Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің сүйікті әлеуметтік желім

11 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті әлеуметтік желім. (Қазақ тілі 8 сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын байыту. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Табыс критерийі:
1. Ғаламтор мен Е - mail поштаның шығу тарихын білемін.
2. Танымал әлеуметтік желілерді білемін.
3. Өз ойымды қазақ тілінде еркін жеткізе аламын.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, А - 3 парақтары, маркерлер, бағалау парақшалары, стикерлер.
Әдіс - тәсілдері: АКТ, СТО, тест, топтық жұмыс, критериалды бағалау, диалогтық оқыту, дарынды және талантты балаларды оқыту.

С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы
1. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут): Сәлемдесу, түгендеу.
2. «Қызығушылықты ояту» кезеңі:
А) Сөздік жұмысы (6 минут): Тақтада берілген сөздер бойынша дыбыстық жаттығу (хормен қайталату). Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздырып, аударма сөздіктердің көмегімен өздеріне аударту:
Компьютерлік желі -?
Ақпаратты табу -?
Байланыс -?
Ұялы телефон -?
Әлеуметтік желі -?
Зиян -?
Ғаламтор -?
Құпия сөз -?
Хаттасу -?

(Сөздерді қалай аударғандарын тексеру).
Б) «Ой шақыру» (2 минут): Енді ойланыңдар, бұл сөздер қандай тақырыпқа жатады? «Ассоциация»: «Е - mail пошта» сөздерін естігенде көз алдарыңа не елестейді? Оқушылардың жауаптарынан кейін: Енді сендер қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не туралы айтуымыз мүмкін? Оқушылардың жауабынан соң сабақтың тақырыбы, мақсаты, табыс критерийлері хабарланады.
3. Үй жұмысын тексеру (8 минут): «Менің Е - mail поштам» модулі бойынша тесттің сұрақтарына жауап береді.
Тексеру. Партада отырған жұптар бір - бірімен дәптер ауыстырып, бір - бірінің жұмыстарын тексереді. Тест кілттері мен бағалау критерийі тақтада көрсетіледі:
1в. 2с. 3а. 4д. 5в. 6е. 7с. 8в. 9с. 10е. 11в. 12в. 13д. 14е. 15а.
«5» - 13 – 15 дұрыс жауап «3» - 6 – 9 дұрыс жауап
«4» - 10 – 12 дұрыс жауап «2» - 0 – 5 дұрыс жауап

4. «Мағынаны тану» кезеңі. Сыныпты отырған варианттары бойынша екі топқа бөлу.
1 - ТАПСЫРМА. «Миға шабуыл» (7 минут). Тақтада компьютер мен ұялы телефондардың суреттері:

Төмендегі сұрақтардың жауабын жылдам тапқан топ жалаушаны көтереді. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Қай топтың ұпайы көп болса, сол – жеңімпаз:
1. Суреттерден нені көріп тұрмыз?
2. Ұялы телефонның пайдасы қандай?
3. Компьютердің пайдасы қандай?
4. Олардың зияны бар ма?
5. Компьютер мен телефонның қайсысы кішкентай?
6. Олардың ортақ белгісі қандай? (екеуі де ақпарат құралы)
7. Әлеуметтік желі деген не?
8. Интернет компьютерлік желісі қайда, қашан пайда болды? (1952, Америкада)
9. «Е - mail пошта» деген не?
10. Электронды пошта қашан пайда болды? (1965ж.)
11. Электронды поштаны пайдалану үшін не керек?
12. Қандай танымал әлеуметтік желілерді білесіңдер?
13. Электронды поштаны кімдер ойлап тапты? (Ноэль Моррис және То Ван Влек)
14. Егер компьютер мен интернет болмаса не болар еді?
15. Компьютерге тіл бітсе не айтар еді?

Ұпайларын санап, жеңімпаз топты анықтау.
5. Сергіту кезеңі (3 минут). Көз жанарына арналған. Слайдтағы шарды мойынды бұрмай, көз жанарымен ғана бақылау.
2 - ТАПСЫРМА (6 минут). Сурет қиындылары арқылы үш топқа бөліну.
Барлық топтарға бірдей тапсырма. Тақтада берілген суреттерді логикалық байланыстырып, әңгіме құрастыру:

Тексеру. Әр топ өз әңгімесін оқып, бірін - бірі бағалайды. Бағалау критерийлері:
1. Әңгімеде сурет атауларының қамтылуы – 1 ұпай
2. Логикалық байланыс – 1 ұпай
3. Сөздердің орын тәртібі – 1 ұпай
4. Әңгіменің көлемі – 1 ұпай
5. Сөз байлығы – 1 ұпай
6. «Ой толғаныс» кезеңі. 3 - ТАПСЫРМА (7 минут)

Төменде берілген тақырыптар бойынша топтар кластер құрастырып, әңгімелеп береді:
1 - топ: «Интернеттің пайдасы мен зияны»
2 - топ: «Менің сүйікті әлеуметтік желім»
3 - топ: «Электронды пошта»
Тексеру. Топтар тақтаға өз жұмыстарын алып шығып, қорғайды. Топтар бірін - бірі бағалайды.

Бағалау критерийлері:
1. Тақырыптың ашылуы – 1 ұпай
2. Түсіндіре алуы – 1 ұпай
3. Сөз байлығы – 1 ұпай
4. Сауатты сөйлеуі – 1 ұпай
5. Жұмысты безендіруі – 1 ұпай
6. Басқа топтарды тыңдай білуі – 1 ұпай
7. Бағалау (2 минут). Топ жетекшілері бағалау парақшаларына топ мүшелеріне баға қояды. Бағалау критерийлері (әр критерийге бір ұпай):

Менің сүйікті әлеуметтік желім. жүктеу
4 689
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ түрлерін тілдесім барысында қолдана алады.
Ғаламтор ұғымы
Ғаламтор ұғымы
Ғаламтор ұғымы кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік торап.
Ғаламтор ұғымы
Ғаламтор ұғымы
Ғаламтор ұғымы кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік торап.
Ғаламтор құрамының элементтері
Ғаламтор құрамының элементтері
«Ғаламтор құрамының элементтері» тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Сөздік диктант
Сөздік диктант
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгереді, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйренеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×