Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс. Сын есім

12 ақпан 2015, Бейсенбі
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қыс. Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жаңа сабақ туралы мағлұмат беру,«Қыс» тақырыбына байланысты сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс айтуын талап ету, мәтін бойынша жұмыс жасау отырып сын есімді қайталау, жаңа сөздермен танысу
Дамытушылық: Сауатты жазу және оқу дағдыларын дамыту, жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру дағдаларын дамытуСөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте. Интеракт. тақта.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Лескикалық жаттығу. Жыл мезгілдері: Сурет пен слайд арқылы жыл мезгілдерін таныстырып, көрсетемін, түсіндіремін.
Жұмбақ шешу. 1. Аяз қысып, өрнек сызып, Терезеңді торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып, Балдырғандар ойнайды. Кейде ұрып, кейде жұлып. Ұйытқып боран соғады. Бұл қай кезде болады?
2. Мамықтай ұлпа Қанттай ақ Қыста жер бетін басады Жазда сайға қашады. (қар)
3. Қолы жоқ сурет салады Тісі жоқ тістеп алады (аяз)

III. Фонетикалық жаттығу
IV. Сабақтың мақсаты. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қыс», мақсатымыз «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді білу, ол сөздерді дұрыс оқып, айта білу, әңгімелей білу.
V. Ассоциация ойыны. Қыс. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау.

VI. Сөздікпен таныстыру: Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау
Қар - снег
ұлпа - пушистый
аяз - мороз
шана - санки
қысқа - короткий
шаңғы - лыжи
ұзақ - длинный
тебеді - катается

Грамматикалық тақырып. Сын есімді қайталау.
VII. Сергіту сәті.

VIII. Мәтінмен жұмыс. Қыс.
1. Мақсаты: Мәтінді оқу, сөздік сөздерді пайдалана отырып, аудару. Мәтін бойынша бір - бірімізге сұрақтар қою. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. Мәтіннен сын есімдерді табу
Қыс түсті. Қыс айлары – желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста қар жауады, боран соғады, қатты аязды күндер көп болады. Қыста күн қысқа, түн ұзақ болады. Жердің бетін аппақ, ұлпа қар басады. Адамдар қыста жылы киім киеді. Балалар коньки, шана тебеді, шаңғымен сырғанайды. Маған қыс мезгілі ұнайды.
IX. Қыс туралы презентация көру.
Мақсаты: көру, ұнаған суретті салу, қорғау.
Қазір біз сендермен қыс туралы презентация көреміз, сендердің мақсаттарың көріп болғаннан кейін, не көргендеріңді үлгі бойынша атап беру. Үлгі: Мен... көрдім. Балалар, презентациядан не көрдіңдер?

X. Тапсырмалар орындау
1. Берілген сөздермен сөйлем құра: қар, аяз, шана
2. Қыс сөзін септе.
3. Қыс туралы сұхбат құрастыр.

XI. Жаңа сабақты бекіту: 128 - бет 3 - тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру

XII. Үй тапсырмасын беру: жаңа сөздерді жаттау. Қыс туралы әңгімелеу. Қыс мезгіліне сурет салу.
XIII. Бағалау
XIV. Сабақты қорытындылау.
XV. Рефлексия жүргізу.
6 583
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Судың пайдасы. Тіл дамыту. Топтау сан есімдері
Судың пайдасы. Тіл дамыту. Топтау сан есімдері
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім
Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім
Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Қысқы демалыс. Сын есім
Қысқы демалыс. Сын есім
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×