Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есімдік. Өздік есімдігі

18 желтоқсан 2013, Сәрсенбі
Есімдік. Өздік есімдігі

Мақсаты: есімдік туралы жалпы түсінік, өздік есімдігінің анықтамасы, мағыналық, тұлғалық белгілері, қолдану ерекшелігі туралы түсінік беру; оқушылардың өз ойларын жүйелі, сауатты, дәлелді жеткізе білуге үйрету; адамгершілікке, жауапкершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау, ажырату, салыстыру, дәлелдеу.
Көрнекілігі: тірек - сызба, интерактивті тақта, ойын түрлері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- класс ұжымымен амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару
- сабақтың мақсатымен таныстырып, күтілетін нәтижені анықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тиянақтау.
Теориялық бөлімі.(Сұрақ - жауап әдісі) Интерактивті тақтада өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтары беріледі.
- Балалар сөз таптары дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Оларды ата.
- Есімдік дегеніміз не? Есімдіктің неше түрі бар.
- Біз есімдіктің қандай түрлерімен таныстық?
Оқушылар:
Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар екенін, зат, сын, сан есімдермен танысқандарын, осы үш есім сөздердің орнына қолданылатын сөзді есімдік деп аталатынын, оның жеті түрі бар екенін айтып пысықтайды.
Практикалық бөлімі. Сілтеу есімдіктерін қолдана отырып қалаған тақырыптарына жазған әңгімелерін оқып, сілтеу есімдігінің мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталып өту.
(Бұл, сол, ол сияқты сілтеу есімдіктеріне көптік, септік жалғаулары жалғанғанда, түбір соңындағы – Л - дыбысы түсіп қалады. Ал осы есімдіктерге тәуелдік жалғау жалғанғанда түбір соңындағы – Л - дыбысының орнына – Н - дыбысы жазылады. Бұл, сол, ол есімдіктері ауызекі тілде бұ, со, о қолданылатыны да ескертіледі)

ІІІ. Жаңа сабақ. «Өздік есімдігі»
Мұғалім: - Есімдіктер өте ерте заманда пайда болған сөздер қатарына жатады. Есімдіктің жеті түрі бар. Олар: жіктеу, сұрау, сілтеу, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық. Бүгінгі танысатынымыз өздік есімдігі. Өздік есімдігі бір ғана сөз арқылы жасалады. Ол - «өзі» сөзі, өздік есімдігі мағынасы жағынан адамның өзіне тән нәрсені білдіреді. Көбіне түбір мағынада қолдана бермей, тәуелдеулі, септеулі, жіктеулі, көптеулі түрінде қолданылады. Мысалы:
Жақтары ---------------------- Тәуелдеулі түрі ------------- Тәуелдеулі түрінде жіктелуі
І - жақ -------------------------- Менің өз - ім ---------------- Мен өзім - мін
ІІ - жақ ------------------------- Сенің өз - ің ------------------ Сен өзің - сің
ІІ - жақ(сыпайы түрі) ------ Сіздің өз - іңіз --------------- Сіз өзіңіз - сіз
ІІІ - жақ ------------------------ Оның өз - і ------------------- Ол өз - і

Септіктер ---------------- Жекеше түрі -------------- Көпше түрі
Атау септігі -------------- Өзім ------------------------- Өздерің
Ілік септігі --------------- Өзім - нің ------------------ Өздерің - нің
Барыс септігі ----------- Өзім - е --------------------- Өздерің - е
Табыс септігі ----------- Өзім - ді -------------------- Өздерің - ді
Жатыс септігі ----------- Өзім - де ------------------ Өздерің - де
Шығыс септігі ---------- Өзім - нен ----------------- Өздерің - нен
Көмектес септігі ------- Өзім - мен ---------------- Өздерің - мен

Оқушылардың санасында жаңа тақырыпты бекіту үшін өздік есімдіктің тәуелдеу, жіктеу, септеу үлгілері интерактивті тақта арқылы көрсетілді. Оқушыларға тақырып толық түсіндірілген соң, өздік есімдігі дегеніміз нені білдіреді, анықтамасы қалай айтылады, кім жауап береді?- деген сұрақтар қойылып, тақырып пысықталады.
«Өздік есімдігі - деп, белгілі бір нәрсені, қимылдың, адамның өзіне тән екендігін білдіретін есімдік түрін айтамыз»
ІV. Бекіту кезеңі.
1.«Кім жылдам» ойыны. Берілген өлең жолдарынан өздік есімдікті тауып, толық анықтама беру.
1. «Ана тілін - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте»

2. Өзін - өзі билеген ер бақытты,
Өзін - өзі билеген ел бақытты.

3. Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр бойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

4. Ана тілім – күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.

5. Өзім – тәңірі, табынамын өзіме,
Сөзім құран, бағынамын сөзіме.
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе.

6. «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатынын ұмытпауымыз керек» / А. Байтұрсынов/

2. Тақтамен жұмыс. Екі оқушы тақтаға шығып, «Өз кітабым» деген сөзді жекеше, көпше түрінде тәуелдеп жазып шығады.
Менің өз кітабым – өзімнің кітабым
Сенің өз кітабың – өзіңнің кітабың
Сіздің өз кітабыңыз – өзіңіздің кітабыңыз
Оның өз кітабы – өзіңнің кітабың

Біздің өз кітаптарымыз – өздеріміздің кітаптарымыз
Сендердің өз кітаптарың – өздеріңнің кітаптарың
Сіздердің өз кітаптарыңыз – өздеріңіздің кітаптарыңыз
Олардың өз кітаптары – өздерінің кітаптары

3. Балама тест. / Тест қорытындысын оқушылар өзара тексереді./
1. Өзім, өзі, өзің есімдіктері өздік есімдікке жата ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
2 Бұл, сол, ол есімдіктері сұрау есімдігіне жата ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
3 Есім сөздердің орнына есімдік қолданылады ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
4 Мен, сен, ол есімдіктері сілтеу есімдігіне жата ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
5 Кім, не, қай, қалай есімдіктері жіктеу есімдігіне жата ма?
а/ иә; ә/ жоқ.
4. Кітаппен жұмыс. Мақал - мәтелдерді көшіріп жазып, өздік есімдігін тауып, олардың қандай тұлғада тұрғанын анықтау./ 198 – жаттығу /
Мысалы: өзінің - өздік есімдігі, түбірі - өз, - і – ІІІ жақ тәуелдік жалғауы, - нің – ілік септігінің жалғауы, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр.
V. Бағалау.
VІ. Үй тапсырмасы. «Өздік есімдікті» қолдана отырып өлең жолдарын жазу.
42 286
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есімдіктің түрлері. Жіктеу есімдігі
Есімдіктің түрлері. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік қалыптастыру, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат бере отырып, ерекшелігін ұғындыру. Есімдік туралы түсініктері қалыптасады, оның ішінде жіктеу есімдігімен танысады, ерекшеліктерін ұғынады.
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Олар: мен, сен, ол, біз, біздер, сіздер, олар. Жіктеу есімдігінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады.
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есбосынова Жансая Махамбетқызы
Жіктеу есімдігі
Жіктеу есімдігі
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Құмсай бастауыш мектебінің мұғалімі бастауыш сынып мұғалімі Аймухамбетова Ляззат Сандибековна
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигалиева Көгершін Шаукенқызы
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы ауылы Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Избасова Салтанат Абатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×