Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есімдіктің түрлері. Жіктеу есімдігі

14 қаңтар 2017, Сенбі
Есімдіктің түрлері. Жіктеу есімдігі
Қазақ тілі 6 сынып
Мақсаты: Есімдік туралы түсінік қалыптастыру, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат бере отырып, ерекшелігін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже: Есімдік туралы түсініктері қалыптасады, оның ішінде жіктеу есімдігімен танысады, ерекшеліктерін ұғынады.
Пән аралық байланыс: Әдебиет, өзбек тілі, өнер
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Зымыран сұрақтар, ой тұжырымдау, шым - шытырман, пантамимо, дұрыс, бұрыс кестесі, өз миыңды суретте
Қолданылатын ресурстар: тақта, стикерлер, ноутбук, кестелер, маркер

Ұйымдастыру кезеңі
1. 1 Оқушылармен сәлемдесу;
1. 2Оқушыларды түгелдеу;
1. 3Психологиялық ахуал орнату;
1. 1Мұғаліммен амандасады;
1. 2 Кезекші сабаққа келмеген оқушыларды айтады;
1. 3 Зейіндерін сабаққа аударады;

Білу
Өтілген тақырыптарды қайталау үшін «Зымыран сұрақтар» әдісін қолдану
1. Заттың түрін, түсін білдіретін сөз табы.
2. Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіретін сөз табы.
3. Барлық заттың, құбылыстың атауын білдіретін сөз табы.
4. Жалпылай немесе жекелей аталуына қарай жалқы, жалпы болып бөлінетін сөз табы
5. Қай сөз табының көптік, жіктік, тәуелдік, септік жалғаулары бар?
6. Заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы.
7. Қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
8. Қай сөз табы мағынасына қарай сапалық, қатыстық болып екіге бөлінеді?
9. Заттың дәміне, иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіретін сөз табы.
10. Қанша? неше? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы
11. Заттың ретін білдіретін сөз табы
12. Кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы
13. Мағынасына қарай деректі, дерексіз болып бөлінетін сөз табы
14. Мағынасына қарай 6 түрге бөлінетін сөз табы
15. нешенші? нешеу? тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табы

Түсіну
Біз қандай сөз таптарымен таныстық? (Зат есім, сын есім, сан есім)
Зат есім, сын есім, сан есім орнына қолданылатын сөз табын қалай атаймыз?(Есімдік)

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар
Оның тәтті оралған мәні оятар (Абай)
Бір шалдың төрт ұлы бар
Бірде шал сол ұлдарын жинапты
Мектебімізде білгірлер сайысы болады.
Бұл сайыста біз жеңеміз.
«Ой тұжырымдау» әдісі

Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы есімдіктер кейде орынбасар сөздер деп аталады.
Есімдіктер мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді.
1. Жіктеу
2. Сілтеу
3. Сұрау
4. Өздік
5. Жалпылау
6. Болымсыздық
7. Белгісіздік
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктердің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
Жіктеу есімдігінің үш жағы, жекеше көпше түрі бар
Бірінші жақ - айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ – тыңдаушы жақ. Бұлар адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сұрақтарға жауап береді. Үшінші жақ – бөгде жақ. Ол адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім? не? деген сұрақтарға жауап береді.

Қолдану
170 - жаттығу. Зат есімді жіктеу есімдігімен алмастырып көшіріп жазыңдар.

„Шым – шытырман“ әдісін қолдану
Әрбір топ 2 минут көлемінде өз плакаттарына бірнеше есім сөздер жазады. Плакатқа жазылған сөздер дайын болған соң, топтар бір – бірлерінің жұмыстарын ауысады, плакатқа жазылған сөздерді оқып, естеріне сақтайды. Естерінде сақталған сөздерді пайдаланып 2 минут көлемінде жіктеу есімдігін қатыстырып сөйлемдер құрайды. Соңында бір - бірінің жұмысын тексереді.

Сергіту сәті
«Понтамимо» әдісін қолдану
Әр топ өздері келісіп бір жануардың әрекетін қимылмен бейнелейді, келесі топ табу керек

Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға аудио мәтін тыңдатылады
Дұрыс, бұрыс кестесін толтыру

І топ. 1, 2 сөйлемді жазады
ІІ топ. 3, 4 сөйлемді жазады
ІІІ топ. 5сөйлемді жазады
Талдау Берілген сөйлемдер ішінен жіктеу есімдігі қатысқан сөйлемдерді табу, олардың қай жақта, қай септікте тұрғанын анықтау, құрамына қарай талдау жасау.
Менің – жіктеу есімдігі, І жақта, ілік септігінде тұр, құрамына қарай дара, тұлғасына қарай негізгі
Ол – жіктеу есімдігі, ІІІ жақта жекеше, атау септігінде тұр, құрамына қарай дара, тұлғасына қарай негізгі
Сенің – жіктеу есімдігі, ІІ жақта, жекеше, ілік септігінде тұр, құрамына қарай дара, тұлғасына қарай негізгі
Саған – жіктеу есімдігі, ІІ жақта, жекеше, барыс септігінде тұр, құрамына қарай дара, тұлғасына қарай негізгі.

Жинақтау
«Өз миыңды суретте» әдісін қолдану
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай жетондар беріп отырамын. Сабақ соңында жинақтаған жетондарына қарай бағаланады.
Рефлексия
«Бес саусақ» тәсілі
Бас бармақ - басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл - күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

№20 жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Манапова Севара Алихановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 581
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру.
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Олар: мен, сен, ол, біз, біздер, сіздер, олар. Жіктеу есімдігінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады.
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есбосынова Жансая Махамбетқызы
Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктері
Атырау қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есенова Сауле Тулегеновна
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигалиева Көгершін Шаукенқызы
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы ауылы Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Избасова Салтанат Абатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×