Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С. Бегалин. Әңгімедегі бала Шоқан

01 наурыз 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
С. Бегалин. Әңгімедегі бала Шоқан
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Мақсаты: Поэмадағы Шоқан бейнесін жан – жақты талдау, сыни тұрғыдан баға беру. Оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау.
Күтілетін нәтижелер Әңгіме мазмұнына сай талдау жасай алады, кейіпкерлердің іс - әрекетіне баға береді, өзіндік ой - пікір білдіреді.

Негізгі дереккөздер, құрал - жабдықтар
С. Бегалиннің «Бала Шоқан» кітабы, ғаламтор материалдары, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, кеспе қағаздар
Оқыту әдістері: Топтық жұмыс, «Болжау» стратегиясы, «Екі жақты күнделік», «Басбармақ», «Шеңбердегі доп» әдістері, сыни ойлау тапсырмалары

Ынтымақтастық атмосферасын орнату
«Сәттілік шеңберін құру»
- Балалар, шеңбер болып тұрып, қағаздағы жазулар арқылы 3 топқа бөлінейік.

«Болжау» стратегиясы
- Бұл кімнің бойындағы қасиеттер деп ойлайсыңдар?

Мотивациялық кезең
- «Кезбе тілші» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.
- Шоқан кім? Ол жайында не білесің?
- Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?
- Мысық жасаған мүсіндерді Шоқан қалай бағалады?

Операциялық кезең
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
I топ «Шоқан» бейнесі
II топ «Жақып» бейнесі
III топ «Мысық» бейнесі
Берілген тапсырмалар бойынша, оқушылар постер қорғайды.

Рефлексиялық кезең
I топ. «Екі жақты күнделік» әдісі
Мәтіннен үзінді Неге таңдадың?
II топ. «Болашақ бала шақтан басталады» эссе жазу
III топ. Рөлдік ойын.

Кері байланыс «Шеңбердегі топ» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.
Бағалау
«Басбармақ» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерімен бөліседі. Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы, бүгінгі сабақты қаншалықты деңгейде түсінгендеріне байқаймын.
Басбармақ жоғары қараса - «бәрін түсіндім».
Жан - жаққа қараса -«шамалы түсіндім»
Төмен қараса «мүлдем түсінбедім»

Үй тапсырмасын беру
«Бала Шоқан – дана Шоқан» тақырыбында эссе жазу

№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бағытжанова Айжан Сандыбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 557
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Қазақтың ұлы ғалым - зерттеуші, этнограф, жазушы Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету.
Шоқан мен өнерлі бала Мысық
Шоқан мен өнерлі бала Мысық
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хайруллина Ұлмекен Сейтқалиқызы
Бала Шоқан
Бала Шоқан
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі ММ - нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумагалиева Алтын
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Ақтөбе қаласы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асқарова Гүлмира Амангелдіқызы
Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесіндегі Шоқан бейнесі
Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесіндегі Шоқан бейнесі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, Сарыарқа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Рухат Жүнісов Құрмашұлы
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиымбаева Рысжан Ермұханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×