Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лексика туралы ұғым, Морфология

24 сәуір 2018, Сейсенбі
ЛЕКСИКА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
МОРФОЛОГИЯ

Морфология (грекше: morphe - форма; тұлға және logos - ілім) – сөз туралы грамматикалық ілім. Морфологияның негізгі объектісі – сөз. Сөз кұрамы мен сөз таптарын зерттейді. Бірақ морфологияда сөздің лексикалық мағынасы емес, грамматикалық мағынасы қарастырылады. Лексикологияда тіліміздегі барлық сөзді тану, олардың мағыналарын ашу, ал морфологияда осы сөздердің қай сөз табына жататынын, ол сөз таптарының жасалу жолдары мен түрленуі сөз болады. Сөздердің жасалу жолдары және түрленуі салдарынан сөздің құрылымы деген сөз болады.
Сөздер
ДАРА СӨЗ
1. Түбір сөз
2. Туынды сөз
КҮРДЕЛІ СӨЗ
1. Қос сөз
2. Біріккен сөз
3. Қысқарған сөз
4. Тіркескен сөз

ҚОСЫМШАЛАР
ЖАЛҒАУ
1. Көптік
2. Септік
З. Жіктік
4. Тәуелдік

ЖҰРНАҚ
1. Сөз тудырушы
2. Сөз түрлендіруші

СӨЗ ҚҰРАМЫ

Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Бір ғана түбірден тұратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейді.
1. Түбір сөз. Сөздің мағынасы бар ең бастапқы бөлшегі. ауыл, адам, оқу, арман.
2. Туынды сөз. Түбір сөзге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
ауылдық, адамгершілік
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Күрделі сөздердің өзі жасалу жолына қарай 4 түрі болады:
1. Біріккен сөз. Екі немесе одан көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіреді, бір сұраққа жауап береді.
а) құрамындағы түбірлер сақталып отырады: Жолсерік (жол+серік), сенімхат (сенім+хат);
ә) құрамындағы сыңарлары өзгертіліп бірігеді. Мұндай сөздерді кіріккен сөз деп атайды. Биыл (бұл жылы), жаздыгүні (жаздың күні), сексен (сегіз он).
2. Қос сөз. Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер. Қос сөздің 2 түрі бар:
а) қайталама қос сөз: Жүзбе - жүз, бірте - бірте, қора - қора;
ә) қосарлама қос сөз: кәрі - жас, барып - келіп.
3. Қысқарған сөз. Күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы, ҚарМУ - Қарағанды Мемлекеттік Университеті, М. Ә.- Мұхтар Әуезов, мм - миллиметр.
4. Тіркескен сөз. Екі немесе одан көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі:
а) күрделі зат есім: ауыл шаруашылығы, Республика алаңы;
ә) күрделі сын есім: қызыл күрең, ақ сары,
б) күрделі сан есім: қырық үш, елу бес.
в) күрделі үстеу: тез арада күн ілгері.
г) күрделі етістік: қаптып кетті, жатып алды.
Қосымша:
Сөз тіркесі мен тіркескен сөздің айырмасы:
а) сөз тіркесі ең кемі екі сөзден тұрады және екі сөз өз алдына жеке мағынаны білдіреді. Мысалы: ашық аспан; қоңыраудың дыбысы, қар жауды.
ә) тіркескен сөз ең кемі екі сөзден тұрады, бірак екеуі бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қырық жеті; қызыл күрең; сәлем салды; т. б.

ТҮБІР ЖӘНЕ ҚОСЫМША

Сөздің алғашқы мағыналы бөлігін түбір дейді. Түбір басқа мағыналы сөздің жасалуына негіз болады.
Қосымша - жеке, дара тұрғанда мағынасы жоқ, түбір сөзден кейін қосылып тұрған сөз бөлшектері. Қосымшаның екі түрі бар: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ - сөзден жаңа мағыналы сөз жасайды, не сөз мағынасын өзгертпей - ақ үстеме мағына береді. Ал жалғау сөздерді байланыстырады. Жұрнақтар түбір сөзге жалғаулардан бұрын жалғанады.

СӨЗ ТҮРЛЕНДІРУШІ ЖҰРНАҚ
Сөз мағынасы өзгермейді.
Апа, апай, апатай, апажан, апеке - кім?

СӨЗ ТУДЫРУШЫ ЖҰРНАҚ
Мағынасы басқа жаңа сөз жасайды.
Жаз + у - не?, Жаз+ды - не істеді?, Жаз+ ғыш - кандай?, жаз+ у +шы - кім?

ЗАТ ЕСIМ МЕН ЕСIМДIКТЕРДIҢ
ТӘУЕЛДЕНУ ФОРМАСЫ

Түбір сөзге - нікі, - дікі, - тікі жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Бұл жұрнақтар үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларға жатады.
Сұрақтары: Кімдікі? Ненікі?
1) дауысты дыбыстарға аяқталған түбірге - нікі жұрнағы жалғанады: Сәуленікі
2) ұяң (ж, з) және үнді дауыссыздардан кейін - дікі жұрнағы жалғанады: біздікі

КӨПТІК ЖАЛҒАУ

Сөзге көптік, жинақтық мағына береді, заттың ортақ екенін көрсетеді.
- лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер
Гүл+дер, көше+лер, қыз+дар, кітап+тар,
көз+дер, тіс - тер

СЕПТІК ЖАЛҒАУ

Сөз бен сөздің арасын байланыстырады.
Атау септік - 0
Ілік септік – ның/- нің, - дың/- дің, - тың/- тің - Кімнің? Ненің?
Барыс септік – ға/- ге, - қа/- ке, - а, - е, - на/- не - Кімге? Неге? Қайда?
Табыс септік - ды/- ді, - ты/- ті, - ны/- ні, - н - Кімді? Нені?
Жатыс септік – да/- де, - та/- те, - нда/- нде - Кімде? Неде? Қайда?
Шығыс септік – нан/- нен, - дан/- ден, - тан/- тен - Кімнен? Неден? Қайдан?
Көмектес септік - мен, - бен, - пен - Кіммен? Немен?

Жай септеу
А. с. ой, тас
I. с. ой+дың, тас+тың
Б. с. ой+ға, тас+қа
Т. с. ой+ды, тас+ты
Ж. с. ой+да, тас+та
Ш. с. ой+дан, тас+тан
К. с. ой+мен, тас+пен

Тәуелді септеу
А. с. ойым (І - ж), тасы (Ш - ж)
I. с. ойым+ның, тасы+ның
Б. с. ойым+а, тасы+на
Т. с. ойым+ды, тасы+н
Ж. с. ойым+да, тасы+нда
Ш. с. ойым+нан, тасы+нан
К. с. ойым+мен, тасы+мен

Тәуелді септеудің жай септеуден айырмашылығы:
Барыс септікте: І, ІІ жақтан кейін - а, - е жалғаулары, III жақтан кейін - на,- не;
Табыс септікте: III жақтан кейін - н жалғауы;
Жатыс септікте: III жақтан кейін - нда, нде жалғаулары.

ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ

Заттың біреуге, не бір нәрсеге меншікті екенін көрсетеді
ЖЕКЕШЕ ТҮРІ
I жақ - м, - ым, - ім
II жақ - ң, - ың, - ің
- ңыз, - ңіз, - ыңыз, - іңіз
III жак - сы, - сі, - ы, - і

КӨПШЕ ТҮРІ
I жақ - мыз, - міз, - ымыз, - іміз
II жақ - ларың/- лерің, - тарың/- терің,
- дарың/- дерің
- ларыңыз/- леріңіз, - тарыңыз/- теріңіз,
- дарыңыз/- деріңіз
III жақ - сы, - сі, - ы, - і

ОҢАША ТӘУЕЛДЕНУ
Менің әке+м, дәптер - ім
Сенің әке+ң, дәптер+ің
Сіздің әке+ңіз, дәптер+іңіз
Оның әке+сі, дәптер+і

ОРТАҚ ТӘУЕЛДЕНУ
Біздің әке+міз, дәптер+іміз
Сендердің әке+лерің, дәптер+лерің
Сіздердің әке+леріңіз, дәптер+леріңіз
Олардың әке+сі, әке+лері, дәптер+лері

ЖІКТІК ЖАЛҒАУ
Жалғанған сөзге даралану, салыстыру мағынасын білдіреді.
Мен - мын/- мін,- бын/- бін,- пын/- пін
Сен - сың/- сің
Сіз - сыз/- сіз
Ол -----------
Мен әншімін
Сен студентсің
Сіз спортшысыз
Ол күйші.

Біз - мыз, - міз, - быз, - біз, пыз, - піз
Сендер - сыңдар, сіңдер
Сіздер - сыздар, сіздер
Олар --------------
Біз оқушымыз
Сендер студентсіңдер
Сіздер спортшысыздар
Олар балықшы

ЕТІСТІКТІҢ ЖІКТЕЛУІ
Жекеше
I - жақ Мен отыр+мын, келе+мін
II - жақ Сен отыр+сың, келе+сің
Сіз отыр+сыз, келе+сіз
III - жақ Ол отыр, келе+ді

Көпше
I жақ Біз отыр+мыз, келе+міз
II - жақ Сендер отыр+сыңдар,
келе+сіңдер
Сіздер отыр+сыздар, келе+сіздер
III - жақ Олар отыр, келе+ді

СӨЗ ТАПТАРЫ

Тіліміздегі барлық сөз өзіне тән грамматикалық белгілеріне қарай топтарға бөлінеді. Ол топтар сөз таптары деп аталады. Сөз таптарына тіліміздегі сөздер категориялық мағыналарына, морфологиялық белгілеріне, синтаксистік қызметіне қарай бөлінеді.

1. ЗАТ ЕСІМ
2. СЫН ЕСІМ
3. САН ЕСІМ
4. ЕСІМДІК
5. ЕТІСТІК
6. ҮСТЕУ
7. ШЫЛАУ
8. ЕЛІКТЕУ СӨЗ
9. ОДАҒАЙ

ЗАТ ЕСІМ

Зат есім - заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
Құрамына қарай зат есім 2 - ге бөлінеді: дара зат есім - бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады (есептер, сандық, балалық), күрделі зат есім - кемінде екі сөзден (біріккен, қосарланған, қысқарған және тіркескен) тұрады (баспана, тіл саясаты, оң - сол).
Тұлғасына қарай (жасалу жолына қарай) зат есім 2 - ге бөлінеді: негізгі зат есім - бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім (құр, дене, сан, адам), туынды зат есім - түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғануы арқылы жасалған зат есім (бас+тық, жау+шы).
Жалпылай немесе жекелей атауына қарай да зат есімдер 2 топқа бөлінеді: 1) жалпы зат есім - біртектес заттардың жалпы атауы (мемлекет, тау, кісі);
2) жалқы зат есім - біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атаулары (Мұрат, Іле, Қарағанды, СҮ «Әлем»).
Мағынасына қарай зат есімнің 2 - ге бөлінуі: деректі зат есім - көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар мен құбылыстардың атауы (үстел, бесік, сурет), дерексіз зат есім – көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін, тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдардың атауы (махаббат, ақыл, жалқаулық).

Зат есім жасайтын жұрнақтар
1) Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары:
- й (ағай, әкей);
- еке, - ке, - ка, - а, - е (бастык - басеке, Мұқан - Мұқа, Жамбыл – Жәке);
- тай (ағатай, апатай, әкетай);
- жан (апажан, Абайжан):
- шақ, - шек (құлыншақ, інішек);
- шық, - шік (қапшық, төбешік);
- ш, - ыш, - іш (қалқаш);
- сымақ (таусымақ, қорасымақ);
- екеш (бота екеш);
- ша, - ше (сандықша).
2) Есім сөз таптарынан зат есім жасайтын жұрнақтар:
- шы, - ші (койшы, күйші);
- шылық, - шілік (шаруашылық, кеншілік);
- лық, - лік, - дық, - дік, - тық, - тік (адалдық, биіктіқ, жолдастық);
- кер, - гер (жұмыскер, балгер);
- кеш, - хана, - паз, - қой, - стан, - қор (дәріхана, өнерпаз, арызқой).
3) Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар:
- м, - ым, - ім (жарым, білім);
- ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе (суырма, кеспе);
- қы, - кі, - ғы, - гі (бұрғы, шалғы);
- с, ыс, - іс (таныс, жарыс);
- қ, - к, ық, - ік, - ақ, - ек (қасық, сынық, тарақ);
- ыш, іш (қорғауыш, өлшеуіш);
- ғыш, - гіш, - қыш, - кіш (ескерткіш, өшіргіш);
- н, - ын, - ін (толқын, бөген);
- ынды, інді (ерітінді, қорытынды);
- уыш, - уіш (қозғауыш, желпуіш);
- ыр, - ір, - р, ар, - ер (шоғыр, түбір).

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Зат есім сөйлемде атау септігіңде тұрып бастауыш болады: Күн жазға
айналды, ет азға айналды.
Атау мен ілік септігінен басқа септіктерде тұрып және сөйлемдегі ойды
толықтырып, толықтауыш болады: Өлімнен ұят күшті.
Зат есім ілік септігінде тұрып және өзінен кейінгі сөзді айқындап,
анықтауыш болады: Жылқының етін жесең, тісіңе кіреді, жемесең -
түсіңе кіреді.
Барыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен,
септеулік шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады: Тасада жасырынып аман қалғанша, жазыққа шығып өлген артық.
Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады: Өре табылса шабақ, талқан табылса - тамақ.
Көмекші есімдер
Лексикалық мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір зат есім сөздің легінде қолданылатын зат есімдер көмекші есімдер деп аталады.
Мысалы, сырт, іш, маң, алд(ы), арт(ы), үст(і), қас, жан т. б. (Ауылдың жаны).
Әдетте көмекші есімдер тәуелділік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

СЫН ЕСІМ

Сын есім - заттың түрін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? кай?
Кұрамына қарай сын есім 2 топқа бөлінеді: дара сын есім - бір ғана сөзден тұрып, заттың сындық белгісін білдіреді (тайғақ, тұнык, әдепті, ашық), курделі - кемінде екі сөздің тіркесуінен және қосарлануынан болып, заттың сындық белгісін білдіреді (жирен қасқа, апалы - сіңлілі, шұбар ала).
Тұлғасына қарай (жасалу жолына қарай) сын есім 2 - ге бөлінеді: негізгі сын есім - ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйіндегі сын есім (жалқау, зерек, үлкен), туынды сын есім - сөзге жұрнақ жалғануы арқылы жасалған сын есім (еңбек+қор, зейін+ді, өнер+паз).
Мағынасына қарай сын есімнің 2 - ге бөлінуі: сапалық сын есім - заттың сын - сипатын анықтайтын төл сын есім (тәтті, қымбатырақ, жалпақ), қатыстық сын есім - сын есімнен басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім (саз+ды әуен, шек+сіз қуаныш, от+ты жандар). Қатыстық сын есімдер зат есім, үстеу, етістік сияқты сөз таптарынан тек жұрнақ арқылы ғана жұмсалады, тек жұрнақтың көмегімен сын есім болуы – қатыстық сын есімнің ең басты морфологиялық белгісі.
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар
1) Есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар:
- лы, - лі, - ды, - ді, - ты, - ті (жүректі, ақылды, тоғайлы, егінді);
- сыз, - сіз (санасыз, сусыз, әлсіз);
- ғы, - гі, - қы, - кі (таңғы, түнгі, қысқы, кешкі);
- лық, - лік, - дық, - дік, - тық, - тік (апталық, ауылдық, мемлекеттік);
- шыл, шіл (иісшіл, күншіл, сыншыл);
- шаң, - шеқ (ашушаң, көңілшең);
- дай, - дей, - тай, - тей (аққудай, аттай, баладай, сүттей);
- қой, - қор, - паз, - кез, - кер, - гер (мансапқор, білімгер);
- и, - ы, - і (қырмызы, замани);
2) Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар:
- ғақ, - гек, - қақ, - кек, - ақ, - ек (жабысқақ, ұрысқақ);
- ық, - ік, - к (ширақ, бұзық);
- ғыш, - гіш, - қыш, - кіш (сенгіш, байқағыш, айтқыш);
- ғыр, - гір, - қыр, - кір (білгір, өткір);
- шақ, - шек (ұялшақ, сүріншек);
- ынды, - інді, - нды, - нді (жырынды, асыранды);
- малы, - мелі, - балы, - белі, - палы, - пелі (танымалы, аспалы);
- ымды, - імді, - мды, - мді (жағымды, ұстамды);
- аған, - еген (қабаған, сүзеген);
- улы, - улі (жабулы, ілулі, бағулы);
- ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе (бояма, құрама);
- ыңқы, - іңкі, - ңқы, - ңкі (жатыңқы, шығыңқы, көтеріңкі)
3) Үстеуден сын есім жасайтын жұрнақтар:
- қы, - кі, - ғы. - гі (кешегі, бұрынғы)

СЫН ЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛАРЫ

1. Жай шырай
Заттың жай қалыпты түрін, түсін, сапасын, салмагын, көлемін білдіретін сын есімдер жай шырай болады. Ешбір қосымшасыз түбір және туынды сын есімдердің өзінен жасалады (көрікті, жарық, білімді).
2. Салыстырмалы шырай
Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі. Жасалу жолдары:
- ырақ, - ірек, - рақ, - рек;
- лау, - леу, - дау, - деу, - тау, теу:
- қыл,- кіл,- кылт,- ғылт,- ғылтым,- тым,- шыл,- шіл,- қай,
- аң, - шылтым, - шілтім, ғыш, - ілдір, - ша, - ше.
3. Күшейтпелі шырай
Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Негізгі сын есімдердің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады (түп - түзу, боп - бос, қап - қатты).
4. Асырмалы шырай
Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен аса артық не аса кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Сын есімнің алдынан күшейткіш үстеулердің (тым, өте, нағыз, аса, кілең, орасан, ең, нақ т. б.) тіркесіп келуі арқылы жасалады (аса биік, тым нашар, кілең оқымысты).
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады: Көгілдір аспан аясында
шүғылалы күн бейнеленген.
Сөйлем соңында келіп баяндауыш болады: Бүгін ауа райы суық.
Заттанып келіп, толықтауыш болады: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Заттанған сын есім атау септігіне тұрып, бастауыш болады: Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар.
Сын есім етістіктің алдынан келіп, іс - әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады: Ол әнді жақсы айтады.

САН ЕСІМ

Сан есім заттың санын, ретін білдіреді. Неше? Қанша? Нешінші? Нешеу?
деген сұрактарға жауап береді.
Кұрамына қарай сан есім 2 топқа бөлінеді: дара сан есім - бір ғана
түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады (бес, жүз, мыңыншы, ондаған),
күрделі - кемінде екі сөзден түрады (он бес, жүз екі, мың тоғыз тоқсан бесінші).

Мағынасына қарай сан есім 6 түрге бөлінеді.
1. Есептік сан есім - заттың нақты санын білдіреді.
Сұрақтары: қанша? неше? Жасалу жолдары: Түбір сан есімнің өзінен болады (бес, он үш, екі мың жеті).
2. Реттік сан есім - заттың реттік қатарын білдіреді.
Сұрағы: нешінші? Сан есімдерге – ыншы, - інші, - ншы, - нші жұрнағы жалғану арқылы жасалады (бірінші, тоғызыншы, жүз бірінші).
3. Жинақтык сан есім - заттың жинақталған санын білдіреді. Сұрағы: нешеу? Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге - ау, - еу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады (біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу).
4. Болжалдық сан есім - заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжамдап көрсетеді. Сұрақтары: қанша? неше? қай шамалы? Жасалу жолдары:
1) - даған, - деген, - таған, - теген, - дай, - дей, - тай, - тей жұрнақтары арқылы (ондаған, жүздеген, елудей, алпыстай);
2) көптік жалғау + септік жалғаулары арқылы (отыздарда, елулерде);
3) сан есім және шамалы, шақты, жуык тіркесуі арқылы (он шақты, жүзге жуық);
4) екі басқа сандардың косарлануы арқылы жасалады (екі - үш, 20 - 30).
5) Топтау сан есім - заттың санын топтап көрсетеді. Сұрағы: нешеден? Шығыс септігі жалғауы арқылы жасалады (үштен, екеуден, он - оннан).
6) Бөлшектік сан есім - заттың бөлшектік санын білдіреді. Сұрақтары: қанша? неше? Мысалы, 2, 5 – екі жарым, 1/2 - екіден бір.
Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
Сан есім сөйлемдерде негізінен анықтауыш болады: Қазаңстанда он төрт облыс бар.
Сөйлем соңында жіктеліп немесе заттанып келіп, баяндауыш болады:
Әжемнің жасы да - сексенде.
Заттанып келіп, толықтауыш болады: Асқар мен Дана екеуіне жетті.
Заттанған сан есім атау септігінде тұрып, бастауыш болады: Жеті - қастерлі ұғым.
Сан есім етістіктің алдынан келіп, іс - әрекеттің мөлшерін білдіріп, пысықтауыш болады: Жаңа фильмді бірінші боп көрдік.

ЕСІМДІК

Есімдік - зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы.
Есімдіктің мағыналық түрлері:
Жіктеу - белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі (мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар).
Сілтеу - меңзеу, нұсқау және көрсету мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі (сол, мынау, анау, бұл).
Сұрау - жауап алу мақсаты мен сұрау мағынасында қойылған сұрактар (кім, не, неше, қайда, қайдан).
Өздік - өздік есімдігіне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады (өз, өзім, өзің, өзіне, өзіміз).
Жалпылау - жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі (барлық, бәрі, күллі, барша).
Белгісіздік - затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін есімдіктің түрі (кейбіреу, қайсыбір, әлденеше, әлдеқайда).
Болымсыздық - болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі (ешбір, ешкім, ешқайда).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 288
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Түбір сөз және туынды сөз
Түбір сөз және туынды сөз
бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіру.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы түсінік бере отыра, біріккен сөздер туралы анықтаманы өздері шығарып алуына жағдай туғызу. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын көрсету, түрлерін ажыратуға машықтау, біріккен сөздерді практикада дұрыс жазуға дағдыландыру.
Дара сөздер мен күрделі сөздер.
Дара сөздер мен күрделі сөздер.
оқушыларға сөз түлғасы және дара сөздер мен күрделі сөздер жайлы толық түрде мәлімет беру. ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту.
Сөз таптарын қайталау
Сөз таптарын қайталау
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар станциясы, Анар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хабас Алтынгүл
Дара сөздер мен күрделі сөздер
Дара сөздер мен күрделі сөздер
Базарова Ақкенже Мырзақызы Астана қаласы, №53 мектеп - лицей қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×