опера залы орналасқан. Астанадағы сияқты Бейбітшілік және келісім сарайына ұқсас сәулеті жарасқан бірегей нысандар әлемде жоқ. Бейбітшілік және келісім сарайы Қазақстан жеріндегі достықтың, бірлік пен бейбітшіліктің нышаны болып табылады.

5. «Лексика – грамматика» көшесі.
1. Оқулықтың 126 - бетін ашып, «Астана» атты мәтінімен танысу. Мәтінмен жұмыс а) сөздік жұмысы ә) мәтінді оқу, түсіндіру.
б) «Жарысты жалғастыр» ойыны. Сыныпты екі топқа бөлеміз. Оқушылар белгі бойынша мәтінді оқи бастайды (3 минут). Оқып болған соң, әр топқа нөмірленген парақтар беріледі. Белгі бойынша оқушылар оқиғаларды, фактілерді жазып, үндеместен парақты бір – біріне жылжытып отырады (бір – бірін қайталамауы тиіс) – 3минут беріледі.
2. Сатылай кешенді талдау әдісі бойынша синтаксистік талдау жасау.- I топ
Астана – іскерлік және мәдени орталық.

1. Бұл сөйлемде екі тыныс белгісі бар.
Олар – сызықша мен нүкте. Сызықшаның қойылу себебі: бастауыш та, баяндауыш та атау септіктегі зат есімнен болып тұр.
Нүктенің қойылу себебі: ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр.
2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем.
3. Құрылысына қарай – жай сөйлем.
4. Сөйлем мүшелері:
а) Не? орталық – дара баяндауыш.
ә) Баяндауыш арқылы бастауышын табамыз.
Орталық не? Астана – дара бастауыш.
б) Орталық қандай? Іскерлік, мәдени - дара анықтауыштары.
5. Жай сөйлемнің түрлеріне қарай:
а) жайылма
ә) жақты
б) толымды
6. Сөз тіркестері: іскерлік орталық, мәдени орталық
7. Сөздердің байланысу тәсілдері:
а) орын тәртібі
ә) жалғаулық шылау
Зат есімге сатылай кешенді талдау жасау. – II топ
Астанада
1. Бұл сөз – зат есім, себебі заттың атын білдіріп тұр.
2. Сұрағы - қайда?
3. Тұлғасына қарай – негізгі түбір, себебі бөлінбей негізгі мағынада тұр.
4. Құрылысына қарай – дара, себебі бір сөзден тұрады.
5. Мағынасы – а) жалқы ә) жансыз б) деректі.
6. Түрленуі – септеледі жатыс септік.
7. Қызметі – сөйлемде пысықтауыш

6. «Сөз сыры» даңғылы.
1. Синквейн (бес жолды өлең) құрастыру – I топ
Астана
жас көрікті
орналасты айналды салынып жатыр
Астана әлемге әйгілі болды.
Елорда

2. Кластер жасау – II топ
IV Қорытындылау. Саяхаттан үйімізге оралайық.
- Бүгін сабақтың тақырыбы қандай болды?
- Біздің Астана қандай қала?
- Қай жылы Астана деп аталды?
- Астанаға қандай тілек айтасыңдар?

V Бағалау.
VI Үй тапсырмасы. «Астана – болашақтың қаласы» тақырыбы бойынша эссе жазыңдар.

СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданы, Бастомар селосы
Ибраева Айгуль Шахимовна
3 012
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана – бас қала
Астана – бас қала
Қарапайым тілдік құрылымдар мен мәтіндер, суреттер негізінде қала туралы өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Септік жалғауын қайталау.
Астана - бас қала
Астана - бас қала
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
Астана
Астана
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің 1 класс оқушысы Әділханова Дильназ Алмазқызы
Астана - бас қала
Астана - бас қала
[right]Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласы Спортта дарынды балалар үшін мамандандырылған мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлімқұлова Динара Ерсаинқызы
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×