Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зеректік. Есімшенің септелуі

12 желтоқсан 2017, Сейсенбі
Тақырыбы: Зеректік. Есімшенің септелуі
Қазақ тілі 10 сынып
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып қазіргі технология жаңалықтары туралы өз ойларын айтуға үйрету, есімшенің септелуін меңгерту
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: Мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауап бере алады. Септік сұрақтары мен жалғауларын біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Мәтін мазмұнын өз сөзімен айта алады, есімшені септейді.
Кейбір оқушылар: Тақырып бойынша пікірін білдіріп, ой қосады, сөйлем ішінен есімшені тауып талдайды, жасалу жолын түсіндіреді;

Тілдік мақсат Оқушылар:
Ойларын жеткізе алады, салыстырады, дәлелдейді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
қолайлы көпір, жолдың үстін кесе тартқан, шынжыр, бағана
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: сөз, сөз тіркесі, сөйлем
Талқылауға арналған тармақтар:
Етістік, есімше, септік, септік жалғаулары
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Жаңа технологияларды ендіруде адам табиғаттан нені үйренді?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
сауатты жазу, үндестік заңы

Алдыңғы оқу
Етістіктің шақтары
Салт – дәстүрлер
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз).

Басталуы
І Ұйымдастыру кезеңі

IV Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа аудару
1.«Досқа лебіз» тренингі. Оқушылар бір – бірінің атының басқы әрпіне сын есім қосып айтады; Мысалы: Ақылды - Артем
2. Топқа бөлу, топ ережесімен таныстыру
3. Миға шабуыл
Адам табиғаттан нені үйренді?
Сұрақ - жауап
Слайд көмегімен инелікке қарап тікұшақ жасауды үйренді, құстарға қарап ұшақ жасауды үйренді т. б. пікірлерін тыңдаймын.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар өрмекші торына қарап нені үйренуге болады?
Адам нені үйренген?
Жаңа сабақ
Ы. Алтынсариннің «Зеректік әңгімесі»
1. Топта оқып талқылауға 3 - минут беріледі.
2. Топтар өзара сұрақ қойып жауап береді
3. Берілген сөйлемдерге сұрақ ойлап, сұхбат құрастырады.
Сынып болып талқылау

Грамматикалық тақырып
Сонымен алғашқы аспалы көпір туралы ойды Броун өрмекші торына қарап ұққан.
Ұққан – есімше
Есімшенің не екенін мысалдар көмегімен кестеге сүйене отырып түсіндіремін.
Жасалу жолын көрсету
Есімше септеледі, тәуелденеді, жіктеледі
Топ мүшелеріне арналған тапсырмалар:
1. Септіктерді сұрағымен жазады;
2. Берілген есімшені септеу
3. Септік жалғауын бөліп көрсету
5. Бір сөйлем құрастыру
Тапсырма критерийлері ұсынылады сол бойынша өзара бағалау жүргізіледі
Жалпы сабақты бағалау:
9 – 10 жұлдыз – “5”
7 – 8 жұлдыз – “4”
5 – 6 жұлдыз – “3”

Мұғалімнің есімі: Тауханова Д. А.

Зеректік. Есімшенің септелуі. жүктеу
3 428
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Липидтер
Липидтер
Липидтердің түрлерін атайды.
Дулат Бабатайұлы «Еспенбет» дастаны
Дулат Бабатайұлы «Еспенбет» дастаны
Шығарманың мазмұнын білу, әдеби - теориялық талдау жасау, батырлар жырымен үндестігін таныту
Ж. Аймауытов Қартқожа
Ж. Аймауытов Қартқожа
Көркем шығарманы талдай білуге төселеді, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғауға дағдыланады. Шығарманың көркемдік ерекшеліктерін сипаттай алады.
Баяндауыш
Баяндауыш
Баяндауыштың анықтамасын түсінеді. Баяндауыштың құрылысына қарай жіктей алады. Баяндауыштың қандай сөз таптарынан жасалатынын анықтай алады. Мәтіннен баяндауыштың жасалу жолдарын түсіндіреді. Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді талдайды.
Программалау тілдері
Программалау тілдері
Оқушылар программалау тілдерін біледі. Программамен жұмыс жасауды біледі
Кешкі ас. Көмектес септік
Кешкі ас. Көмектес септік
Рамазанова Ә. М. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі №4 орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×