Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі

02 сәуір 2013, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты.
Білімділік – жазушы туралы мағлұмат беру, шығарманың мазмұнын игерту, идеясын ашу.
Дамытушылық – топтасып жұмыс істеуге, өзінше ой қорытуға, қосымша ақпараттарды қолдануға дағдыланады, таным қабілеттері дамиды.
Тәрбиелік – оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы түсінігі, өнерге деген қызығушылығы арта түседі, өнерді бағалауға үйренді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, ой қозғау.
Көрнекілігі: оқулық, тақта, Шоқанның портреті.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеп, оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ғабит Мүсіреповтің «Жаңа достар» әңгімесін толық оқып, талдау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Өзінің орыс жолдастарынан басып озып, Шоқан тез жетілді... Оған талайлар - ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқуға түспей тұрып - ақ сурет сала білетін.
Н. Потанин
1) Автор жайлы қысқаша мәлімет беріледі.
Сапарғали Бегалин 1895ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Дегелең ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған соң Семейдегі «Приходская школаны» 1915ж. бітіреді. Бала кезінен бастап халық ауыз әдебиетін сүйсіне оқыған.
Сапарғали Бегалиннің әдебиетке деген құштарлығы ерте оянады. Ол балаларға арнап біраз шығармалар жазған, соның елеулісі – «Бала Шоқан» шығармасы.
2) Ой қозғау. Ассоциация құру.
Шоқан кім? Ол туралы не білесіңдер?

ІV. Оқулықпен жұмыс.
Шоқанның балалық шағы туралы не жазылды екен? Оны қазір біз оқулықта берілген жазушының сөзінен білеміз (оқушылар кезекпе - кезек мәтінді дауыстап оқиды).
V. Сөздікпен жұмыс (дәптерге).
Күзек – малдың күзгі жайылымындағы қоныс.
Әбдіре – киім - кешек салынатын сандық.
Ықтияр – өз еркі.
VІ. Топтық жұмыс.
1 топқа сұрақтар:
• Мысық неден және қандай мүсіндер жасады?
• Шоқан оларды қалай бағалады?
• Мысық неге сонша жасқаншақ болды?
• Мәтінге сүйіне отырып, Мысыққа мінездеме беріңіз.
2 топқа сұрақтар:
• Шоқан қандай бала? Мінездеме беріңіз.
• Шығармадан Шоқан бойынан қандай қасиеттерді байқадың?
• Шоқанның бала кезіндегі көргендері мен білгендерінің болашақ өмірде пайдасы болды ма?
• - Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы,- деген кімнің сөздері. Бұл сөздердің маңызы неде?
VІІ. Сабақты бекіту.
«Екі жақты түсіндірме күнделігі» стратегиясы.
Мәтінде маған әсер еткен жай Өз ой - пікірім

VІІІ. Үйге тапсырма.
Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесін толық оқып келу.
ІХ. Бағалау.
18 518
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Қазақтың ұлы ғалым - зерттеуші, этнограф, жазушы Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету.
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»
Бопанова Дана Кайратовна Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» Мақсаты: білімділік: әңгіме кейіпкерлерінің бейнелерін талдау, шығармашылық идеясын таныту. Дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытындылау
Бала Шоқан
Бала Шоқан
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі ММ - нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумагалиева Алтын
"Қырдың жас түлегі" Сапарғали Бегалин
"Қырдың жас түлегі" Сапарғали Бегалин
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы №5 ОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жаркинбаева А. Г.
Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесіндегі Шоқан бейнесі
Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесіндегі Шоқан бейнесі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, Сарыарқа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Рухат Жүнісов Құрмашұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×