Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жіктеу есімдігінің түрленуі

04 мам 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Мұғалімі: Нарбекқызы Айгерім

Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігінің түрленуі
Сілтеме: 7 – сынып оқулығы Тұрсынова Г. Т., Қасымбек А. А.,
Жалпы мақсаты: Есімдіктер туралы білімдерін тереңдету, жіктеу есімдіктерінің түрленуін үйрету, сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру;
Оқыту нәтижесі: Есімдіктердің түрлену жолдарын, жіктеу есімдігінің септеуіндегі және жіктеуіндегі ерекшеліктерін меңгеру.
Негізгі идеялар: Есімдіктердің түрленуін, жіктеу есімдігін меңгертіп, талдау, анықтау

І. Ұйымдастыру
ІІ. Есіңе түсір (қайталау)
Жаңа сабаққа қатысы болғандықтан есім сөздерді «Жұлдызды сәт» ойыны бойынша қайталау.
ІІІ. Сынап көр (есім сөздермен жұмыс)
«Бес жолды өлең» әдісі
«Тілдік тренажер» арқылы сын есім, зат есім, сан есімдерге талдау.
IV. Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу)
V. «Іске асыр» (жаттығу жұмысы)
VІ. «Ойлан тап»
Фариза Оңғарсынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу, тұлғасына талдау.
VІІ. Нәтиже. «Киіз үй» құрастыру
VIII. Үй тапсырмасы
XIX. Өзіңді бағала

І. Ұйымдастыру
Сыныптағы оқушыларды түгелдеу. Сабаққа сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру. Парақшалар арқылы үш топқа бөлу. Өзін – өзі бағалау парақшасын таратып, бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бағалау критерийлері
1. «Есіңе түсір» кезеңі – 10 ұпай
2.«Анықта» кезеңі – 10 ұпай
3 «Сынап көр» кезеңі – 10 ұпай
4. «Іске асыр» кезеңі – 10 ұпай
5. «Ойлан тап» кезеңі – 5 ұпай
6. «Нәтиже» кезеңі – 5 ұпай

Бағалау шкаласы
«5» — 40 – 35 ұпай
«4» — 34 – 30 ұпай
«3» — 29 – 25 ұпай
«2» — 24 – 0 ұпай

ІІ. Есіңе түсір (қайталау)
Үй тапсырмасын тексеру үшін 86 – жаттығу мен жаңа сабаққа қатысы болғандықтан есім сөздерді «Жұлдызды сәт» ойыны бойынша қайталау.
1. Зат есім қандай сөз табы?
2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
3. Жалпы, жалқы зат есімдер дегеніміз не?
4. Сын есім қандай сөз табы?
5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
6. Туынды сын есімдер қалай жасалады?
7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді?
8. Сан есім қандай сөз табы?
9. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
10. Құрамына қарай қалай талданады?
Жауап берген оқушыларға жұлдызша беріп отырамын.

ІІІ. Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу)
Жаңа сабақпен оқып, танысуға 10 минут уақыт беремін. Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт. Оқулықта берілген материалдармен өздері танысып шығу тапсырылады. Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды.

Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір - біріне сұрақтар қояды. Түсінбеген жерлерін бір - біріне түсіндіреді. Не түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп, таныстырып шығады. Таныстырмас бұрын мынадай сұрақтарға жауап аламын:
1. Есімдік дегеніміз қандай сөз табы?
2. Қай есім сөздердің орнына қолданылады?
3. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Жеті түрге: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, болымсыздық, белгісіздік.
4. Жіктеу есімдігі нені білдіреді?
Белгілі бір заттық ұғыммен байланыста қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
5. Жіктеу есімдігі қалай түрленеді? (Олар септеледі, жақпен байланысты қолданылып жіктеледі)
Жекеше, көпше.
І. Мен
ІІ. Сен Сіз
ІІІ. Ол
І. Біз (айтушы, тыңдаушы жақ)
ІІ. Сендер Сіздер (тыңдаушы жақ)
ІІІ. Олар (бөгде жақ)
Жіктеу есімдіктерін септеу, жіктеу.
1 - топ – мен
2 — топ – сен
1 - топ – біз
2 — топ – сендер
сіз сіздер
3 - топ – ол
3 - топ – олар
Мысалы: Септелу үлгісі

А. с Мен
І. с менің
Б. с маған
Т. с Мені
Ж. с Менде
Ш. с Менен
К. с Менімен

IY Сынап көр
«Бес жолды өлең» әдісі
1 – топ: Мұғалім
2 – топ: Оқушы
3 – топ: Кітап

V. «Іске асыр» (жаттығу жұмысы) сәйкестендіру
88 - жаттығу. Өлеңді оқып, есімдіктерін табыңдар. Олар есімдіктің қай түрі екенін айтыңдар, түрлену жолдарын түсіндіріңдер. Қарамен белгіленген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.
Жастарға
Біз, өздік
өзгенің, жіктеу
бәрі, сілтеу
сол, сұрау
бізге, жалпылау
бізді, белгісіздік
бұл, жіктеу
олардан, сілтеу
бізге жіктеу

ақылыңды алушы
91 - жаттығу
Көп нүктенің орнына сөз қойып, есімді және етістікті сөз тіркесін жасаңдар. Оларды қатыстыра отырып, шағын мәтін құраңдар. «Туған жер»
Сергіту сәті «физминутка» қимыл жаттығулары.

VІ. «Ойлан, тап»
Фариза Оңғарсынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу, тұлғасына талдау.

І топқа
Әкем - менің тәңірім, пайғамбарым
Ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,
Біліп алған, япыр - ай, қайдан бәрін?!
ІІ топқа
Ол тұрғанда сезінбей қатер демін
Хандардың да қалпағын әпермедім.
Әділ шешім ататын барлық істе
Біздің үйде бас қазы — әкем менің.
ІІІ топқа
Әкем барда, арқам кең, жоқ алаңым,
Сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!
Батыр, дана сол ғана.
Асығамын әкеме ұқсап тезірек ер жетуге.

VІІ. Нәтиже. «Киіз үй» құрастыру
Сықырлауық: Есімдік дегеніміз не?
Кереге: Есімдіктің түрлерін ата.
Кереге: Жіктеу есімдігі дегеніміз не?
Уық: «Сен» жіктеу есімдігін ауызша септе
Уық: «Ол» жіктеу есімдігін ауызша септе
Шаңырақ: Жіктеу есімдігі түрленудің қай түрімен тығыз байланысты?

VІІІ. Өзіңді бағала
Оқушылардың бағалау критериясына сай өзін – өзі бағалаған парақшаларындағы жиналған ұпайларына сай бағалау. Бағалау парақшасын жинап алу.
Оқушылар бір – біріне деген ризашылықтарын төменнен жоғарыға қарай
3 рет шапалақтайды.
Жапсырма қағаздарға оқушылар өздерінің ұсыныс – пікірлерін, көңіл – күйлерін жазып, смайликтерге жапсырады.

Үйге: 1) 90 - жаттығу
2) «Есімдік патшалығы» деген эссе жазу.

Толық нұсқасын жүктеу
Флипчарт жүктеу
5 532
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Есімдіктің түрлері. Жіктеу есімдігі
Есімдіктің түрлері. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік қалыптастыру, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат бере отырып, ерекшелігін ұғындыру. Есімдік туралы түсініктері қалыптасады, оның ішінде жіктеу есімдігімен танысады, ерекшеліктерін ұғынады.
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Есімдік жайлы білімдерін нығайтып, есімдіктерді түрлендіруге, жіктеу есімдіктерінің түрлену жолын меңгеруі тиіс. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру қажет.
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каденова Жансұлу Журсиновна
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есбосынова Жансая Махамбетқызы
Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктері
Атырау қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есенова Сауле Тулегеновна
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигалиева Көгершін Шаукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×