Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С. Торайғыров. “Шілде” өлеңі (слайд)

24 сәуір 2018, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. “Шілде” слайд

Шілде өлеңі
Түскендей әуе жерге қырық күн шілде,
Ішкен мас жегендер тоқ күнде - күнде.
Қысқа түн қымқырылды таң көрінді:
“Кел, шық” деп, иек қағып жарық күнге.
Ән салды таңды мақтап сансыз торғай
Бас иіп бәйек болып жерге қонбай
Шайқалып таң желіне тербетілді
Көк майса көзі ілініп тұрған сондай
Асыл шөп жасыл шықтың иісі аңқып
Батқандай мелдегінен нұрға қалқып
Күлімдеп көктің көзі көңілі шат
Жаухардай күн шығар деп бізге балқып
Көлбеңдеп көкке қарай жердің буы
Айнадай анадайдан көлдің суы
Би билеп суда тұрған барлық қамыс
Ән салды домбыраман құстың шуы

Идеясы дегеніміз – ақынның айтар ойы мен мақсаты. Өлеңнің идеясы --- жаз сипатын шілде айының таңын суреттеген.
Шумақ дегеніміз – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 10 шумақтан тұрады.
Тармақ дегеніміз – өлеңнің әр жолы. 40 тармақ
Бунақ дегеніміз – белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 2 - 3, 3 - 3 бунақты
Буын саны – дауысты дыбыс санына байланысты. Өлең 11 буынды.
Ұйқас түрі. Ұйқас дегеніміз – өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігін айтып кетеді. Бұл өлең қара өлең (а - а - б - а) ұйқасы

Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы № 158 орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Кетепова Жаухар

С. Торайғыров. “Шілде” өлеңі (слайд). жүктеу
5 214
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғаттың таңғажайып сыры (эссе)
Табиғаттың таңғажайып сыры (эссе)
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді.
Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме» өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме» өлеңі
Авторы – А. Байтұрсынов. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист, аудармашы, мысалшы, саясаткер. Тақырыбы — тақырып – бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл өлеңнің тақырыбы - атқамінер шонжарлардың мінез - құлқын әшкерелеу
Мұқағали Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңі
Мұқағали Мақатаевтың «Барлығы да сендердікі» өлеңі
ОҚО, Созақ ауданы, «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Өтепов Талғат Рәзімханұлы
Абай Құнанбайұлы "Қыс" өлеңі
Абай Құнанбайұлы "Қыс" өлеңі
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Уткельбаева Айгуль Макажановна
Шаңырақ. Фариза Оңғарсынова
Шаңырақ. Фариза Оңғарсынова
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Гүлсім Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×