Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Алтын сақа» ертегісі

01 ақпан 2017, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы. «Алтын сақа» ертегісі.
Сабақтың мақсаты.
1. Білімділік. Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық. Ертегіні оқыта отырып мазмұнын, мәнін түсіне білуге үйрету, сөз байлығын жетілдіру.
3. Тәрбиелік. Қазақ ертегілеріне қызығушылықтарын артыру,
Көрнекіліктер: суреттер, плакат, тірек схема.
Сабақтың әдісі. Сұрақ - жауап, бір - біріне түсіндіру, баяндау, оқу, бекіту.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
I. Сабақ барысы:
1 Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
• Қай халықтың болсын ауыз әдебиеті бар. Соның ішінде қазақ халқы ауыз әдебиет шығармаларына бай.
• Ал, балалар кәне халық ауыз әдебиеті туралы білімімізді ортаға салайық.
Оқушылар бір – біріне сұрақтар қояды.
1 Халық ауыз әдебиеті деген не?
2 Халық ауыз әдебиетін кімдер шығарған?
3 Ауыз әдебиеті бізге қалай жеткен?
4 Ауыз әдебиетінің авторы болған ба?
5 Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?
III. Жаңа сабақ.
Ал, балалар енді бүгінгі сабағымыз ертегілерді қайталау. Соның ішінде «Алтын сақа» ертегісі.
Кәне кім айтады ертегі бізге қалай жеткен? Ертегі ауыздан - ауызға жеткен. Енді мына тірек схема бойынша жұмыс жасайық.
Ертегілер: неге байланысты туған?
Ертегілер адамдардың еңбегі мен тұрмыс - тіршілігіне байланысты туған.
Ертегілерде жақсы өмірді армандаған.
Ертегілер үш топқа бөлінеді.
1Қиял - ғажайып.
2 Хайуанаттар.
3 Тұрмыс - салт.
Кәне кім айтады ертегілердің басты кейіпкерлері кімдер?
Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасыр.
• Қандай ертегілерді білесіңдер?
Үйде қандай ертегі оқыдыңдар?
« Алтын сақа» ертегісі қай топқа жатады? Қиял - ғажайып.
Оқушыларға сақа туралы түсінік беру.
Сақа – деген асықтардың ішіндегі үлкендеуі және ауырлауы себебі оған қорғасын құйылады, онымен асықтарды атып ұтуға болады. Ауыл балаларының сүйіп ойнайтын ойыны.
«Алтын сақа» ертегідегі кейіпкерлерді атандар?
Кейіпкерлер: Бай, бала, жалмауыз кемпір, түлкілер, қарлығаш, төбеттер, ат,.
Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ата?
Жағымды: Бала, қарлығаш, ат, ит, түлкі.
Жағымсыз: Жалмауыз кемпір, бай.
Ертегіде кездесетін кейбір сөздердің мағынасымен таныстыру.
А - Құрық - курук. ( жылқының құралы)
Т - Тай - стригунок. 1 жылдық.
Қ - Құнан - жеребенок. (3 жылдық)
Т - Дөнен - лошадь. (3 жыл боған ат)
А - Бесті ат - бесты. (5 жыл болған ат)
Д - Тұлпар - скакун. ( быстроходный)
А - Төбеттер - волководы.
2 оқушы ертегіден үзінді айтады.
Ал, балалар ертегіні 5 абзацқа бөліп, берілген абзацты ертегіден оқып, табу.
1 абзац - Бай мен жалмауыз кемпірдің кездесуі.
2 абзац - Бала мен жалмауыз кемпірдің қашуы.
3 абзац - Кемпірдің түлкілермен кездесуі.
4абзац - Баланың жалмауыз кемпірден қашуы.
5 абзац - Баланың жалмауыздан құтылуы.
- Балалар міне ертегіден абзацтарды оқыдық, енді осы ертегі кейіпкерлерге мінездеме береміз.
Мінездеме.
Жалмауыз кемпір: арам, зұлым, кәрі, жаман.
Бала: ( қандай) ақылды, тапқыр, қайырымды..
Бай( қандай) қорқақ, саран, ақымақ.
Ертегідегі бала мен жалмауыз кемпірдің іс әрекеттері.
Бала: тайға мінді, сақасын тапты, қашты, терек басына шықты, көмек сұрады, құтылды.
Жалмауыз кемпір: судан шықты, байды ұстап алды, баланы қуды, ағаштың түбін қазды, өлді.
Ертегі өмірден алынады. Осы ертегідегі кейіпкерлердің қандай екенің білдік, мінездеме бердік, жақсы мен жаманды айыра білдік.
Балалар кім айтады бала кімді жеңді? ( жалмауыз кемпірді)
Балаға көмекті нелер көрсетті?(қарлығаш, иттер.)
Балалар үйде ертегіге байланысты суреттер салып келу. осы суреттер бойынша сөйлем құрастыру.
1Жалмауыз кемпірдің жанында сақа жатыр. Қарлығаш баламен дос. Бала көлге келді. Бала алтын сақасын алды. Қызыл түлкі жалмауыз кемпірді алдады.
Сабақты қорытындылау: Ертегіден үзінді көрініс көрсету.
Бағалау:
Үйге: Оқу. ертегі жазып келу.
19 653
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Оқушыларды халық ауыз әдебиеті – халық шығармаларының түрлерімен таныстыру. Ертегі түрлерімен таныстыру.
Алтын сақа
Алтын сақа
Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту және естерінде сақтау. Халық ауыз әдебиетін қайталап, еске түсіру. Ертегіні оқыта отырып мазмұнын мәнін түсіне білуге уйрету, балалардың ақыл - ойын, сөз байлығын жетілдіру.
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту және естерінде сақтау. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін қайталап, еске түсіру.
Әдебиет шыңына апаратын соқпақ (Халық ауыз әдебиеті)
Әдебиет шыңына апаратын соқпақ (Халық ауыз әдебиеті)
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Аманкелді жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сүлейменова Алтынай Өміртайқызы
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Ертегілер
Ертегілер
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×