Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

23 қаңтар 2018, Сейсенбі
Ашық сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі практикумы.
Сабақ тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру. Түрлі деңгейлік тапсырмалар мен сызба кестелер арқылы түсіндіру, сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, ой - өрісін, шапшаңдығын арттыру. Өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа, жан-жақтылыққа, ізденушілікке баулу. Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Оларды бір - бірінен ажырата білуге үйрету
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, стиккерлер, түрлі суреттер, плакаттар, қорапшалар, «Көшпенділер» көркем фильмінен үзінді, түрлі түсті қағаздары.
Сабақтың әдісі: Компьютерлік, модульдік және сын тұрғысынан ойлау технологиясы, түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, ізденіс, жеке, жұптық және топпен жұмыс.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: топтық жарыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, жаңа педагогикалық технология.
Күтілетін нәтиже:
• Студенттер әр түрлі топтық жұмыстарды орындау арқылы бір - біріне қарым - қатынастары өзгереді.
• Әр студент өз ойын жеткізуге мүмкіндік алады.
Сабақта туындаған негізгі идеялар. Студенттер тақырып бойынша әркелкі жұмыстар арқылы сыни ойлауға дағдылана бастайды, сонымен қатар сабаққа деген қызығушылығы арта түседі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
4. Топ ережесін естеріне түсіру.
5. Сабақтың тақырыбын ашу.
6. Тақырып бойынша негізгі тапсырмаларды орындату

Сабақтың эпиграфы:
«Сендерді, ең алдымен, қалыптасқан тұлғалар,
тамаша кәсіпқойлар және шынайы патриоттар тұрғысында көремін»
Н. Ә. Назарбаев.

І.«Брейн - ринг» оқыта үйрету ойыны.
Ойынның жүру барысы:
Білімгерлерге нөмірленген жетондар үлестіріледі. Сілтеме бойынша алты адамнан үстел маңына топтасып отырады. Топтасқан әр бөлігіне үш деңгейлік тапсырмалар жазылған қима қағаздар қойылады. Үстіңгі сұрақтарға дайындықсыз жауап беру талап етіледі. Екінші сұраққа 2 - 3 минут, ал үшінші сұраққа 7 - 10 минут уақыт беріледі. Жүргізуші 1 - 6 ға дейін сандар жазылған қима қағаздарды жайманың үстіне тастағанда қандай сан түссе, сол санға сәйкес жетоны бар білімгердің жауап беруі талап етіледі. Берілген жауаптар бағаланып отырады.
І деңгейлік тапсырма - жеке жұмыс
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Түрлерін ата.
2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді? Түрлерін ата.
3. Ыңғайлас салалас сөйлем дегеніміз не? Қандай жалғаулық шылаулар арқылы жасалады?
4. Түсіндірмелі салалас сөйлем дегеніміз не? Түсіндірмелі салаластың тағы басқа атауы.
5. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы.
6. Кезектес салалас деп нені айтамыз? Мысал келтір.
І деңгейлік тапсырма – жеке жұмыс
1. Салалас құрмалас сөйлем деп нені айтамыз? Мағыналық түрлерін атап бер.
2. Себеп - салдар салалас деп нені айтамыз? Қандай жалғаулықтар арқылы жасалады?
3. Жақсыз сөйлем деп нені айтамыз? Мысал келтір
4. Толымды, толымсыз сөйлемнің айырмасы.
5. Талғаулы салалас сөйлем деп нені айтамыз? Қандай жалғаулықтар арқылы жасалады?
6. Қарсылықты салалас деп нені айтамыз? Мысал келтір.

ІІ деңгейлік тапсырма - жұптық жұмыс
Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі екенін анықта.
1. Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озғанына біраз уақыт өтті...
2. Құнанбай Ұлжан қасына отырды....
3. Қорыққаны сонша -.....
ІІ деңгейлік тапсырма - жұптық жұмыс
Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі екенін анықта.
1. Ұмытып қалғандарыңды еш уақытта да кітаптан іздеме...
2. Бабамнан қалған асыл бар: ол...
3. Күн де батты....
ІІ деңгейлік тапсырма - жұптық жұмыс
Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі екенін анықта.
1. Өзен біресе төмен ағып жатқандай,....
2. Не ғылым жоқ,...
3. Аспанды қалың бұлт басып еді дегенмен....
ІІ деңгейлік тапсырма - жұптық жұмыс
Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі екенін анықта.
1. Оның қорыққандығы сондай....
2. Оларға рахмет айту керек...
3. 1997 жылы Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасы жарияланды...
ІІ деңгейлік тапсырма - жұптық жұмыс
Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі екенін анықта.
1. Ербол Тоғжанды апарып тастады да....
2. Менің ең алдымен айтарым сол...
3. Кейде қабағы түксиеді...
ІІ деңгейлік тапсырма - жұптық жұмыс
Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі екенін анықта.
1. Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар...
2. Қыстың аяғы созылатын түрі бар...
3. Қазақ мақалы бар:....

ІІІ деңгейлік тапсырма - топтық жұмыс
І. Есенберлин - 100 жаста! тақырыбында салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып мәтін жазу.
ІІІ деңгейлік тапсырма - топтық жұмыс
Мұқағалиға - 85 жыл! тақырыбында салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып мәтін жазу.
ІІ. Талдау - табыс кілті. Суретке қарап құрмалас сөйлем құрастырып, синтаксистік сатылай талдау жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Құрамындағы жай сөйлемнің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Оқуға зерек бала орыс тілін тез үйреніп, білім жағынан құрбыларын басып озады.

Пән оқытушысы: Содикова Чинаргул Жорабаевна

Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. жүктеу
3 821
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы
Оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасауға үйрету, үйренген сөздерін ұтымды пайдаланып, сөйлеуге, өзгенің пікірімен санасуға, бұйыру шартымен емес, дәлелмен сөйлеуге үйрету.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері және жасалу жолдары ұғымын меңгерту. Оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа біліммен байланыстыра алуына қажетті логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру, грамматикалық сауаттылықты дамыту.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Атырау қаласы, №32 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бернияшова Мөлдір Жұмабайқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаева Гүлмира Құспанқызы
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×