Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әуезов әлемі

15 желтоқсан 2012, Сенбі
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
Ғ. Мүсірепов атындағы
№86 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы

Сабақтың тақырыбы: «Әуезов әлемі» (М.Әуезовтің 115 жылдығына орай)
Сабақтың мақсаты:
1. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы білім деңгейлерін анықтау;
2. Ой ұшқырлығын танытуға шыңдау, белсенділігін арттыру;
3. Жауапкершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, презентациялық слайд, үлестірмелі парақша, жұлдызшалар.
Сабақтың түрі: викториналық сайыс
Сабақтың барысы:

1-жүргізуші:
Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, Шәкәрім - оның бауыры және ізбасары, ал Мұхтар – абайтанудың негізін қалаушы. Осы үш алып қазақ халқының мақтанышы мен абыройы.

2-жүргізуші:
Қазақ елін ұзақ жылдар басқарған басшы, қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев «Бүгін біз тағы да бір рет терең құрмет, алғысты сезіммен осынау ғажайып эпопеяның авторы Мұхтар Омарханұлы Әуезовті еске алуға тиіспіз, оның ұлы дарынының арқасында данышпан Абай өмірге қайта келді» деген болатын.

Абайдың «Желіз түнде жарық ай» әнін орындау.

1-жүргізуші:
Самғаған сұңқарлар мен тұлпар ғана,
Саңлағын сағынғанда іңкәр дала.
Шомылып Шыңғыстаудың самалына,
Түледің тал бесіктен Мұхтар дана.

2-жүргізуші:
Ақындар ақын дейді ағып туған,
Жазушы жалын дейді жанып тұрған.
Не жазса да өзінің туған елін,
Туған сөзбен әлемге қанық қылған.

1-жүргізуші:
Теңейміз Шекспир мен Толстойды,
Әңгіме ғой бұл үлкен Арыс жайлы.
Салыстырсаң сапамыз самғап ұшты,
Еуропа, Азиядан қалыспайды.

2-жүргізуші:
Туған сөз – ана тілі, қазақ тілі,
Басылмаған айтқанда сөз аптығы.
Сөз қолдану санынан Шекспирмен,
Толстойдан көп болған – ғажаптығы!

1-жүргізуші:
Осында ғаламаты – ғарыштығы,
Осында жақын әрі алыстығы.
Қазақтың шын мәнінде – шың өнерін,
Бір өзі дүниеге таныстырды.

2-жүргізуші:
Бай тіл-ау, қазақ тілі бағаласа,
Мұқаңдай ала білсе қалағанша.
Біз білместе ек Шекспир, Толстоймен,
Бельгер кеп салыстырып санамаса.

1-жүргізуші:
Халқын ол қалқалап та, арқалап та,
Таратты ән мен сәнін шартарапқа.
«Мінін де», «мінезін де» жасырмады,
Қазақша: махаббат та, мархабат та.

2-жүргізуші:
Неге оған дүние түгіл таңданады?
Әлемдік өнер оның қорғағаны.
Ұлылығы – ұлттық қалпын сақтап,
Біреудің көшірмесі болмағаны.

1-жүргізуші:
Жер деп білген алты шар – құрылықта,
Айтпай қалай шыдарсың мұны жұртқа?
Аз халықтың өз орнын көрсетті ол,
Әлемдік өнер атты – ұлылықта!

2-жүргізуші:
«Әуезов әлемі» атты викториналық сайысымызды бастаймыз.

1-жүргізуші:
Сайыстың шарты:
Сайыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жазушының өмірі мен алған біліміне байланысты сұрақтар қойылса, екінші кезеңде жазушының шығармашылығы қамтылады, ал үшінші кезеңде шығармадағы кейіпкерлер мен шығармадан үзінділер келтіріледі. Әрбір кезең ұпаймен бағаланып отырады: 1-кезең – 10 ұпай, 2-кезең – 20 ұпай, 3-кезең – 30 ұпай.

Әрбір топқа сұрақ беріледі, топ берілген сұрақтың жауабын дұрыс тапса ұпай еншілеріне бұйырады, ал таппаса сұрақтың жауабын айту кезегі келесі топқа бұйырады, олар тауып жатса ұпай соларға беріледі. Егер берілген сұрақтың жауабын екі топ та білмей жатса көрермендер ішінен жауап беруге рұқсат етіледі және дұрыс тауып жатса, сол ұпайды өзіне ұнаған топқа сыйлай алады. Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Таныстыру. Екі топ өздерін таныстырады.

1-кезең 10 ұпай
Өмірбаяны
1. Мұхтар Әуезовтің дүниеге келген күні. (28 қыркүйек)
2. Мұхтар Әуезовтің туған жері. (Бөрілі)
1. 1908 жылы қайда сабақ алды? (Семей медресесінде)
2. Ташкент мемлекеттік университетіне өз бетімен тыңдаушы болып қай жылы түседі? (1922ж.)
1. Мұхтардың анасының есімі. (Нұржамал)
2. Мұхтар Абайды көрген бе? (Иә, 6 жасынан атасының үйретуімен Абайдың өлеңдерін жаттап, оны ұлы ақынның өзіне айтып берген)

1. 1908 жылы қайда оқиды? (Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқиды, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады)
2. 1910 жылы қайда оқуға түседі?(Семей қаласының бес кластық орыс қазына училишесіне оқуға түседі)
1. Қай жылы тұтқындалады? (1930 ж. 16 қыркүйекте)
2. Қай жылы босатылады? (1932 жылы)
1. Қай жылы Семей губерниялық атқару комитетінде ұлттар бөлімінің меңгерушісі, онан соң төрағасы болды (1919 жылы)
2. Мұхтар 1924 жылы еліне оралып, қайда сабақ берді? (Қазақ педагогикалық техникумында)

2-кезең 20 ұпай
Шығармашылығы
1. «Абай жолы» романы қай жылы аяқталды? (1956жылы)
2. «Абай жолы» романының екінші кітабы қай жылы жарық көрді? (1947 жылы)
1. «Еңлік-Кебек» драмасы қашан және қай кезде жазылды? (1917 жылы, семинарияда оқып жүрген кезінде)
2. Алғашқы көркем әңгімесі қалай аталады және қашан жарияланды? («Қорғансыздың күні» 1921 жылы)
1. «Қарагөз» трагедиясында нені суреттеді? (Бұрынғы қазақ қоғамындағы жастар басындағы еріксіздікті)
2. «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман» повестерінде нені баяндайды?(Ел өміріндегі күрделі мәселелерді)
1. Қырғыз халқының қандай шығармасына монография жазды? («Манас» жыры)
2. «Абай жолы» романы неше тілге аударылды? (30 тілге)
1. «Өскен өркен» қандай жанр? (роман)
2. «Қараш-қараш» қандай туынды? (повесть)

3-кезең 30 ұпай
Шығармадағы кейіпкерлер мен шығармадан үзінділер
1. Қай шығармадан, қонақтар кімдер?
«Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше. Ол – өңшең қыз-келіншек пен бозбала. Жиын қазіргі сәтте мына ауылдың өзге тірлігінен оқшау бөлінген бір топ тәрізді. Осындай ойын-сауық жиынның ортасында ең қадірлі бір топ қонақ бар. Солардың ішіндегі ең қадірлісі, сүйіктісі кім?» ( «Абай жолы», Біржан сал)

2. Қай шығармадан, қонақтар кімдер?
Сондай шеше әңгімелеріне бар пейілін беріп жүрген күндердің бірінде бұл үйге екі бөгде қонақ кеп қонды: бірі – қартаң, бірі – жас қонақ. Жасын Абай біледі. Таныған жерде қуанып кетті. Ол былтыр жайлауға келіп, осы үйге үш күндей жатып, «Қозы Көрпеш - Баянды» жырлап берген. Қонақтарды ата? («Абай жолы», Байкөкше мен Барлас.)

1. Қай шығармадан, кейіпкерді тап?
«Үш күндік жолдың бүгінгі соңғы күніне бала шәкірт барын салды...күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. ...Қауіпті деген Есембайға жеткенше, артына бірде –бір қараған жоқ.» («Абай жолы», Абай)
2. Қай шығармадан, кейіпкерді тап?
Жетімдік тауқыметін тартқан 13 жасар бала өгейлік тепкісінен қашып, әке-шешесінің зиратына келіп қаза табады. («Жетім» әңгімесі, Қасым)

Сайыстың қорытындысын жариялау, жеңімпаздарды марапаттау.

1-жүргізуші:
М.Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», - деді.

2-жүргізуші: «Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды сауатты, мәденитті адам деуге болмайды», - деді М. Әуезов.

1-жүргізуші:
Ал, Елбасы Н.Назарбаев: «Қай жағынан алсақ та Мұхтар Әуезов – бақытты адам. Ол – көзінің тірісінде де, дүниеден өткеннен кейін де халқының қалтқысыз сый-құрметіне, сүйіспеншілігіне бөленген, осындай мерекелі күндерде ғана емес, әрдайым жұртының жадында жаңғырып тұратын, тарихтың да, тағдырдың да сынына төтеп берген Ұлы Тұлға», - деп баға берді.

2-жүргізуші:
Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлы айтқандай «Туған елімізді, жерімізді, тілімізді өліп-өшіп сүйіп өтуде Абай жолынан, Әуезов жолынан айнымайықшы, ағайын!
Хормен «Анамның тілі – аяулы үні» әнін орындау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 844
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Жетім Мұхтар Әуезов
Жетім Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін оқыту, түсінік беру;
Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Қазақ халқының мәдени ерекшелігін әлемге «Абай жолы» романы арқылы танытқан жазушы шығармасымен таныса отырып, оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
«Жас Мұхтар» әңгімесі
«Жас Мұхтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Кармакшы ауданы, Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Бекпанова Гулзира
Мұхтар аты – мақтаныш
Мұхтар аты – мақтаныш
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, М.О.Әуезов атындағы №6жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Б.У. 3 сынып Тақырыбы: «Мұхтар аты – мақтаныш»
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Т.Рысқұлов ауданы, М.Жәрімбетов ауылы, "Алғабас" жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаримбетова Алуа Шалбаевна Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жазушы Мұхтар Әуезовтің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×