Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сілтеу есімдігі

04 қаңтар 2013, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Сілтеу есімдігі.
Сабақтың мақсаты:
1. Сан есім бойынша алған білімдерін жинақтап қайталау және есімдіктермен байланыстыра отырып түсіндіру.
2. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, ой – өрісін, сезім, қиялын, түсінігін дамыту.
3. Оқушыларға өз – өзіне сын көзбен қарауға үйрету.Елін сүюге, ана тілін оқып меңгеруге арналған жауапкершілікті жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, схемалар, тест сұрақтары, кеспе қағаздары, ақын – жазушылар портреті, т.б.
Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау, сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, қайталау, сурет арқылы ойландыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, сурет, тарих, т.б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жинақтау кестесі.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу.
1. «Қайталау білім –анасы».
2. «Жүйрік болсаң шауып көр».
ІІІ. Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа сабақ
1. Кітаппен жұмыс.
2. Ой толғаныс сатысы.
Ү. Жаңа сабақты пысықтау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
ҮІІ. Бағалау.

І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты төрт топқа бөлу.
1. Қайрат
2. Ақыл
3. Жүрек
4. Ғылым
Оқушылар өз топтарының атына мінездеме береді.
Қайрат: Құдайға лайықты ғибадат қылу. Күнәһарлықтан, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқару.
Ақыл: Дүниеде не ахиретте не пайдалы, не залалды екенін білдіру. Мінез пайданы іздей алмау, залалдан қаша алмау, ғылымды ұғып үйрене алмау.
Жүрек: Адам дененің патшасымын, қанменен тарайды, жан менде мекен қылады. Адам баласын алаламау. Әділет, ұят, рахым мейірбан менен шығады.
Ғылым: Үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет. Бір кісіден табылсаңдар, қасиетті адам -сол.
Мұғалім сөзі:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек.
Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,
- деп ақын Абай атамыз айтқандай ыстық қайратымыз, нұрлы ақылымыз жылы жүрегімізді ғылымменен байланыстыра отырып сабағымызды жалғастырамыз.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу. «Қайталау білім анасы»
1 – топ: Сан есім дегеніміз не? (Ережесі, сұра мысал келтіру)
2- топ: Сан есім құрамына қарай бөлінуін түсіндір. Мысал келтір.
3 – топ: Сан есімнің мағынасына қарай бөлінуін түсіндір. Мысал келтір.
4- топ: Сан есімнің емлесі дегеніміз не?Қанша жолмен жасалады. Мысал келтір.
ІІІ. «Жүйрік болсаң - шауып көр» тестпен жұмыс.

1- топ:
1. Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Осы өлең авторы кім?
А) Жамбыл
*Ә) Абай
В) Ахмет Байтұрсынов
С) Ыбырай Алтынсарин

2. Осы өлең жолында мың деген сан есімге жалғанып тұрған қай жалғау?
А) Тәуелділік
Ә) Көптік
В) Жіктік
*С) Септік

3. Септік жалғау болса қай септік
А) Табыс
Ә) Атау
*В) Көмектес
С) Барыс
4. Қарағым, айналайын, қамқор анам,
Арнап хат жазайын деп алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтай,
Көруге жазған еді хақ тағалам.
Бара алмай өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң,
Оқ тиіп, он үшімде ой түсірген
Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.
Авторы кім?
А) Жамбыл
Ә) Абай
*В) Ахмет Байтұрсынов
С) Ыбырай Алтынсарин

2- топ:
1.Осы өлеңдегі сан есім қандай сан есім?(он үшімде)
А) Болжалдық
Ә) Есептік
В) Реттік
С) жинақтық
2.Осы «он үшімде» деген сөзге жалғанып тұрған жалғауларды ата.
*А) Тәуелдік - септік
Ә) Септік-тәуелдік
В) Тәуелдік - жіктік
С) Тәуелдік – көптік

3.Осы «он үшімде» деген сөз сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
А) Анықтауыш
Ә) Пысықтауыш
В) Толықтауыш
С) Бастауыш

4.Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ. Абай өлеңінен алынған үзіндіде сан есімнің қай түрі кездеседі?
А) Болжалдық
Ә) Есептік
В) Реттік
С) Жинақтық

3- топ:
1. Мына мақал адамның жас мөлшеріне байланысты айтылған, қай сан есімді қоюға болады?
... орда бұзбасаң,
... қыр аспайсың.

А) 40-50
*Ә) 30-40
В) 50-60
С) 60-70

2.Осы мақалда айтылған сан есімдер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
*А) Анықтауыш
Ә) Пысықтауыш
В) Толықтауыш
С) Бастауыш
3. «Ер қаруы» деп бастап, біздің халқымыздың ер қаруының нешеу болатынын айтатын мақалы бар. Сол қай санға байланысты?

А) 3
Ә) 7
В) 6
*С) 5
4. Тамақ, күлкі, ұйқы. Осы сөздер киелі сандарға байланысты қай ұғымға жатады?

А) Үш кедейлік
*Ә) Үш арсыз
В) Үш асыл
С) Үш байлық

4- топ:
1. Өздерің оқыған бір ертегінің аты сан есіммен басталады.
А) 30
Ә) 40
*В) 20
С) 60

2. Дұрыс жазылған сан есім қайсы?
А) 16-қатар
Ә) Ү - том
*В) 7 сынып
С) ХХІ – ғасыр
3. Мына мақалдағы сан есім қандай қызмет атқарады?
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
А) Бастауыш
Ә) Пысықтауыш
В) Толықтауыш
С) Анықтауыш

4.С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі қай жылы жазылды?
А) 1916
Ә) 1914
В) 1920
С) 1922

ІҮ. Жаңа сабақ. Сілтеу есімдігі.
Есімдік зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы. Сондықтан ол орынбасар сөз табы деп аталады. Мағынасына қарай 7 түрі бар: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық.

Сілтеу есімдігі: меңзеу, нұсқау және көрсету, мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі.
Мысалы: сол, мынау, аналар, міне, т.б.

Сергіту сәті: «Жан аға» әні.

Ү.Кітаппен жұмыс.
196- жаттығу (жазбаша)
ҮІ. Ой толғаныс сатысы. Оқушылар «Сүйікті Қазақстаным» тақырыбына берілген сөздердің көмегімен сілтеу есімдігін қатыстырып, өлең шумағын құрайды.

1- топ:
... ... .... ойладым,
... .... .... бойладым.
... .... ....мен балаң
... ... ....ойнадым.
2- топ:
... .... ....көркем едің,
... .... .... есейгенмін.
... .... .... туған елім,
... .... . ... көркейтемін.
3-топ:
... .... ... жайнаған,
... .... .... қайнаған.
... .... ....ұлымын,
.... .... .... ойнаған.
4-топ:
... ... ....түсінгенге,
... ... ....толысар күшім деме.
... ... ...мән бермейміз,
... .... ....пайдалы ісің елге.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Есімдік дегеніміз не?
2. Есімдік деп қандай сөз табын айтамыз?
3. Есімдік мағынасына қарай қаншаға бөлінеді?
4. Құрамына қарай қаншаға бөлінеді?
5. Сілтеу есімдіктері қандай мағынаны білдіреді?(Мысал келтір)
ҮІІ.Үйге тапсырма: «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына мәтін құрап, ішінен сілтеу есімдігін тауып, астын сыз.
ҮІІІ. Бағалау.

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Слайдын жүктеу
23 240
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау; Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Есімдіктен өткенді қайталау
Есімдіктен өткенді қайталау
[right]Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жамал Ермегияев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қуатбекова Асылхан Тұрсынқызы
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигалиева Көгершін Шаукенқызы
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы ауылы Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Избасова Салтанат Абатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×